Мусыхаф, бет 333

  1. ذَٰلِكَ بِأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْحَقُّ وَأَنَّهُ يُحْيِي الْمَوْتَىٰ وَأَنَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ

    Осы дәлелдер бойынша, шын мәнінде Алла; Ол, хақ. Күдіксіз Ол, өлікті тірілтеді. Өйткені, әр нәрсеге күші жетеді.

    22:6
  2. وَأَنَّ السَّاعَةَ آتِيَةٌ لَا رَيْبَ فِيهَا وَأَنَّ اللَّهَ يَبْعَثُ مَنْ فِي الْقُبُورِ

    Әлбетте қиямет келеді. Онда Күдік жоқ. Шәксіз Алла, қабырдағыларды тірілтеді.

    22:7
  3. وَمِنَ النَّاسِ مَنْ يُجَادِلُ فِي اللَّهِ بِغَيْرِ عِلْمٍ وَلَا هُدًى وَلَا كِتَابٍ مُنِيرٍ

    Адамдардың кейі; білімсіз, жолбасшысыз және сәуле беруші кітабы да жоқ. Алла жайында таласады.

    22:8
  4. ثَانِيَ عِطْفِهِ لِيُضِلَّ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ ۖ لَهُ فِي الدُّنْيَا خِزْيٌ ۖ وَنُذِيقُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عَذَابَ الْحَرِيقِ

    Алланың жолынан адастыру тіпін тоң мойындық істейді. Оған дүниеде қорлық бар. Әрі қиямет күнінде, жандырушы азаптың дәмін таттырамыз.

    22:9
  5. ذَٰلِكَ بِمَا قَدَّمَتْ يَدَاكَ وَأَنَّ اللَّهَ لَيْسَ بِظَلَّامٍ لِلْعَبِيدِ

    "Бұл бұрыннан қолекі істегендеріңнің сазайы." Расында Алла құлдарына зұлымдық қылушы емес.

    22:10
  6. وَمِنَ النَّاسِ مَنْ يَعْبُدُ اللَّهَ عَلَىٰ حَرْفٍ ۖ فَإِنْ أَصَابَهُ خَيْرٌ اطْمَأَنَّ بِهِ ۖ وَإِنْ أَصَابَتْهُ فِتْنَةٌ انْقَلَبَ عَلَىٰ وَجْهِهِ خَسِرَ الدُّنْيَا وَالْآخِرَةَ ۚ ذَٰلِكَ هُوَ الْخُسْرَانُ الْمُبِينُ

    Адамдардан Аллаға немқүрайды құлшылық қылатындар бар. Егер оған бір жақсылық келсе, сол себепті көңілдері орнығады да егер оған бір кесір тисе; жалтарып, дүние, ахиретте зиян тартады. Міне бұл ашық зиян.

    22:11
  7. يَدْعُو مِنْ دُونِ اللَّهِ مَا لَا يَضُرُّهُ وَمَا لَا يَنْفَعُهُ ۚ ذَٰلِكَ هُوَ الضَّلَالُ الْبَعِيدُ

    Олар Алладан өзге өздеріне пайда, зиян бере алмайтын нәрселерге сиынады. Міне сол ұзақ адасу.

    22:12
  8. يَدْعُو لَمَنْ ضَرُّهُ أَقْرَبُ مِنْ نَفْعِهِ ۚ لَبِئْسَ الْمَوْلَىٰ وَلَبِئْسَ الْعَشِيرُ

    Сөйтіп олар, пайдасынан зияны жақын біреулерге сиынады. Әрине нендей жаман қожайын! Нендей жаман сыбайлас!

    22:13
  9. إِنَّ اللَّهَ يُدْخِلُ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ ۚ إِنَّ اللَّهَ يَفْعَلُ مَا يُرِيدُ

    Күдіксіз Алла, иман келтіріп, түзу іс істегендерді, астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізеді. Шынында Алла қалағанын істейді.

    22:14
  10. مَنْ كَانَ يَظُنُّ أَنْ لَنْ يَنْصُرَهُ اللَّهُ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ فَلْيَمْدُدْ بِسَبَبٍ إِلَى السَّمَاءِ ثُمَّ لْيَقْطَعْ فَلْيَنْظُرْ هَلْ يُذْهِبَنَّ كَيْدُهُ مَا يَغِيظُ

    Кім; Алла, дүние, ахиретте пайғамбарға әсте жәрдем етпейді деп, ойласа, дереу бір жіппен төбеге асылып, сосын соны кессін де көрсін. (Буынып, өліп көрсін.) Оның бұл амалы ызаланған нәрсесін келтіре ала ма? (Ж.Б.М.К.Р.)

    22:15

Аударма: Халифа Алтай