Мусыхаф, бет 337
-
أُذِنَ لِلَّذِينَ يُقَاتَلُونَ بِأَنَّهُمْ ظُلِمُوا ۚ وَإِنَّ اللَّهَ عَلَىٰ نَصْرِهِمْ لَقَدِيرٌ
Шынында шабуыл жасалып, зұлымдыққа үшырағандарға, соғысу үшін рұхсат берілді. Күдіксіз Алланың, оларға жәрдем етуге, күші толық жетеді.
22:39 -
الَّذِينَ أُخْرِجُوا مِنْ دِيَارِهِمْ بِغَيْرِ حَقٍّ إِلَّا أَنْ يَقُولُوا رَبُّنَا اللَّهُ ۗ وَلَوْلَا دَفْعُ اللَّهِ النَّاسَ بَعْضَهُمْ بِبَعْضٍ لَهُدِّمَتْ صَوَامِعُ وَبِيَعٌ وَصَلَوَاتٌ وَمَسَاجِدُ يُذْكَرُ فِيهَا اسْمُ اللَّهِ كَثِيرًا ۗ وَلَيَنْصُرَنَّ اللَّهُ مَنْ يَنْصُرُهُ ۗ إِنَّ اللَّهَ لَقَوِيٌّ عَزِيزٌ
Олар, сондай жазықсыз: "Раббымыз Алла" дегендіктерінен ғана жұрттарынан шығарылғандар. Егер Алла; адамдарды, бірін-бірі арқылы қорғамаса, Манастырлар, Шіркеулер, Яьудилердің құлшылық орындары және ішінде Алланың аты көбірек зікір етілетін мешіттер қүлатылар еді. Кім Алла жолына жәрдем етсе, Алла оған жәрдем етеді. Шәксіз Алла, аса көруші, тым үстем. (2-С. 251-А)
22:40 -
الَّذِينَ إِنْ مَكَّنَّاهُمْ فِي الْأَرْضِ أَقَامُوا الصَّلَاةَ وَآتَوُا الزَّكَاةَ وَأَمَرُوا بِالْمَعْرُوفِ وَنَهَوْا عَنِ الْمُنْكَرِ ۗ وَلِلَّهِ عَاقِبَةُ الْأُمُورِ
Егер оларды жер жүзіне орналастырсақ; олар, намазды орындар, зекет берер сондай-ақ дұрысқа қосып, бұрыстан тосар еді. Негізінде істердің соңы Аллаға тән.
22:41 -
وَإِنْ يُكَذِّبُوكَ فَقَدْ كَذَّبَتْ قَبْلَهُمْ قَوْمُ نُوحٍ وَعَادٌ وَثَمُودُ
(Мұхаммед Ғ.С.) егер олар, сені жасынға шығарса, рас олардан бүрын Нұх (Ғ.С.) тың елі және Ғад, Сәмүд елі де жасынға шығарған болатын.
22:42 -
وَقَوْمُ إِبْرَاهِيمَ وَقَوْمُ لُوطٍ
Сондай-ақ Ыбырайым (Ғ.С.) елі және Нұх (Ғ.С) елі де.
22:43 -
وَأَصْحَابُ مَدْيَنَ ۖ وَكُذِّبَ مُوسَىٰ فَأَمْلَيْتُ لِلْكَافِرِينَ ثُمَّ أَخَذْتُهُمْ ۖ فَكَيْفَ كَانَ نَكِيرِ
Сондай-ақ Мәдяндықтар да жасынға шығарып, Мұса да жасынға шығарылған еді. Сонда ол кәпірлерге мұрса беріп барып,сосын қолға алдым. Танымау қалай екен?
22:44 -
فَكَأَيِّنْ مِنْ قَرْيَةٍ أَهْلَكْنَاهَا وَهِيَ ظَالِمَةٌ فَهِيَ خَاوِيَةٌ عَلَىٰ عُرُوشِهَا وَبِئْرٍ مُعَطَّلَةٍ وَقَصْرٍ مَشِيدٍ
Қаншалаған залым болған кенттерді типыл қылдық. Міне ол, үсті-астына түсіп жатыр. Және иен қалған қүдық, ойран болған сарай.
22:45 -
أَفَلَمْ يَسِيرُوا فِي الْأَرْضِ فَتَكُونَ لَهُمْ قُلُوبٌ يَعْقِلُونَ بِهَا أَوْ آذَانٌ يَسْمَعُونَ بِهَا ۖ فَإِنَّهَا لَا تَعْمَى الْأَبْصَارُ وَلَٰكِنْ تَعْمَى الْقُلُوبُ الَّتِي فِي الصُّدُورِ
Олар жер жүзінде кезіп жүрмеді ме? Сонда олардың түсінер жүректері және естір құлақтары болса еді. Негізінен көздері соқыр емес. Бірақ көкіректеріндегі жүректері соқыр.
22:46
Аударма: Халифа Алтай