Мусыхаф, бет 334

  1. وَكَذَٰلِكَ أَنْزَلْنَاهُ آيَاتٍ بَيِّنَاتٍ وَأَنَّ اللَّهَ يَهْدِي مَنْ يُرِيدُ

    Сөйтіп Құранды ашық-ашық аяттар түрінде түсірдік. Рас Алла,қапағанын тура жолға салады.

    22:16
  2. إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَالَّذِينَ هَادُوا وَالصَّابِئِينَ وَالنَّصَارَىٰ وَالْمَجُوسَ وَالَّذِينَ أَشْرَكُوا إِنَّ اللَّهَ يَفْصِلُ بَيْنَهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۚ إِنَّ اللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ شَهِيدٌ

    Расында иман келтіргендер, Яьуди болғандар, Сабилар, Христиандар, Мәжүсилер және Аллаға шерік қосқандар, күдіксіз Алла, осылардың арасына билік айтады. Шын мәнінде Алла әр нәрсеге айғақ.

    22:17
  3. أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّهَ يَسْجُدُ لَهُ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَمَنْ فِي الْأَرْضِ وَالشَّمْسُ وَالْقَمَرُ وَالنُّجُومُ وَالْجِبَالُ وَالشَّجَرُ وَالدَّوَابُّ وَكَثِيرٌ مِنَ النَّاسِ ۖ وَكَثِيرٌ حَقَّ عَلَيْهِ الْعَذَابُ ۗ وَمَنْ يُهِنِ اللَّهُ فَمَا لَهُ مِنْ مُكْرِمٍ ۚ إِنَّ اللَّهَ يَفْعَلُ مَا يَشَاءُ ۩

    (Сәжде аяты бар.) (Мұхаммед Ғ.С.) көрмейсің бе? Аллаға; көктерде, жерде болған әркім; күн, ай, жүлдыздар, таулар, ағаш, хайуандар және адамдардың көбі сәжде қылады. Және де олардың көбіне азап тиісті болған. Алла кімді қорласа, сонда оны, ешбір қүрметтеуші болмайды. Күдіксіз Алла, қалағанын істейді.

    22:18
  4. هَٰذَانِ خَصْمَانِ اخْتَصَمُوا فِي رَبِّهِمْ ۖ فَالَّذِينَ كَفَرُوا قُطِّعَتْ لَهُمْ ثِيَابٌ مِنْ نَارٍ يُصَبُّ مِنْ فَوْقِ رُءُوسِهِمُ الْحَمِيمُ

    Осы, Раббылары жайында таласқан екі әріптес: Қарсы болғандарға, оттан киім пішілген, төбелерінің үстінен қайнап тұрған су қүйылады.

    22:19
  5. يُصْهَرُ بِهِ مَا فِي بُطُونِهِمْ وَالْجُلُودُ

    Онымен олардың ішіндегілері және терілері ерітіледі.

    22:20
  6. وَلَهُمْ مَقَامِعُ مِنْ حَدِيدٍ

    Олар үшін темірден күрзілер болады.

    22:21
  7. كُلَّمَا أَرَادُوا أَنْ يَخْرُجُوا مِنْهَا مِنْ غَمٍّ أُعِيدُوا فِيهَا وَذُوقُوا عَذَابَ الْحَرِيقِ

    Қашан олар, тозақтың бейнетінен шығуды қаласа, оған қайта итеріледі де: "Жандырушы азаптың дәмін татыңдар!",-(делінеді.)

    22:22
  8. إِنَّ اللَّهَ يُدْخِلُ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ يُحَلَّوْنَ فِيهَا مِنْ أَسَاوِرَ مِنْ ذَهَبٍ وَلُؤْلُؤًا ۖ وَلِبَاسُهُمْ فِيهَا حَرِيرٌ

    Күдіксіз Алла; иман келтіріп, ізгі іс істегендерді, астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізеді. Олар онда алтын және інжу білезіктермен безенеді. Ондағы киімдері де жібек болады.

    22:23

Аударма: Халифа Алтай