Мусыхаф, бет 314
-
إِذْ أَوْحَيْنَا إِلَىٰ أُمِّكَ مَا يُوحَىٰ
"Сол уақытта анаңның көкейіне тиісті нәрселер салған едік:
20:38 -
أَنِ اقْذِفِيهِ فِي التَّابُوتِ فَاقْذِفِيهِ فِي الْيَمِّ فَلْيُلْقِهِ الْيَمُّ بِالسَّاحِلِ يَأْخُذْهُ عَدُوٌّ لِي وَعَدُوٌّ لَهُ ۚ وَأَلْقَيْتُ عَلَيْكَ مَحَبَّةً مِنِّي وَلِتُصْنَعَ عَلَىٰ عَيْنِي
"Оны сандыққа салып, дәрияға тастап жібер; дәрия оны қырға шығарып тастасын. Оны оған да Маған да дұшпан біреу тауып алсын." "(Әй Мұса! Саған) көз алдымызда бағылуың үшін өз тарапымнан махаббат салдым."
20:39 -
إِذْ تَمْشِي أُخْتُكَ فَتَقُولُ هَلْ أَدُلُّكُمْ عَلَىٰ مَنْ يَكْفُلُهُ ۖ فَرَجَعْنَاكَ إِلَىٰ أُمِّكَ كَيْ تَقَرَّ عَيْنُهَا وَلَا تَحْزَنَ ۚ وَقَتَلْتَ نَفْسًا فَنَجَّيْنَاكَ مِنَ الْغَمِّ وَفَتَنَّاكَ فُتُونًا ۚ فَلَبِثْتَ سِنِينَ فِي أَهْلِ مَدْيَنَ ثُمَّ جِئْتَ عَلَىٰ قَدَرٍ يَا مُوسَىٰ
"Сол уақытта әпекең барып: Сендерге оны бағатын біреу көрсетейін бе?",- деді. Сонда сені, көз айым болып кейімеуі үшін анаңа қайтардық. Және бір кісі өлтірдің. Сонда сені, ол қайғыдан қүтқарған едік те сынаулармен сынаған едік. Сондай-ақ жылдар бойы Мәдян елінде тұрдың. Сосын белгілі мерзімде қайтып келдің, әй Мұса!"
20:40 -
وَاصْطَنَعْتُكَ لِنَفْسِي
"Сені Өзіме арнадым."
20:41 -
اذْهَبْ أَنْتَ وَأَخُوكَ بِآيَاتِي وَلَا تَنِيَا فِي ذِكْرِي
"Сен туысың (Һарүн екеуің) мұғжизаларымды апарыңдар. Мені еске алуда селқостық қылмаңдар."
20:42 -
اذْهَبَا إِلَىٰ فِرْعَوْنَ إِنَّهُ طَغَىٰ
"Екеуің Перғауынға барыңдар, өйткені ол шектен шыққан."
20:43 -
فَقُولَا لَهُ قَوْلًا لَيِّنًا لَعَلَّهُ يَتَذَكَّرُ أَوْ يَخْشَىٰ
"Оған сыпайы сөз сөйлеңдер, мүмкін үгіт алар немесе қорқар."
20:44 -
قَالَا رَبَّنَا إِنَّنَا نَخَافُ أَنْ يَفْرُطَ عَلَيْنَا أَوْ أَنْ يَطْغَىٰ
(Мұса мен Һарүн Ғ.С.): "Раббымыз! Оның өктемдік қылуынан немесе шектен шығуынан қорқамыз" деді.
20:45 -
قَالَ لَا تَخَافَا ۖ إِنَّنِي مَعَكُمَا أَسْمَعُ وَأَرَىٰ
(Алла Т.): "Қорықпаңдар! Сендермен біргемін. Естимін, көремін" деді.
20:46 -
فَأْتِيَاهُ فَقُولَا إِنَّا رَسُولَا رَبِّكَ فَأَرْسِلْ مَعَنَا بَنِي إِسْرَائِيلَ وَلَا تُعَذِّبْهُمْ ۖ قَدْ جِئْنَاكَ بِآيَةٍ مِنْ رَبِّكَ ۖ وَالسَّلَامُ عَلَىٰ مَنِ اتَّبَعَ الْهُدَىٰ
"Екеуің барып: Біз, Раббыңның саған жіберген елшісіміз; ал енді Израил ұрпақтарын бізбен бірге жібер. Енді оларды қинама, саған Раббыңның мұғжизасымен келдік. Есендік тура жолдағыларға болсын" деңдер.
20:47 -
إِنَّا قَدْ أُوحِيَ إِلَيْنَا أَنَّ الْعَذَابَ عَلَىٰ مَنْ كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰ
"Бізді жасынға шығарып, бет бұрғандарға азап болатындығы уахи етілді."
20:48 -
قَالَ فَمَنْ رَبُّكُمَا يَا مُوسَىٰ
(Перғауын): "Әй Мұса! Раббыларың кім?",- деді.
20:49 -
قَالَ رَبُّنَا الَّذِي أَعْطَىٰ كُلَّ شَيْءٍ خَلْقَهُ ثُمَّ هَدَىٰ
(Мұса): "Раббымыз, әр нәрсеге бір бейне беріп, сонан соң оны тура жолға салған" деді.
20:50 -
قَالَ فَمَا بَالُ الْقُرُونِ الْأُولَىٰ
(Перғауын): "Ал сонда бұрынғы дәуірдегілердің жағдайы қандай?",-деді.
20:51
Аударма: Халифа Алтай