Мусыхаф, бет 291

  1. إِلَّا رَحْمَةً مِنْ رَبِّكَ ۚ إِنَّ فَضْلَهُ كَانَ عَلَيْكَ كَبِيرًا

    Бірақ Раббыңның мәрхаметі бойынша қалдырдық. Өйткені, саған, Раббыңның кеңшілігі тым зор.

    17:87
  2. قُلْ لَئِنِ اجْتَمَعَتِ الْإِنْسُ وَالْجِنُّ عَلَىٰ أَنْ يَأْتُوا بِمِثْلِ هَٰذَا الْقُرْآنِ لَا يَأْتُونَ بِمِثْلِهِ وَلَوْ كَانَ بَعْضُهُمْ لِبَعْضٍ ظَهِيرًا

    (Мұхаммед Ғ.С.): “Егер адамдар, жындар осы Құранның ұқсасын келтіруге жиналса, тіпті олар, бір-біріне көмекші болса да келтіре алмайды” де.

    17:88
  3. وَلَقَدْ صَرَّفْنَا لِلنَّاسِ فِي هَٰذَا الْقُرْآنِ مِنْ كُلِّ مَثَلٍ فَأَبَىٰ أَكْثَرُ النَّاسِ إِلَّا كُفُورًا

    Расында Біз бұл Құранда адам баласы үшін әр нәрсенің мысалын ашалап, баян еттік. Сонда да адамдардың көбі, бас тартып, мүлде қарсы келді.

    17:89
  4. وَقَالُوا لَنْ نُؤْمِنَ لَكَ حَتَّىٰ تَفْجُرَ لَنَا مِنَ الْأَرْضِ يَنْبُوعًا

    Олар: “Бұл жерден сен бізге, бастау ағызғанға дейін саған әсте сенбейміз” деді.

    17:90
  5. أَوْ تَكُونَ لَكَ جَنَّةٌ مِنْ نَخِيلٍ وَعِنَبٍ فَتُفَجِّرَ الْأَنْهَارَ خِلَالَهَا تَفْجِيرًا

    “Немесе сенің құрмадан, жүзімнен бір бақшаң болсын. Сонда оның араларынан өзендер ағызып қоярсың”

    17:91
  6. أَوْ تُسْقِطَ السَّمَاءَ كَمَا زَعَمْتَ عَلَيْنَا كِسَفًا أَوْ تَأْتِيَ بِاللَّهِ وَالْمَلَائِكَةِ قَبِيلًا

    “Не ойлағаныңдай аспанды үстімізге кесек түрінде түсірерсің. Яки Алланы, періштелерді бетпе-бет келтірерсі.”

    17:92
  7. أَوْ يَكُونَ لَكَ بَيْتٌ مِنْ زُخْرُفٍ أَوْ تَرْقَىٰ فِي السَّمَاءِ وَلَنْ نُؤْمِنَ لِرُقِيِّكَ حَتَّىٰ تُنَزِّلَ عَلَيْنَا كِتَابًا نَقْرَؤُهُ ۗ قُلْ سُبْحَانَ رَبِّي هَلْ كُنْتُ إِلَّا بَشَرًا رَسُولًا

    “Не болмаса, алтыннан бір үйің болсын. Яки аспанға шығарсың. Сонда да бізге оқитын бір Кітап түсірмейінше, көкке шыққандығыңа әсте сенбейміз” деді. (Мұхаммед Ғ.С.): “Раббымды пәктеймін! Мен бір адам баласы Пайғамбар ғанамын.” де.

    17:93
  8. وَمَا مَنَعَ النَّاسَ أَنْ يُؤْمِنُوا إِذْ جَاءَهُمُ الْهُدَىٰ إِلَّا أَنْ قَالُوا أَبَعَثَ اللَّهُ بَشَرًا رَسُولًا

    Адам баласына; Пайғамбар, тура жол (Құран) келтірген кезде, олардың: “Алла; адамды, пайғамбар қылып, жіберді ме?”, - деген сөздері ғана иман келтірулеріне бөгент болды.

    17:94
  9. قُلْ لَوْ كَانَ فِي الْأَرْضِ مَلَائِكَةٌ يَمْشُونَ مُطْمَئِنِّينَ لَنَزَّلْنَا عَلَيْهِمْ مِنَ السَّمَاءِ مَلَكًا رَسُولًا

    (Мұхаммед Ғ.С.): “Егер жер жүзінде бейбіт жүргендер, періштелер болса еді, әрине оларға көктен періште елші жіберер едік” дегенді, айт.

    17:95
  10. قُلْ كَفَىٰ بِاللَّهِ شَهِيدًا بَيْنِي وَبَيْنَكُمْ ۚ إِنَّهُ كَانَ بِعِبَادِهِ خَبِيرًا بَصِيرًا

    Оларға: “Алла сендер мен менің арамда куәлік тұрғысынан жетіп асады. Шын мәнінде Ол, құлдарынан толық хабар алушы, аса қырағы” де.

    17:96

Аударма: Халифа Алтай