Мусыхаф, бет 202
-
يَعْتَذِرُونَ إِلَيْكُمْ إِذَا رَجَعْتُمْ إِلَيْهِمْ ۚ قُلْ لَا تَعْتَذِرُوا لَنْ نُؤْمِنَ لَكُمْ قَدْ نَبَّأَنَا اللَّهُ مِنْ أَخْبَارِكُمْ ۚ وَسَيَرَى اللَّهُ عَمَلَكُمْ وَرَسُولُهُ ثُمَّ تُرَدُّونَ إِلَىٰ عَالِمِ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ فَيُنَبِّئُكُمْ بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
(Соғыстан) қайтып оларға барсаңдар, сендерге сылтауратады. (Мұхаммед Ғ.С.): «Сылтауратпаңдар, сендерге әсте сенбейміз! Расында Алла бізге хабарларыңды білдірді. Алла да Елшісі де істеріңді көреді. Сонан кейін көместі, көрнеуді білуші Аллаға қайтарыласыңдар. Сонда сендерге не істегендерің білдіріледі » де.
9:94 -
سَيَحْلِفُونَ بِاللَّهِ لَكُمْ إِذَا انْقَلَبْتُمْ إِلَيْهِمْ لِتُعْرِضُوا عَنْهُمْ ۖ فَأَعْرِضُوا عَنْهُمْ ۖ إِنَّهُمْ رِجْسٌ ۖ وَمَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَكْسِبُونَ
Қашан олардың жанына қайта оралсаңдар, олар (ды айыптау) дан бет бұруларың үшін алланың атымен ант ішеді. Онда олардан бой тартыңдар. Өйткені, олар арам істегендерінің жазасы түрінде олардың орны тозақ.
9:95 -
يَحْلِفُونَ لَكُمْ لِتَرْضَوْا عَنْهُمْ ۖ فَإِنْ تَرْضَوْا عَنْهُمْ فَإِنَّ اللَّهَ لَا يَرْضَىٰ عَنِ الْقَوْمِ الْفَاسِقِينَ
Олар сендердің өздерінен қош болуларың үшін ант-су ішеді. Егер сндер олардан қош бослаңдар да, расында Алла бұзық елден разы болмайды.
9:96 -
الْأَعْرَابُ أَشَدُّ كُفْرًا وَنِفَاقًا وَأَجْدَرُ أَلَّا يَعْلَمُوا حُدُودَ مَا أَنْزَلَ اللَّهُ عَلَىٰ رَسُولِهِ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Бәдеуилер, қарсылық және екі жүзділік тұрғысынан қаттырақ. Сондай-ақ олар Алланың Елшісіне түсіргендерінің шегін білмеулеріне аса бейім. Алла толық білуші, аса дана.
9:97 -
وَمِنَ الْأَعْرَابِ مَنْ يَتَّخِذُ مَا يُنْفِقُ مَغْرَمًا وَيَتَرَبَّصُ بِكُمُ الدَّوَائِرَ ۚ عَلَيْهِمْ دَائِرَةُ السَّوْءِ ۗ وَاللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Бәдеуилерден, Алла жолында бергенін зиян есебіне алатын кісілер бар. Сендерге жаман дәуірлер күтеді. Дәуірлердің жаманы өздеріне болсын. Алла толық естуші, анық білуші.
9:98 -
وَمِنَ الْأَعْرَابِ مَنْ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ وَيَتَّخِذُ مَا يُنْفِقُ قُرُبَاتٍ عِنْدَ اللَّهِ وَصَلَوَاتِ الرَّسُولِ ۚ أَلَا إِنَّهَا قُرْبَةٌ لَهُمْ ۚ سَيُدْخِلُهُمُ اللَّهُ فِي رَحْمَتِهِ ۗ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Және бәдеуилерден Аллаға, ақирет күніне сенетін, қаражат қылғандарын Алла қасында жақындық сондай-ақ Пайғамбардың ізгі тілектеріне сай деп есептейтін кісі де бар. Сақ болыңдар! Бұл шынайы бір жақындық. Алла оларды мәрхаметіне бөлейді. Расында Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
9:99
Аударма: Халифа Алтай