Мусыхаф, бет 340

  1. أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّهَ سَخَّرَ لَكُمْ مَا فِي الْأَرْضِ وَالْفُلْكَ تَجْرِي فِي الْبَحْرِ بِأَمْرِهِ وَيُمْسِكُ السَّمَاءَ أَنْ تَقَعَ عَلَى الْأَرْضِ إِلَّا بِإِذْنِهِ ۗ إِنَّ اللَّهَ بِالنَّاسِ لَرَءُوفٌ رَحِيمٌ

    Рас Алланың, жердегілерді және өз әмірімен теңізде жүрген кемені сендерге бағынышты қылғанын және де өз бұйрығынсыз көктің жерге түсуін тоқтатқанын кермейсің бе? Күдіксіз Алла, адам баласына, әлбетте өте есіргеуші, аса мейірімді.

    22:65
  2. وَهُوَ الَّذِي أَحْيَاكُمْ ثُمَّ يُمِيتُكُمْ ثُمَّ يُحْيِيكُمْ ۗ إِنَّ الْإِنْسَانَ لَكَفُورٌ

    Ол сондай Алла, сендерді тірілтті, сосын өлтіреді, сонан кейін және тірілтеді. Расында адам баласы нәсүкір.

    22:66
  3. لِكُلِّ أُمَّةٍ جَعَلْنَا مَنْسَكًا هُمْ نَاسِكُوهُ ۖ فَلَا يُنَازِعُنَّكَ فِي الْأَمْرِ ۚ وَادْعُ إِلَىٰ رَبِّكَ ۖ إِنَّكَ لَعَلَىٰ هُدًى مُسْتَقِيمٍ

    Әр үммет үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық. (5-С.48-А.) Ендеше (Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенімен бұл іс жайында тартыспасын. Раббың жаққа шақыр. Сен әлбетте тура жол үстіндесің.

    22:67
  4. وَإِنْ جَادَلُوكَ فَقُلِ اللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا تَعْمَلُونَ

    Егер олар сенімен таласса: "Алла, не істегендеріңді жақсы біледі" де.

    22:68
  5. اللَّهُ يَحْكُمُ بَيْنَكُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ فِيمَا كُنْتُمْ فِيهِ تَخْتَلِفُونَ

    Алла, қиямет күні, араларыңдағы қайшылыққа түскен нәрселер жайында үкім береді.

    22:69
  6. أَلَمْ تَعْلَمْ أَنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ مَا فِي السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ ۗ إِنَّ ذَٰلِكَ فِي كِتَابٍ ۚ إِنَّ ذَٰلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرٌ

    Алланың жер, көктегі нәрселерді білетінін білмейсің бе? Шәксіз бұлар, Кітапта жазулы. Күдіксіз бұл, Аллаға оңай.

    22:70
  7. وَيَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ مَا لَمْ يُنَزِّلْ بِهِ سُلْطَانًا وَمَا لَيْسَ لَهُمْ بِهِ عِلْمٌ ۗ وَمَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ نَصِيرٍ

    Олар, Алладан өзге, оған ешбір дәлел түсірілмеген және ол жөнде өздеріне де ешбір мәлімет болмаған нәрселерге табынады. Ол залымдар үшін, бір жәрдемші болмайды.

    22:71
  8. وَإِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ آيَاتُنَا بَيِّنَاتٍ تَعْرِفُ فِي وُجُوهِ الَّذِينَ كَفَرُوا الْمُنْكَرَ ۖ يَكَادُونَ يَسْطُونَ بِالَّذِينَ يَتْلُونَ عَلَيْهِمْ آيَاتِنَا ۗ قُلْ أَفَأُنَبِّئُكُمْ بِشَرٍّ مِنْ ذَٰلِكُمُ ۗ النَّارُ وَعَدَهَا اللَّهُ الَّذِينَ كَفَرُوا ۖ وَبِئْسَ الْمَصِيرُ

    Қашан оларға ашық аяттарымыз оқылса, кәпірлердің жүздерінен қарсылық сезесің. Сондай-ақ оларға аяттарымызды оқығандарды бассала жаздайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Енді сендерге бұдан да жаманның хабарын берейін бе? Ол, от! Алла оны, қарсы болғандарға уәде еткен нендей жаман орьн!",- де.

    22:72

Аударма: Халифа Алтай