Мусыхаф, бет 348

  1. بَلْ أَتَيْنَاهُمْ بِالْحَقِّ وَإِنَّهُمْ لَكَاذِبُونَ

    Жоқ, олай емес. Оларға шындықты әкелдік. Олар мүлде өтірікші.

    23:90
  2. مَا اتَّخَذَ اللَّهُ مِنْ وَلَدٍ وَمَا كَانَ مَعَهُ مِنْ إِلَٰهٍ ۚ إِذًا لَذَهَبَ كُلُّ إِلَٰهٍ بِمَا خَلَقَ وَلَعَلَا بَعْضُهُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ ۚ سُبْحَانَ اللَّهِ عَمَّا يَصِفُونَ

    Алла еш бала иемденбеді. Онымен бірге тәңір де жоқ. Ондай болғанда, әрине әр тәңір өз жаратқаның алып кетер еді де бір-біріне үстемдік қылар еді. Алла, олардың сипаттағанынан пәк. (21-С. 22-А. 17-С. 42-А.)

    23:91
  3. عَالِمِ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ فَتَعَالَىٰ عَمَّا يُشْرِكُونَ

    Алла көрнеуді де көиесті де біледі. Сондай-ақ олардың қосқан ортақтарынан үстем.

    23:92
  4. قُلْ رَبِّ إِمَّا تُرِيَنِّي مَا يُوعَدُونَ

    (Мұхаммед): "Раббым! Оларға уәде етілген азапты әлбетте маған көрсететін болсаң, (мен барда әкелсең,)

    23:93
  5. رَبِّ فَلَا تَجْعَلْنِي فِي الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ

    "Раббым! Мені залым елдің ішінде қылма!",- де.

    23:94
  6. وَإِنَّا عَلَىٰ أَنْ نُرِيَكَ مَا نَعِدُهُمْ لَقَادِرُونَ

    Расында оларға деген апатты әрине саған көрсетіп, әкелуге де шамамыз келеді.

    23:95
  7. ادْفَعْ بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ السَّيِّئَةَ ۚ نَحْنُ أَعْلَمُ بِمَا يَصِفُونَ

    Жамандықты жақсылықпен кетір. Олардың баян еткен нәрсесін жақсы білеміз.

    23:96
  8. وَقُلْ رَبِّ أَعُوذُ بِكَ مِنْ هَمَزَاتِ الشَّيَاطِينِ

    "Раббым! Шайтандардың түртектерінен саған сиынамын" де.

    23:97
  9. وَأَعُوذُ بِكَ رَبِّ أَنْ يَحْضُرُونِ

    "Раббым! Олардың жаныма келуінен де саған сиынамын..."

    23:98
  10. حَتَّىٰ إِذَا جَاءَ أَحَدَهُمُ الْمَوْتُ قَالَ رَبِّ ارْجِعُونِ

    Ақыр олардың әрбіріне өлім келген сәтте: "Раббым! Мені дүниеге қайтар!"

    23:99
  11. لَعَلِّي أَعْمَلُ صَالِحًا فِيمَا تَرَكْتُ ۚ كَلَّا ۚ إِنَّهَا كَلِمَةٌ هُوَ قَائِلُهَا ۖ وَمِنْ وَرَائِهِمْ بَرْزَخٌ إِلَىٰ يَوْمِ يُبْعَثُونَ

    "Мүмкін мен қалдырған дүниеде жақсы ғамал істермін." Әсте олай емес. Рас бұл, оның бір айтқан бос сөзі. Өйткені, олардың артында қайта тірілетін күнге дейін бөгет бар.

    23:100
  12. فَإِذَا نُفِخَ فِي الصُّورِ فَلَا أَنْسَابَ بَيْنَهُمْ يَوْمَئِذٍ وَلَا يَتَسَاءَلُونَ

    Қашан Сұр үрілсе, сол күні; олардың араларында туыстық (байланыс) жоғалып, бір-бірін сұраспайды. (70-С. 10-А.)

    23:101
  13. فَمَنْ ثَقُلَتْ مَوَازِينُهُ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ

    Ал сол күні, кімнің таразысы ауыр тартса, міне солар құтылушылар.

    23:102
  14. وَمَنْ خَفَّتْ مَوَازِينُهُ فَأُولَٰئِكَ الَّذِينَ خَسِرُوا أَنْفُسَهُمْ فِي جَهَنَّمَ خَالِدُونَ

    Ал және кімнің таразысы жеңіл тартса, міне олар өздерін зиянға ұшыратқандар. Олар тозақта мүлде қалады.

    23:103
  15. تَلْفَحُ وُجُوهَهُمُ النَّارُ وَهُمْ فِيهَا كَالِحُونَ

    Олардың беттерін от өртеп, олардың онда тістері ақсиып қалады.

    23:104

Аударма: Халифа Алтай