Мусыхаф, бет 263
-
وَلَقَدْ جَعَلْنَا فِي السَّمَاءِ بُرُوجًا وَزَيَّنَّاهَا لِلنَّاظِرِينَ
Расында біз көкте жұлдыздар жаратып, қараушылар үшін аспанды безедік.
15:16 -
وَحَفِظْنَاهَا مِنْ كُلِّ شَيْطَانٍ رَجِيمٍ
Сондай-ақ ол көкті, бүкіл қарғыс тиген шайтана қорғадық.
15:17 -
إِلَّا مَنِ اسْتَرَقَ السَّمْعَ فَأَتْبَعَهُ شِهَابٌ مُبِينٌ
Дегенмен кім ұрлықшылап тыңдаса, оны жарық ұшқын қуады.
15:18 -
وَالْأَرْضَ مَدَدْنَاهَا وَأَلْقَيْنَا فِيهَا رَوَاسِيَ وَأَنْبَتْنَا فِيهَا مِنْ كُلِّ شَيْءٍ مَوْزُونٍ
Тағы жерді жайдық та оған асқар таулар орналастырдық. Сондай-ақ ол жердегі әр нәрсені мәлім мөлшерде өсірдік.
15:19 -
وَجَعَلْنَا لَكُمْ فِيهَا مَعَايِشَ وَمَنْ لَسْتُمْ لَهُ بِرَازِقِينَ
Және жере сендер үшін де, сендер ризық бере алмайтындар үшін де күн көріс жасадық.
15:20 -
وَإِنْ مِنْ شَيْءٍ إِلَّا عِنْدَنَا خَزَائِنُهُ وَمَا نُنَزِّلُهُ إِلَّا بِقَدَرٍ مَعْلُومٍ
Өйткені, біздіің қасымызда әр нәрсенің қорлары бар. Бірақ белгілі мөлшерде ғана түсіреміз.
15:21 -
وَأَرْسَلْنَا الرِّيَاحَ لَوَاقِحَ فَأَنْزَلْنَا مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَسْقَيْنَاكُمُوهُ وَمَا أَنْتُمْ لَهُ بِخَازِنِينَ
Пайдаы желдерді жібердік те аспаннан жаңбыр жаудырып, сендерді сонымен сусындаттық. Әйтпесе, сендер оны жинап ала алмайсыңдар.
15:22 -
وَإِنَّا لَنَحْنُ نُحْيِي وَنُمِيتُ وَنَحْنُ الْوَارِثُونَ
Күдіксіз біз тірілтеміз де өлтіреміз. Сондай-ақ барлығының мұрагері бізбіз. (28-С. 88-А.)
15:23 -
وَلَقَدْ عَلِمْنَا الْمُسْتَقْدِمِينَ مِنْكُمْ وَلَقَدْ عَلِمْنَا الْمُسْتَأْخِرِينَ
Расында сендерден бұрын келгендерді де білеміз. Сондай-ақ кейінгі келетіндер де бізге мәлім.
15:24 -
وَإِنَّ رَبَّكَ هُوَ يَحْشُرُهُمْ ۚ إِنَّهُ حَكِيمٌ عَلِيمٌ
(Мұхаммед Ғ.С.) сөз жоқ, Раббың, оларды (қияметте) жинайды. Өйткені, Ол, хикмет иесі, толық білуші.
15:25 -
وَلَقَدْ خَلَقْنَا الْإِنْسَانَ مِنْ صَلْصَالٍ مِنْ حَمَإٍ مَسْنُونٍ
Расында адамды бейнеленген қара балшықтың сыңғырлап құрғағанынан жараттық.
15:26 -
وَالْجَانَّ خَلَقْنَاهُ مِنْ قَبْلُ مِنْ نَارِ السَّمُومِ
Жындарды да (адамнан бұрын) түтінсіз отттан жаратқан едік.
15:27 -
وَإِذْ قَالَ رَبُّكَ لِلْمَلَائِكَةِ إِنِّي خَالِقٌ بَشَرًا مِنْ صَلْصَالٍ مِنْ حَمَإٍ مَسْنُونٍ
(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта Раббың періштелерге: “Бейнеленген қара балшықтың кеуіп, сыңғырлағанынан Адам жаратамын” деді.
15:28 -
فَإِذَا سَوَّيْتُهُ وَنَفَخْتُ فِيهِ مِنْ رُوحِي فَقَعُوا لَهُ سَاجِدِينَ
Оның жаратылысын тамамдап, оған рұхымнан үрлеген (жан салған) сәтте, оған сәжде қылыңдар! (Бас иіңдер!)
15:29 -
فَسَجَدَ الْمَلَائِكَةُ كُلُّهُمْ أَجْمَعُونَ
Сонда періштелер тұтас сәжде қылды.
15:30 -
إِلَّا إِبْلِيسَ أَبَىٰ أَنْ يَكُونَ مَعَ السَّاجِدِينَ
Бірақ, Ібіліс сәжде қылушылармен бірге болудан бас тартты.
15:31
Аударма: Халифа Алтай