Мусыхаф, бет 341

  1. يَا أَيُّهَا النَّاسُ ضُرِبَ مَثَلٌ فَاسْتَمِعُوا لَهُ ۚ إِنَّ الَّذِينَ تَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ لَنْ يَخْلُقُوا ذُبَابًا وَلَوِ اجْتَمَعُوا لَهُ ۖ وَإِنْ يَسْلُبْهُمُ الذُّبَابُ شَيْئًا لَا يَسْتَنْقِذُوهُ مِنْهُ ۚ ضَعُفَ الطَّالِبُ وَالْمَطْلُوبُ

    Әй адам баласы! Бір мысал келтірілді. Енді соған құлақ салыңдар: Сендердің Алладан өзге табынғандарың, барлыгы жиылса да әсте бір шыбын жарата алмайды. Сондай-ақ егер шыбын олардың бір нәрсесін алып қашса, одан оны құтқара алмайды. Өйткені, іздеуші де ізделген де нашар.

    22:73
  2. مَا قَدَرُوا اللَّهَ حَقَّ قَدْرِهِ ۗ إِنَّ اللَّهَ لَقَوِيٌّ عَزِيزٌ

    Олар Алланың қадырын біліп, шын мәнінде бағалай алмады. Алла аса күшті, өте үстем.

    22:74
  3. اللَّهُ يَصْطَفِي مِنَ الْمَلَائِكَةِ رُسُلًا وَمِنَ النَّاسِ ۚ إِنَّ اللَّهَ سَمِيعٌ بَصِيرٌ

    Алла, періштелерден де адамдардан да елшілер ғана белгіледі. Шәксіз Алла, әр нәрсені аса естуші, тым көруші.

    22:75
  4. يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ ۗ وَإِلَى اللَّهِ تُرْجَعُ الْأُمُورُ

    Олардың алдарындағыны да арттарындағыны да біледі. Сондай-ақ барлық іс Аллаға қайтады.

    22:76
  5. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا ارْكَعُوا وَاسْجُدُوا وَاعْبُدُوا رَبَّكُمْ وَافْعَلُوا الْخَيْرَ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ ۩

    Әй иман келтіргендер! рүкүғ, сәжде қылып, Раббыларыңа ғибадат қылыңдар. Және хайыр қылыңдар. Әрине құтыласыңдар.

    22:77
  6. وَجَاهِدُوا فِي اللَّهِ حَقَّ جِهَادِهِ ۚ هُوَ اجْتَبَاكُمْ وَمَا جَعَلَ عَلَيْكُمْ فِي الدِّينِ مِنْ حَرَجٍ ۚ مِلَّةَ أَبِيكُمْ إِبْرَاهِيمَ ۚ هُوَ سَمَّاكُمُ الْمُسْلِمِينَ مِنْ قَبْلُ وَفِي هَٰذَا لِيَكُونَ الرَّسُولُ شَهِيدًا عَلَيْكُمْ وَتَكُونُوا شُهَدَاءَ عَلَى النَّاسِ ۚ فَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ وَاعْتَصِمُوا بِاللَّهِ هُوَ مَوْلَاكُمْ ۖ فَنِعْمَ الْمَوْلَىٰ وَنِعْمَ النَّصِيرُ

    Алла жолында шынайы түрде күресіңдер. Сендерді Ол таңдады. Сендерге дінде қиындық қылған емес. Аталарың Ыбырайым (Ғ.С.) ның жолы. Алла бүрын да осы Құранда да пайғамбардың сендерге куә болуы, сендердің де адамдарға куә болуларың үшін, "Мұсылман" деп атады. Енді намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер де Аллаға жабысыңдар. Иелерің Сол; нендей жақсы ие. Нендей жақсы жәрдемші!

    22:78

Аударма: Халифа Алтай