Мусыхаф, бет 24

  1. وَلَا تَقُولُوا لِمَنْ يُقْتَلُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَمْوَاتٌ ۚ بَلْ أَحْيَاءٌ وَلَٰكِنْ لَا تَشْعُرُونَ

    Алла жолында өлтірілгендерді (шәһиттерді) олар өлі демеңдер, олар тipi, бірақ сендер сезіп біле алмайсыңдар.

    2:154
  2. وَلَنَبْلُوَنَّكُمْ بِشَيْءٍ مِنَ الْخَوْفِ وَالْجُوعِ وَنَقْصٍ مِنَ الْأَمْوَالِ وَالْأَنْفُسِ وَالثَّمَرَاتِ ۗ وَبَشِّرِ الصَّابِرِينَ

    Әрине сендерді қayiп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммед F.C сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр!

    2:155
  3. الَّذِينَ إِذَا أَصَابَتْهُمْ مُصِيبَةٌ قَالُوا إِنَّا لِلَّهِ وَإِنَّا إِلَيْهِ رَاجِعُونَ

    Қашан оларға бip қайғы жетсе: “Олар шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз әpi Оған қайтушымыз” деді.

    2:156
  4. أُولَٰئِكَ عَلَيْهِمْ صَلَوَاتٌ مِنْ رَبِّهِمْ وَرَحْمَةٌ ۖ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُهْتَدُونَ

    Miнe соларға, Раббылары жақтан жарылқау және мәрқамет бар. Әpi олар тура жолдағылар.

    2:157
  5. إِنَّ الصَّفَا وَالْمَرْوَةَ مِنْ شَعَائِرِ اللَّهِ ۖ فَمَنْ حَجَّ الْبَيْتَ أَوِ اعْتَمَرَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْهِ أَنْ يَطَّوَّفَ بِهِمَا ۚ وَمَنْ تَطَوَّعَ خَيْرًا فَإِنَّ اللَّهَ شَاكِرٌ عَلِيمٌ

    Негізінде “Сафа, Мәруе” Алланың белгілерінен. Сонда кім хаж немесе умра орындаса, ол екеуін де тауап етудің оқасы жоқ. Кімде-кiм артықша бip қайыр icтece, Алла шүкіршілікті қадырлаушы, толық білуші.

    2:158
  6. إِنَّ الَّذِينَ يَكْتُمُونَ مَا أَنْزَلْنَا مِنَ الْبَيِّنَاتِ وَالْهُدَىٰ مِنْ بَعْدِ مَا بَيَّنَّاهُ لِلنَّاسِ فِي الْكِتَابِ ۙ أُولَٰئِكَ يَلْعَنُهُمُ اللَّهُ وَيَلْعَنُهُمُ اللَّاعِنُونَ

    Негізінен бiз ап-ашық үкімдерді әpi тура жолды Кітапта адамдарға баян еткеннен кейін жасырғандар, соларға Алла лағынет етеді әpi барлық лағынет етушілер лағынет етеді.

    2:159
  7. إِلَّا الَّذِينَ تَابُوا وَأَصْلَحُوا وَبَيَّنُوا فَأُولَٰئِكَ أَتُوبُ عَلَيْهِمْ ۚ وَأَنَا التَّوَّابُ الرَّحِيمُ

    Бірақ тәубе еткендер, жағдайларын түзелткендер және шындықты баян еткендер басқа. Міне солардың тәубесін қабыл етуші, ерекше мейірімдімін.

    2:160
  8. إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا وَمَاتُوا وَهُمْ كُفَّارٌ أُولَٰئِكَ عَلَيْهِمْ لَعْنَةُ اللَّهِ وَالْمَلَائِكَةِ وَالنَّاسِ أَجْمَعِينَ

    Расында сондай қарсы келгендер және қарсы болған күйде өлгендер, міне соларға Алланың лағынеті әpi періштелердің және біртұтас адамдардың лағынеті болады.

    2:161
  9. خَالِدِينَ فِيهَا ۖ لَا يُخَفَّفُ عَنْهُمُ الْعَذَابُ وَلَا هُمْ يُنْظَرُونَ

    Олар лағынетте мәңгі қалады, олардан азап жеңілтілмейді де оларға мұрса берілмейді.

    2:162
  10. وَإِلَٰهُكُمْ إِلَٰهٌ وَاحِدٌ ۖ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ الرَّحْمَٰنُ الرَّحِيمُ

    Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Одан басқа eшбip Тәңip жоқ. Ол, аса қамқор, ерекше мейірімді.

    2:163

Аударма: Халифа Алтай