Мусыхаф, бет 31

  1. الْحَجُّ أَشْهُرٌ مَعْلُومَاتٌ ۚ فَمَنْ فَرَضَ فِيهِنَّ الْحَجَّ فَلَا رَفَثَ وَلَا فُسُوقَ وَلَا جِدَالَ فِي الْحَجِّ ۗ وَمَا تَفْعَلُوا مِنْ خَيْرٍ يَعْلَمْهُ اللَّهُ ۗ وَتَزَوَّدُوا فَإِنَّ خَيْرَ الزَّادِ التَّقْوَىٰ ۚ وَاتَّقُونِ يَا أُولِي الْأَلْبَابِ

    Хаж (шәууал, зылқағда және зылхажжаның онына дейінгі) белгілі айлар. Кім ол айларда (ыхрам байланып) міндеттенсе, хаж кезінде әйелге жақындасу, кінә істеу және жанжал жоқ. Әй ақыл иелері! Ненедей хайыр істесеңдер, Алла оны біледі. Және азық алыңдар. Негізінде азықтың жақсысы тақуалық. «Әй ақыл иелері! Менен ғана қорқыңдар.»

    2:197
  2. لَيْسَ عَلَيْكُمْ جُنَاحٌ أَنْ تَبْتَغُوا فَضْلًا مِنْ رَبِّكُمْ ۚ فَإِذَا أَفَضْتُمْ مِنْ عَرَفَاتٍ فَاذْكُرُوا اللَّهَ عِنْدَ الْمَشْعَرِ الْحَرَامِ ۖ وَاذْكُرُوهُ كَمَا هَدَاكُمْ وَإِنْ كُنْتُمْ مِنْ قَبْلِهِ لَمِنَ الضَّالِّينَ

    Сендерге Раббыларыңның кеңшілігін іздеулеріңнің (кәсіп істеулеріңнің) оқасы жоқ. Қашан Ғарафаттан қайтсаңдар, Машғарыл харамның қасында, Алланы еске алыңдар. Сондай-ақ Оны, сендерге нұсқағанындай еске алыңдар. Сендер бұрын азғындардан едіңдер. (Бұрын Құрайыштар дандайсып, Ғарафатқа бармай Мүзделіфеден қайтатын және Минада ата- бабаларын мақтайтын еді).

    2:198
  3. ثُمَّ أَفِيضُوا مِنْ حَيْثُ أَفَاضَ النَّاسُ وَاسْتَغْفِرُوا اللَّهَ ۚ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ

    Соңсоң ел қайтқан жерден қайтыңдар да Алладан жарылқау тілеңдер. Күдіксіз Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.

    2:199
  4. فَإِذَا قَضَيْتُمْ مَنَاسِكَكُمْ فَاذْكُرُوا اللَّهَ كَذِكْرِكُمْ آبَاءَكُمْ أَوْ أَشَدَّ ذِكْرًا ۗ فَمِنَ النَّاسِ مَنْ يَقُولُ رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا وَمَا لَهُ فِي الْآخِرَةِ مِنْ خَلَاقٍ

    Қашан хаж ғамалдарыңды өтесеңдер, (Минада) Алла (Т.) ны ата-бабаларыңды зікір еткендей тіпті одан да артық зікір етіңдер. Сонда адамдардан кім : «Раббымыз! Біз дүниеде ғана жақсылық бер!»,- десе оларға ақиретте несібе жоқ.

    2:200
  5. وَمِنْهُمْ مَنْ يَقُولُ رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِي الْآخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ

    Және олардан кім: «Раббымыз! Бізге дүниеде де жақсылық бер әрі ахиретте де жақсылық бер. Және тозақ отының азабынан сақта!»,- дейді.

    2:201
  6. أُولَٰئِكَ لَهُمْ نَصِيبٌ مِمَّا كَسَبُوا ۚ وَاللَّهُ سَرِيعُ الْحِسَابِ

    Міне олар үшін ғамалдарынан үлес бар. Алла (Т.) ееспті тезінен көруші.

    2:202

Аударма: Халифа Алтай