Мусыхаф, бет 201
-
رَضُوا بِأَنْ يَكُونُوا مَعَ الْخَوَالِفِ وَطُبِعَ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ فَهُمْ لَا يَفْقَهُونَ
Олар артта қалушылармен бірге болуды қоштады. Олардың жүректері бітелген. Сондықтан түсінбейді.
9:87 -
لَٰكِنِ الرَّسُولُ وَالَّذِينَ آمَنُوا مَعَهُ جَاهَدُوا بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنْفُسِهِمْ ۚ وَأُولَٰئِكَ لَهُمُ الْخَيْرَاتُ ۖ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ
Бірақ Пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер, малдарымен, жандарымен соғысты. Жақсылықтар солардікі. Міне солар құтылушылар.
9:88 -
أَعَدَّ اللَّهُ لَهُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا ۚ ذَٰلِكَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ
Алла (Т.) оларға астарынан өзендер ағатын, олар ішінде мәңгі қалатын бақшалар әзірледі. Осы зор қол жеткендік.
9:89 -
وَجَاءَ الْمُعَذِّرُونَ مِنَ الْأَعْرَابِ لِيُؤْذَنَ لَهُمْ وَقَعَدَ الَّذِينَ كَذَبُوا اللَّهَ وَرَسُولَهُ ۚ سَيُصِيبُ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Бәдеуилерден желеушілер, өздеріне рұқсат берілсін деп келді. Сондай-ақ Аллаға, Пайғамбарға өтірік айтқандар да отырып қала берді. Олардан кәпір болғандарына күйзелтуші азап ұшырайды.
9:90 -
لَيْسَ عَلَى الضُّعَفَاءِ وَلَا عَلَى الْمَرْضَىٰ وَلَا عَلَى الَّذِينَ لَا يَجِدُونَ مَا يُنْفِقُونَ حَرَجٌ إِذَا نَصَحُوا لِلَّهِ وَرَسُولِهِ ۚ مَا عَلَى الْمُحْسِنِينَ مِنْ سَبِيلٍ ۚ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Қашанда Аллаға, Елшісіне ықыласты болған нашарларға, ауруларға және қаражат таба алмағандарға кінә жоқ. Негізінен жақсылық істеушілерге жауапкершілік жоқ. Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.
9:91 -
وَلَا عَلَى الَّذِينَ إِذَا مَا أَتَوْكَ لِتَحْمِلَهُمْ قُلْتَ لَا أَجِدُ مَا أَحْمِلُكُمْ عَلَيْهِ تَوَلَّوْا وَأَعْيُنُهُمْ تَفِيضُ مِنَ الدَّمْعِ حَزَنًا أَلَّا يَجِدُوا مَا يُنْفِقُونَ
Сондай көлектендіріп жіберуің үшін саған келгенде : «Сендерді аттандыратын көлік таба алмадым» дегеніңде, өздері де сарып қыларлық нәрсе таба алмай көз жастарын күйінген түрде төгіп қайтқандарға да кінә жоқ.
9:92 -
إِنَّمَا السَّبِيلُ عَلَى الَّذِينَ يَسْتَأْذِنُونَكَ وَهُمْ أَغْنِيَاءُ ۚ رَضُوا بِأَنْ يَكُونُوا مَعَ الْخَوَالِفِ وَطَبَعَ اللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ فَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Ал сөгіс беру; өздері бай бола тұра сенен рұхсат сұрап, кейін қалушылармен бірге болуды қоштағандарға тиісті. Алла олардың жүректерін бітеген. Сондықтан олар білмейді.
9:93
Аударма: Халифа Алтай