Мусыхаф, бет 32

  1. وَاذْكُرُوا اللَّهَ فِي أَيَّامٍ مَعْدُودَاتٍ ۚ فَمَنْ تَعَجَّلَ فِي يَوْمَيْنِ فَلَا إِثْمَ عَلَيْهِ وَمَنْ تَأَخَّرَ فَلَا إِثْمَ عَلَيْهِ ۚ لِمَنِ اتَّقَىٰ ۗ وَاتَّقُوا اللَّهَ وَاعْلَمُوا أَنَّكُمْ إِلَيْهِ تُحْشَرُونَ

    Санаулы күнде Алланы зікір етіңдер. Сонда кінәдан сақтанған кісіге, (Минадағы ғибадатты) асығып екі күнде бітірсе оқасы жоқ. Біреу кешіксе де кінә жоқ. Алладан қорқыңдар әрі негізінде Аллаға қайтарылатындықтарыңды біліңдер. (Мүшріктерден Шарқ Ұлы Ахнас Мұхаммед Ғ.С. ға келіп әдемі сөздермен Мұсылман болғанын айтып, шыға бере Мұсылмандардың егіндерін өртеп, малдарын өлтірген екен.

    2:203
  2. وَمِنَ النَّاسِ مَنْ يُعْجِبُكَ قَوْلُهُ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَيُشْهِدُ اللَّهَ عَلَىٰ مَا فِي قَلْبِهِ وَهُوَ أَلَدُّ الْخِصَامِ

    (Мұхаммед Ғ.С.) адамдардан кейбіреулерінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да Алланы жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол өте сотқар қаскүнем.

    2:204
  3. وَإِذَا تَوَلَّىٰ سَعَىٰ فِي الْأَرْضِ لِيُفْسِدَ فِيهَا وَيُهْلِكَ الْحَرْثَ وَالنَّسْلَ ۗ وَاللَّهُ لَا يُحِبُّ الْفَسَادَ

    Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады. Алла жауыздықты жақсы көрмейді.

    2:205
  4. وَإِذَا قِيلَ لَهُ اتَّقِ اللَّهَ أَخَذَتْهُ الْعِزَّةُ بِالْإِثْمِ ۚ فَحَسْبُهُ جَهَنَّمُ ۚ وَلَبِئْسَ الْمِهَادُ

    Ал қашан оған: «Алладан қорық!»,- делінсе, оның паңдығы ұстап, өзін күнәкар етеді. Оған тозақ жетеді, нендей жаман орын.

    2:206
  5. وَمِنَ النَّاسِ مَنْ يَشْرِي نَفْسَهُ ابْتِغَاءَ مَرْضَاتِ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ رَءُوفٌ بِالْعِبَادِ

    Адамдардан Алланың ризалығын іздеп жанын сататындар да бар. Алла (Т.) құлдарына тым жұмсақ.

    2:207
  6. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا ادْخُلُوا فِي السِّلْمِ كَافَّةً وَلَا تَتَّبِعُوا خُطُوَاتِ الشَّيْطَانِ ۚ إِنَّهُ لَكُمْ عَدُوٌّ مُبِينٌ

    Әй мүміндер! Исламға бүтіндей кіріңдер. Шайтанның ізіне ермеңдер. өйткені ол, сендерге ашық дұшпан.

    2:208
  7. فَإِنْ زَلَلْتُمْ مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَتْكُمُ الْبَيِّنَاتُ فَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٌ

    Сендерге ашық дәлелдер келгеннен кейін жолдан тайсаңдар, біліңдер Алла тым үстем, хикмет иесі.

    2:209
  8. هَلْ يَنْظُرُونَ إِلَّا أَنْ يَأْتِيَهُمُ اللَّهُ فِي ظُلَلٍ مِنَ الْغَمَامِ وَالْمَلَائِكَةُ وَقُضِيَ الْأَمْرُ ۚ وَإِلَى اللَّهِ تُرْجَعُ الْأُمُورُ

    Олар (Исламға толық кірмегендер), бұлттың көлеңкесінде Алла және періштелер келіп, істің бітіп кетуін ғана күте ме? Істер Аллаға қайтады.

    2:210

Аударма: Халифа Алтай