Мусыхаф, бет 315
-
قَالَ عِلْمُهَا عِنْدَ رَبِّي فِي كِتَابٍ ۖ لَا يَضِلُّ رَبِّي وَلَا يَنْسَى
(Мұса Ғ.С.): "Олардың мәліметі Раббытмның қасындағы Кітапта бар. Раббым жаңылмайды да ұмытпайды" деді.
20:52 -
الَّذِي جَعَلَ لَكُمُ الْأَرْضَ مَهْدًا وَسَلَكَ لَكُمْ فِيهَا سُبُلًا وَأَنْزَلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَخْرَجْنَا بِهِ أَزْوَاجًا مِنْ نَبَاتٍ شَتَّىٰ
Ол сондай Алла. сендөр үшін жерді бесік қылып, онда сендергө жолдар ашқан және көктен жаңбыр жаудырған. Ол су арқылы түрлі өсімдіктерден пар-парымен шығардық.
20:53 -
كُلُوا وَارْعَوْا أَنْعَامَكُمْ ۗ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِأُولِي النُّهَىٰ
Жеңдер де малдарыңды жайыңдар, Рас бұнда ақыл иелері үшін өнеге бар.
20:54 -
مِنْهَا خَلَقْنَاكُمْ وَفِيهَا نُعِيدُكُمْ وَمِنْهَا نُخْرِجُكُمْ تَارَةً أُخْرَىٰ
Одан (топырақтан) сендерді жараттық. Оған қайтарамыз да екінші рет содан шығарамыз.
20:55 -
وَلَقَدْ أَرَيْنَاهُ آيَاتِنَا كُلَّهَا فَكَذَّبَ وَأَبَىٰ
Расында Перғауынға барлық мұғжизаларымызды көрсеттік. Бірақ ол жасынға шығарып бас тартты.
20:56 -
قَالَ أَجِئْتَنَا لِتُخْرِجَنَا مِنْ أَرْضِنَا بِسِحْرِكَ يَا مُوسَىٰ
"Әй Мұса! Сиқырың арқылы бізді жерімізден шығару үшін келдің бе?",- деді,
20:57 -
فَلَنَأْتِيَنَّكَ بِسِحْرٍ مِثْلِهِ فَاجْعَلْ بَيْنَنَا وَبَيْنَكَ مَوْعِدًا لَا نُخْلِفُهُ نَحْنُ وَلَا أَنْتَ مَكَانًا سُوًى
"Әрине біз де сол тәрізді сиқыр әкелеміз. Ендеше бізбен өз араңда бір уәделі жер белгіле. Біз дө сен де айнымайтын ыңғайлы бір орын болсын" деді.
20:58 -
قَالَ مَوْعِدُكُمْ يَوْمُ الزِّينَةِ وَأَنْ يُحْشَرَ النَّاسُ ضُحًى
(Мұса Ғ.С.): Табысатын уақтымыз мерекө күнгі ел жиналатын сәске болсын" деді
20:59 -
فَتَوَلَّىٰ فِرْعَوْنُ فَجَمَعَ كَيْدَهُ ثُمَّ أَتَىٰ
Сонда Перғауын бұрылып кетті де сиқыршыларын жинап келді,
20:60 -
قَالَ لَهُمْ مُوسَىٰ وَيْلَكُمْ لَا تَفْتَرُوا عَلَى اللَّهِ كَذِبًا فَيُسْحِتَكُمْ بِعَذَابٍ ۖ وَقَدْ خَابَ مَنِ افْتَرَىٰ
Мұса (Ғ.С) оларға: "Құрып-ақ қалыңдар! Аллаға өтірік жала жапсырмаңдар. Онда сендерді азаппен жоқ етеді. Расында кім жала жапсырса, мүлде зиянға ұшырайды" деді
20:61 -
فَتَنَازَعُوا أَمْرَهُمْ بَيْنَهُمْ وَأَسَرُّوا النَّجْوَىٰ
Олар өзара тартысып, жасырын кеңесті.
20:62 -
قَالُوا إِنْ هَٰذَانِ لَسَاحِرَانِ يُرِيدَانِ أَنْ يُخْرِجَاكُمْ مِنْ أَرْضِكُمْ بِسِحْرِهِمَا وَيَذْهَبَا بِطَرِيقَتِكُمُ الْمُثْلَىٰ
Олар: “Бұл екеуі сиқыршы, сиқырлары арқылы сендерді жерлеріңнен шиғаруды, ардақты діндеріңді жоюды қалайды" десті.
20:63 -
فَأَجْمِعُوا كَيْدَكُمْ ثُمَّ ائْتُوا صَفًّا ۚ وَقَدْ أَفْلَحَ الْيَوْمَ مَنِ اسْتَعْلَىٰ
"Сондықтан барлық сиқырларыңды жинап, сосын қатарланып келіңдер. Расында бүгін кім үстем болса, мұратқа жетеді,"
20:64
Аударма: Халифа Алтай