Мусыхаф, бет 299

  1. الْمَالُ وَالْبَنُونَ زِينَةُ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا ۖ وَالْبَاقِيَاتُ الصَّالِحَاتُ خَيْرٌ عِنْدَ رَبِّكَ ثَوَابًا وَخَيْرٌ أَمَلًا

    Мал мен балалар, дүние тіршілігінің сәні. Ал бақи қалатын жақсылықтар болса, Раббыңның қасында; табыс бойынша да жақсы әрі үміт тұрғысынан да жақсы.

    18:46
  2. وَيَوْمَ نُسَيِّرُ الْجِبَالَ وَتَرَى الْأَرْضَ بَارِزَةً وَحَشَرْنَاهُمْ فَلَمْ نُغَادِرْ مِنْهُمْ أَحَدًا

    Қиямет күні, тауларды жүргіземіз де жеді жап-жазық көресің. Және де Адам баласын; олардан ешкімді тастамай жинаймыз.

    18:47
  3. وَعُرِضُوا عَلَىٰ رَبِّكَ صَفًّا لَقَدْ جِئْتُمُونَا كَمَا خَلَقْنَاكُمْ أَوَّلَ مَرَّةٍ ۚ بَلْ زَعَمْتُمْ أَلَّنْ نَجْعَلَ لَكُمْ مَوْعِدًا

    Олар, Раббыңның құзырына қатарланып келтіріледі. Оларға: “Бастапта жаратқанымыз тәрізде келдіңдер, тіпті сендерге бір уәделі мерзім белгілемедік деп, ойладыңдар” (делінеді.)

    18:48
  4. وَوُضِعَ الْكِتَابُ فَتَرَى الْمُجْرِمِينَ مُشْفِقِينَ مِمَّا فِيهِ وَيَقُولُونَ يَا وَيْلَتَنَا مَالِ هَٰذَا الْكِتَابِ لَا يُغَادِرُ صَغِيرَةً وَلَا كَبِيرَةً إِلَّا أَحْصَاهَا ۚ وَوَجَدُوا مَا عَمِلُوا حَاضِرًا ۗ وَلَا يَظْلِمُ رَبُّكَ أَحَدًا

    Ғамал дәптері алдарына қойлады. Сонда күнәкарладың одан қорыққанын көресің. Олар: “Абырым-ай! Бізге нендей өкінім! Мына кітапта кішкенені де үлкенді де тастамай-ақ түгендепті ” дейді. Сондай-ақ олар істегендерін дайын түрде табады. Раббың ешкімге әділетсіздік қылмайды.

    18:49
  5. وَإِذْ قُلْنَا لِلْمَلَائِكَةِ اسْجُدُوا لِآدَمَ فَسَجَدُوا إِلَّا إِبْلِيسَ كَانَ مِنَ الْجِنِّ فَفَسَقَ عَنْ أَمْرِ رَبِّهِ ۗ أَفَتَتَّخِذُونَهُ وَذُرِّيَّتَهُ أَوْلِيَاءَ مِنْ دُونِي وَهُمْ لَكُمْ عَدُوٌّ ۚ بِئْسَ لِلظَّالِمِينَ بَدَلًا

    (Мұхаммед Ғ.С. ) сол уақытта періштелерге: “Адамға сәжде қылыңдар ”деген едік. Ібілістен басқа бүкіл періштелер сәжде қылған еді. Жыннан болған ол, Раббының әмірінен бас тартты. Сонда да Менен оны ұрпақтарын дос етіп, аласыңдар ма“” Олар болса, сендерге дұшпан. (Алла тұрып, шайтанды дос көру.) Залымдар үшін нендей жаман өзгеріс!

    18:50
  6. مَا أَشْهَدْتُهُمْ خَلْقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَلَا خَلْقَ أَنْفُسِهِمْ وَمَا كُنْتُ مُتَّخِذَ الْمُضِلِّينَ عَضُدًا

    Мен жер, көкті жаратқанда және олардың өздерін жаратқанда, оларды керек қылмадым. Сондай-ақ ешқашан аздырушыларды көмекші еткен емеспін.

    18:51
  7. وَيَوْمَ يَقُولُ نَادُوا شُرَكَائِيَ الَّذِينَ زَعَمْتُمْ فَدَعَوْهُمْ فَلَمْ يَسْتَجِيبُوا لَهُمْ وَجَعَلْنَا بَيْنَهُمْ مَوْبِقًا

    Қиямет күні; (Алла, кәпірлерге): “Өздеріңнің, Менің шеріктерім деп ойлағандарыңды шақырыңдар” дейді. Сонда оларды шақырады. Бірақ олар өздеріне жауап бермейді. Сондай-ақ олардың араларына бір кәтерлі орын жасаймыз. (2-С. 166-А.)

    18:52
  8. وَرَأَى الْمُجْرِمُونَ النَّارَ فَظَنُّوا أَنَّهُمْ مُوَاقِعُوهَا وَلَمْ يَجِدُوا عَنْهَا مَصْرِفًا

    Күнәкарлар; тозақ отын көріп, сонда өздерінің оған түсетіндіктерін сезеді. Бірақ, одан бұрылар жер таба алмайды.

    18:53

Аударма: Халифа Алтай