Мусыхаф, бет 23
-
الَّذِينَ آتَيْنَاهُمُ الْكِتَابَ يَعْرِفُونَهُ كَمَا يَعْرِفُونَ أَبْنَاءَهُمْ ۖ وَإِنَّ فَرِيقًا مِنْهُمْ لَيَكْتُمُونَ الْحَقَّ وَهُمْ يَعْلَمُونَ
Өздеріне кітап бергендеріміз (Мұхаммед F.C. ды) ұлдарын танығандай таниды. Негізінен олардан бip тобы (ғалымдары) шындықты біле тұра жасырады.
2:146 -
الْحَقُّ مِنْ رَبِّكَ ۖ فَلَا تَكُونَنَّ مِنَ الْمُمْتَرِينَ
(Мұхаммед F.C.) хақиқат Раббыңнан келген. Сондықтан сірә күдіктенуші бола көрме.
2:147 -
وَلِكُلٍّ وِجْهَةٌ هُوَ مُوَلِّيهَا ۖ فَاسْتَبِقُوا الْخَيْرَاتِ ۚ أَيْنَ مَا تَكُونُوا يَأْتِ بِكُمُ اللَّهُ جَمِيعًا ۚ إِنَّ اللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Әркімнің бip бет алатын қыбласы бар. Сонда жақсылыққа жарысыңдар. Қайда болсаңдар да Алла барлығыңды бір араға жинайды. Күдіксіз Алла (Т.) ның әр нәрсеге күші жетеді.
2:148 -
وَمِنْ حَيْثُ خَرَجْتَ فَوَلِّ وَجْهَكَ شَطْرَ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ ۖ وَإِنَّهُ لَلْحَقُّ مِنْ رَبِّكَ ۗ وَمَا اللَّهُ بِغَافِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ
Қайдан (жолға) шықсаң да жүзіңді Месжід Харам жаққа қарат. Өйткені ол, Раббыңнан 6ip хақиқат. Алла (Т.) не істегендеріңнен ғапыл емес.
2:149 -
وَمِنْ حَيْثُ خَرَجْتَ فَوَلِّ وَجْهَكَ شَطْرَ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ ۚ وَحَيْثُ مَا كُنْتُمْ فَوَلُّوا وُجُوهَكُمْ شَطْرَهُ لِئَلَّا يَكُونَ لِلنَّاسِ عَلَيْكُمْ حُجَّةٌ إِلَّا الَّذِينَ ظَلَمُوا مِنْهُمْ فَلَا تَخْشَوْهُمْ وَاخْشَوْنِي وَلِأُتِمَّ نِعْمَتِي عَلَيْكُمْ وَلَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ
Және қайдан (жолға) шықсаң да жүзіңді Месжід Харам жаққа қарат. (Әй мүміндер!) Қайда болсаңдар да (намазда) жүздеріңді солай қаратыңдар. Адамдар үшін сендерге қарсы бip дәлел болмасын. (Яһудилер: “Бұлар Ыбырайым F.C. ның дінінде болса, неге Кағба жаққа қарамады?” демесін.) Бipaқ олардың залымдары айта бepeдi. Олардан қорықпаңдар. Сендерге нығметтерімді толықтауым және тура жолда болуларың үшін Менен қорқыңдар.
2:150 -
كَمَا أَرْسَلْنَا فِيكُمْ رَسُولًا مِنْكُمْ يَتْلُو عَلَيْكُمْ آيَاتِنَا وَيُزَكِّيكُمْ وَيُعَلِّمُكُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَيُعَلِّمُكُمْ مَا لَمْ تَكُونُوا تَعْلَمُونَ
Іштеріңе, өздеріңнен аяттарымды оқитын, сендерді тазартатын және сендерге Құранды әpi үкімдерін үйрететін сондай-ақ білмегендеріңді үйрететін Елші жібергеніміз сияқты…
2:151 -
فَاذْكُرُونِي أَذْكُرْكُمْ وَاشْكُرُوا لِي وَلَا تَكْفُرُونِ
Енді, Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкіршілік қылыңдар да қарсы болмаңдар.
2:152 -
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اسْتَعِينُوا بِالصَّبْرِ وَالصَّلَاةِ ۚ إِنَّ اللَّهَ مَعَ الصَّابِرِينَ
Әй мүміндер! Сабыр және намазбенен (Алладан) жәрдем тілеңдер, күдіксіз Алла (Т.) сабыр етушілермен бipгe.
2:153
Аударма: Халифа Алтай