Мусыхаф, бет 336
-
حُنَفَاءَ لِلَّهِ غَيْرَ مُشْرِكِينَ بِهِ ۚ وَمَنْ يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَكَأَنَّمَا خَرَّ مِنَ السَّمَاءِ فَتَخْطَفُهُ الطَّيْرُ أَوْ تَهْوِي بِهِ الرِّيحُ فِي مَكَانٍ سَحِيقٍ
Нағыз құл болып, Аллаға ортақ қоспаңдар. Кім Аллаға ортақ қосса; Сонда ол, көктен түсіп, оны құс іліп, әкететін немесе оны, ұзаққа жел ұшырып кеткен нәрсе сияқты.
22:31 -
ذَٰلِكَ وَمَنْ يُعَظِّمْ شَعَائِرَ اللَّهِ فَإِنَّهَا مِنْ تَقْوَى الْقُلُوبِ
Міне осы. Кім Алланың белгілерін ұлықтаса; күдіксіз ол, жүректің тақуалығынан.
22:32 -
لَكُمْ فِيهَا مَنَافِعُ إِلَىٰ أَجَلٍ مُسَمًّى ثُمَّ مَحِلُّهَا إِلَى الْبَيْتِ الْعَتِيقِ
Құрбандықтан белгілі мерзімге дейін пайдалануларыңа болады. Сосын ол Кағбаның жанындағы орнына апарылады. (Қашан шалынғанға дейін мінуге, артуға, төлінен, сүтінен, жүнінен пайдалануға болады. Ж.Б.М.К.Р.)
22:33 -
وَلِكُلِّ أُمَّةٍ جَعَلْنَا مَنْسَكًا لِيَذْكُرُوا اسْمَ اللَّهِ عَلَىٰ مَا رَزَقَهُمْ مِنْ بَهِيمَةِ الْأَنْعَامِ ۗ فَإِلَٰهُكُمْ إِلَٰهٌ وَاحِدٌ فَلَهُ أَسْلِمُوا ۗ وَبَشِّرِ الْمُخْبِتِينَ
Біз әрбір үммет үшін, өздеріне берген малдардан, Алланың ғана атын атап, қүрбан шалуды бекіттік. Өйткені, Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондықтан Соған бой үсыныңдар. (Мұхаммед!) Ықыластыларды қуандыр.
22:34 -
الَّذِينَ إِذَا ذُكِرَ اللَّهُ وَجِلَتْ قُلُوبُهُمْ وَالصَّابِرِينَ عَلَىٰ مَا أَصَابَهُمْ وَالْمُقِيمِي الصَّلَاةِ وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ يُنْفِقُونَ
Олар, қашан Алла зікір етілсе, жүректері дүпілдейді. Өздеріне келген ауыршылыққа шыдап, намазды орындай отырып, берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды.
22:35 -
وَالْبُدْنَ جَعَلْنَاهَا لَكُمْ مِنْ شَعَائِرِ اللَّهِ لَكُمْ فِيهَا خَيْرٌ ۖ فَاذْكُرُوا اسْمَ اللَّهِ عَلَيْهَا صَوَافَّ ۖ فَإِذَا وَجَبَتْ جُنُوبُهَا فَكُلُوا مِنْهَا وَأَطْعِمُوا الْقَانِعَ وَالْمُعْتَرَّ ۚ كَذَٰلِكَ سَخَّرْنَاهَا لَكُمْ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Түйе, сиырды (Б.М.К.Р.) сендер үшін; Алланың белгілері (қүрбандықтары) қылдық. Мүнда сендер үшін хайыр бар. Оларды тұрғызып қойып, оған Алланың атын айтыңдар. Сонда қашан олардың жамбастары жерге тисе (жаны шықса) жеңдер де мұхтажға да мұхтаж емеске де жегізіңдер. Өстіп шүкір етулерің үшін; малды еріктеріңе бердік.
22:36 -
لَنْ يَنَالَ اللَّهَ لُحُومُهَا وَلَا دِمَاؤُهَا وَلَٰكِنْ يَنَالُهُ التَّقْوَىٰ مِنْكُمْ ۚ كَذَٰلِكَ سَخَّرَهَا لَكُمْ لِتُكَبِّرُوا اللَّهَ عَلَىٰ مَا هَدَاكُمْ ۗ وَبَشِّرِ الْمُحْسِنِينَ
Ешқашан қүрбанның еттері, қандары Аллаға үлгірмейді. Бірақ сендердің тақуалықтарың үлгіреді. (Араптар жаһилиет заманында Кағбаның қабырғасына қүрбанның еттерін асып, қандарын жағатын. Б.М.К.Р.) Сендерге тура жол көрсеткен Алланы, ұлықтауларың үшін; осылайша малды, еріктеріңе бердік. (Мұхаммед Ғ.С.) жақсылық істеушілерді қуандыр.
22:37 -
إِنَّ اللَّهَ يُدَافِعُ عَنِ الَّذِينَ آمَنُوا ۗ إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ كُلَّ خَوَّانٍ كَفُورٍ
Күдіксіз Алла, иман келтіргендерді қорғайды. Әрине Алла, бүкіл қиянатшыл, қасарысқандарды жақсы көрмейді.
22:38
Аударма: Халифа Алтай