Мусыхаф, бет 298

  1. وَدَخَلَ جَنَّتَهُ وَهُوَ ظَالِمٌ لِنَفْسِهِ قَالَ مَا أَظُنُّ أَنْ تَبِيدَ هَٰذِهِ أَبَدًا

    Ол өзіне зұлымдық еткен түрде бақшасына кірді де: “ Тіпті бұны жоқ болады деп ойламаймын” деді.

    18:35
  2. وَمَا أَظُنُّ السَّاعَةَ قَائِمَةً وَلَئِنْ رُدِدْتُ إِلَىٰ رَبِّي لَأَجِدَنَّ خَيْرًا مِنْهَا مُنْقَلَبًا

    “Әрі қияметтің болатындығын да ойламаймын деді. Мүбада Раббыма қайтарылсым, әрине бұдан да орын табамын” (деді.)

    18:36
  3. قَالَ لَهُ صَاحِبُهُ وَهُوَ يُحَاوِرُهُ أَكَفَرْتَ بِالَّذِي خَلَقَكَ مِنْ تُرَابٍ ثُمَّ مِنْ نُطْفَةٍ ثُمَّ سَوَّاكَ رَجُلًا

    Жолдасы оған сөйлесіп тұрып: “Сені топырақтан, сонан кеін бір тамшы Судан жаратып, сонан соң Адам еткен Аллаға қарсы келесің бе?”,- (деді)

    18:37
  4. لَٰكِنَّا هُوَ اللَّهُ رَبِّي وَلَا أُشْرِكُ بِرَبِّي أَحَدًا

    “Бірақ, менің Раббым, Ол Алла; Раббыма ешбіреуді шерік қоспаймын”

    18:38
  5. وَلَوْلَا إِذْ دَخَلْتَ جَنَّتَكَ قُلْتَ مَا شَاءَ اللَّهُ لَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ ۚ إِنْ تَرَنِ أَنَا أَقَلَّ مِنْكَ مَالًا وَوَلَدًا

    “Өз бақшаңа кірген сәтте; Бұл Алланың қалауы, Алладан басқа ешбір қуат жоқ неге демедің? Тіпті мені мал және бала жағынан өзіңнен кем көрсең де”

    18:39
  6. فَعَسَىٰ رَبِّي أَنْ يُؤْتِيَنِ خَيْرًا مِنْ جَنَّتِكَ وَيُرْسِلَ عَلَيْهَا حُسْبَانًا مِنَ السَّمَاءِ فَتُصْبِحَ صَعِيدًا زَلَقًا

    “Раббымның: Маған сенің бақшаңнан жақсырағын беруі, сенікінің үстіне көктен апат жіберіліп, мүлде қақ топыраққа айналуы мүұмкін”

    18:40
  7. أَوْ يُصْبِحَ مَاؤُهَا غَوْرًا فَلَنْ تَسْتَطِيعَ لَهُ طَلَبًا

    “Немесе бақшаңның суы тартылып, оны әсте іздеп таба алмассың”

    18:41
  8. وَأُحِيطَ بِثَمَرِهِ فَأَصْبَحَ يُقَلِّبُ كَفَّيْهِ عَلَىٰ مَا أَنْفَقَ فِيهَا وَهِيَ خَاوِيَةٌ عَلَىٰ عُرُوشِهَا وَيَقُولُ يَا لَيْتَنِي لَمْ أُشْرِكْ بِرَبِّي أَحَدًا

    Оның еңбектері еш болып, бақшасына өкініп, екі алақанын ұйқалауға айналды да: “Әттеген-ай! Раббыма ешкімді серік қоспасам еді ” деді.

    18:42
  9. وَلَمْ تَكُنْ لَهُ فِئَةٌ يَنْصُرُونَهُ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَمَا كَانَ مُنْتَصِرًا

    Оған Алладан өзге жәрдем етер бір топ жоқ. Сондай-ақ өзін де құтқара алмады.

    18:43
  10. هُنَالِكَ الْوَلَايَةُ لِلَّهِ الْحَقِّ ۚ هُوَ خَيْرٌ ثَوَابًا وَخَيْرٌ عُقْبًا

    Сол жерде иелік шынайы Аллаға тән. Ол, сыйлық беру тұрғысынан жақсы әрі нәтиже жағынан да хайырлы.

    18:44
  11. وَاضْرِبْ لَهُمْ مَثَلَ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا كَمَاءٍ أَنْزَلْنَاهُ مِنَ السَّمَاءِ فَاخْتَلَطَ بِهِ نَبَاتُ الْأَرْضِ فَأَصْبَحَ هَشِيمًا تَذْرُوهُ الرِّيَاحُ ۗ وَكَانَ اللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ مُقْتَدِرًا

    (Мұхаммед Ғ.С.) оларға дүние тірлігінен мысал бер: ( Дүние тірлігі;) көктен біз жаудырған жаңбыр арқылы: Жердің өсімдіктері бір-біріне араласып, құлпырып, одан құрғақ үгіндіге айналып, оны желдер ұшырып кеткен тәрізді. Сондай-ақ Алла, әр нәрседен үстем күш иесі.

    18:45

Аударма: Халифа Алтай