Мусыхаф, бет 262

  1. الر ۚ تِلْكَ آيَاتُ الْكِتَابِ وَقُرْآنٍ مُبِينٍ

    Ұғымын Алла біледі. Бұлар Кітаптың; ап-ашық Құранның аяттары.

    15:1
  2. رُبَمَا يَوَدُّ الَّذِينَ كَفَرُوا لَوْ كَانُوا مُسْلِمِينَ

    кейде сондай қарсы болғандар да: “Әттең! Мұсылман болсақ еді” деп арман қылады. (6-С.27-А.)

    15:2
  3. ذَرْهُمْ يَأْكُلُوا وَيَتَمَتَّعُوا وَيُلْهِهِمُ الْأَمَلُ ۖ فَسَوْفَ يَعْلَمُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) оларды қойып қой. Жесін, пайдалансын; дәмелері айналдырсын. Оолар жуықта түсінеді.

    15:3
  4. وَمَا أَهْلَكْنَا مِنْ قَرْيَةٍ إِلَّا وَلَهَا كِتَابٌ مَعْلُومٌ

    Ешбір жұртты, белгілі бір ерзімсіз әсте жоқ етпедік.

    15:4
  5. مَا تَسْبِقُ مِنْ أُمَّةٍ أَجَلَهَا وَمَا يَسْتَأْخِرُونَ

    Ешбір үммет ажалын ілгердете алмайды да кейіндете алмайды.

    15:5
  6. وَقَالُوا يَا أَيُّهَا الَّذِي نُزِّلَ عَلَيْهِ الذِّكْرُ إِنَّكَ لَمَجْنُونٌ

    (Кәпірлер, Пайғамбарға): “Әй өзіне үгіт (Құран) түсірілген! Сен анық жындысың” деді.

    15:6
  7. لَوْ مَا تَأْتِينَا بِالْمَلَائِكَةِ إِنْ كُنْتَ مِنَ الصَّادِقِينَ

    “Егер сен шыншылдардан болсаң періштелерді неге әкелмейсің?”

    15:7
  8. مَا نُنَزِّلُ الْمَلَائِكَةَ إِلَّا بِالْحَقِّ وَمَا كَانُوا إِذًا مُنْظَرِينَ

    Періштелерді бір шындық түрінде ғана түсіреміз де сол уақытта оларға мұрса берілмейді.

    15:8
  9. إِنَّا نَحْنُ نَزَّلْنَا الذِّكْرَ وَإِنَّا لَهُ لَحَافِظُونَ

    Расында Құранды Біз қорғаушымыз.

    15:9
  10. وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا مِنْ قَبْلِكَ فِي شِيَعِ الْأَوَّلِينَ

    Расында (Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын алғашқы топтарға да елші жібердік.

    15:10
  11. وَمَا يَأْتِيهِمْ مِنْ رَسُولٍ إِلَّا كَانُوا بِهِ يَسْتَهْزِئُونَ

    Оларға келген пайғамбарды, олар, мүлде тәлкеек қылар еді.

    15:11
  12. كَذَٰلِكَ نَسْلُكُهُ فِي قُلُوبِ الْمُجْرِمِينَ

    Осылайша (мазақтаған нәрсесін) күнәкарлардың жүректеріне кіргіземіз.

    15:12
  13. لَا يُؤْمِنُونَ بِهِ ۖ وَقَدْ خَلَتْ سُنَّةُ الْأَوَّلِينَ

    Сонда да олар оған сенбейді. Расында бұрыңғылар да сөйтіп өткен болатын.

    15:13
  14. وَلَوْ فَتَحْنَا عَلَيْهِمْ بَابًا مِنَ السَّمَاءِ فَظَلُّوا فِيهِ يَعْرُجُونَ

    Егер оларға көктен бір есік ашсақ, дереу жоғары шығып бара жатса:

    15:14
  15. لَقَالُوا إِنَّمَا سُكِّرَتْ أَبْصَارُنَا بَلْ نَحْنُ قَوْمٌ مَسْحُورُونَ

    “Расында көздеріміз байланды. Бәлкім біздер жадыланған елміз” деседі.

    15:15

Аударма: Халифа Алтай