Мусыхаф, бет 347
-
وَلَوْ رَحِمْنَاهُمْ وَكَشَفْنَا مَا بِهِمْ مِنْ ضُرٍّ لَلَجُّوا فِي طُغْيَانِهِمْ يَعْمَهُونَ
Егер оларға мәрхамет етіп, бейнеттерін айықтырсақ та қасаруларында абыржып кете береді.
23:75 -
وَلَقَدْ أَخَذْنَاهُمْ بِالْعَذَابِ فَمَا اسْتَكَانُوا لِرَبِّهِمْ وَمَا يَتَضَرَّعُونَ
Рас оларды азапқа алдық. Сонда да Раббыларына мойынсал болмады әрі жалбарынбады.
23:76 -
حَتَّىٰ إِذَا فَتَحْنَا عَلَيْهِمْ بَابًا ذَا عَذَابٍ شَدِيدٍ إِذَا هُمْ فِيهِ مُبْلِسُونَ
Тіпті оларға бір азаптың есігін ашсақ, сол уақытта олар оның ішінде күдер үзеді.
23:77 -
وَهُوَ الَّذِي أَنْشَأَ لَكُمُ السَّمْعَ وَالْأَبْصَارَ وَالْأَفْئِدَةَ ۚ قَلِيلًا مَا تَشْكُرُونَ
Ол, сендер үшін: Есту, көру және ойлау қабілетін жаратты. Сонда да аз ғана шүкірлік қыласыңдар.
23:78 -
وَهُوَ الَّذِي ذَرَأَكُمْ فِي الْأَرْضِ وَإِلَيْهِ تُحْشَرُونَ
Ол, сендерді жер жүзіне таратты. Сондай-ақ Ол Алла тарапына жиналасыңдар.
23:79 -
وَهُوَ الَّذِي يُحْيِي وَيُمِيتُ وَلَهُ اخْتِلَافُ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ ۚ أَفَلَا تَعْقِلُونَ
Сендерді тірілтеді, өлтіреді және күндіз, түннің ауысуы Оған тән. Ал ойламайсыңдар ма?
23:80 -
بَلْ قَالُوا مِثْلَ مَا قَالَ الْأَوَّلُونَ
Жоқ, олар бүрынғылардың айтқанын айтады.
23:81 -
قَالُوا أَإِذَا مِتْنَا وَكُنَّا تُرَابًا وَعِظَامًا أَإِنَّا لَمَبْعُوثُونَ
Олар: "Біз өліп, топырақ және сүйектер болсақ та рас қайта тірілтілеміз бе?",- деген
23:82 -
لَقَدْ وُعِدْنَا نَحْنُ وَآبَاؤُنَا هَٰذَا مِنْ قَبْلُ إِنْ هَٰذَا إِلَّا أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ
"Расында бұл бопса, бізге де бүрынғы аталарымызға да жасалған. Бұл бұрыңғылардың ергегілері ғана."
23:83 -
قُلْ لِمَنِ الْأَرْضُ وَمَنْ فِيهَا إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.): "Егер білсеңдер, жер жүзі және жер жүзінде болғандар кімдікі?",- де.
23:84 -
سَيَقُولُونَ لِلَّهِ ۚ قُلْ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ
Олар дереу: "Алланікі" дейді. "Ал сонда да зер салмайсыңдар ма?",- де.
23:85 -
قُلْ مَنْ رَبُّ السَّمَاوَاتِ السَّبْعِ وَرَبُّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ
"Жеті көктің Раббы және ұлы ғаршының Раббы кім?",- де.
23:86 -
سَيَقُولُونَ لِلَّهِ ۚ قُلْ أَفَلَا تَتَّقُونَ
Дереу: "Алла" дейді. "Сонда да қорықпайсыңдар ма?",- де.
23:87 -
قُلْ مَنْ بِيَدِهِ مَلَكُوتُ كُلِّ شَيْءٍ وَهُوَ يُجِيرُ وَلَا يُجَارُ عَلَيْهِ إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ
"Егер білсеңдер, әр нәрсенің басқаруы қолында, өзі қорғаушы, қорғалмайтын (немесе Оған қарсы біреуді біреу қорғай алмайтын) кім?",- де.
23:88 -
سَيَقُولُونَ لِلَّهِ ۚ قُلْ فَأَنَّىٰ تُسْحَرُونَ
Олар дереу: "Алла" дейді. "Ал онда қалайша жадыландыңдар?",- де.
23:89
Аударма: Халифа Алтай