Мусыхаф, бет 349

  1. أَلَمْ تَكُنْ آيَاتِي تُتْلَىٰ عَلَيْكُمْ فَكُنْتُمْ بِهَا تُكَذِّبُونَ

    "Өздеріңе аяттарым оқылғанда оны жасынға шығармадыңдар ма?"

    23:105
  2. قَالُوا رَبَّنَا غَلَبَتْ عَلَيْنَا شِقْوَتُنَا وَكُنَّا قَوْمًا ضَالِّينَ

    Олар: "Раббым! Сорымыз жеңіп, адасқан бір ел екеміз ғой" дейді.

    23:106
  3. رَبَّنَا أَخْرِجْنَا مِنْهَا فَإِنْ عُدْنَا فَإِنَّا ظَالِمُونَ

    "Раббымыз! Бізді бұдан шығар! Сонда егер кайта күнәкар болсақ; Шын залымбыз."

    23:107
  4. قَالَ اخْسَئُوا فِيهَا وَلَا تُكَلِّمُونِ

    Оларға: "Сонда сіңіп, жоғалыңдар! Маған сөйлеспеңдер" дейді.

    23:108
  5. إِنَّهُ كَانَ فَرِيقٌ مِنْ عِبَادِي يَقُولُونَ رَبَّنَا آمَنَّا فَاغْفِرْ لَنَا وَارْحَمْنَا وَأَنْتَ خَيْرُ الرَّاحِمِينَ

    Құлдарымнан бір бөлім: "Раббымыз! Иман келтірдік, бізді жарылқа! Және бізге мәрхамет ет. Сен мәрхамет етушілердің ең жақсысысың" дейтіндер бар еді.

    23:109
  6. فَاتَّخَذْتُمُوهُمْ سِخْرِيًّا حَتَّىٰ أَنْسَوْكُمْ ذِكْرِي وَكُنْتُمْ مِنْهُمْ تَضْحَكُونَ

    Сонда сендер оларды келемежге алып едіңдер. Хатте оларға күлулерің Мені еске алуларыңды мүлде ұмыттырған еді.

    23:110
  7. إِنِّي جَزَيْتُهُمُ الْيَوْمَ بِمَا صَبَرُوا أَنَّهُمْ هُمُ الْفَائِزُونَ

    Рас бүгін Мен оларды сабыр еткендіктері себепті сыйлыққа бөледім. Олар анық мұратқа жеткендер...

    23:111
  8. قَالَ كَمْ لَبِثْتُمْ فِي الْأَرْضِ عَدَدَ سِنِينَ

    Алла, оларға: "Сендер жер жүзінде қанша жыл тұрдыңдар?",- дейді.

    23:112
  9. قَالُوا لَبِثْنَا يَوْمًا أَوْ بَعْضَ يَوْمٍ فَاسْأَلِ الْعَادِّينَ

    Олар: "Бір күн немесе тағы аз уақыт тұрдық. Санаушылардан сұра" дейді. (30-С. 55-А.)

    23:113
  10. قَالَ إِنْ لَبِثْتُمْ إِلَّا قَلِيلًا ۖ لَوْ أَنَّكُمْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ

    "Егер білген болсаңдар аз ғана-ақ тұрдыңдар" дейді.

    23:114
  11. أَفَحَسِبْتُمْ أَنَّمَا خَلَقْنَاكُمْ عَبَثًا وَأَنَّكُمْ إِلَيْنَا لَا تُرْجَعُونَ

    "Шын Біз, сендерді босқа жараттық та тіпті Бізге қайтарылмаймыз деп, ойлайсыңдар ма?",- дейді.

    23:115
  12. فَتَعَالَى اللَّهُ الْمَلِكُ الْحَقُّ ۖ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ رَبُّ الْعَرْشِ الْكَرِيمِ

    Шынайы патша Алла, өте жоғары. Одан басқа тәңір жоқ. Ол, ардақты ғаршының Раббы.

    23:116
  13. وَمَنْ يَدْعُ مَعَ اللَّهِ إِلَٰهًا آخَرَ لَا بُرْهَانَ لَهُ بِهِ فَإِنَّمَا حِسَابُهُ عِنْدَ رَبِّهِ ۚ إِنَّهُ لَا يُفْلِحُ الْكَافِرُونَ

    Біреу, Алла мен бірге дәлелсіз басқа бір тәңірге табынса, рас оның есебі Раббының қасында. Өйткені, қарсы болғандар құтылмайды.

    23:117
  14. وَقُلْ رَبِّ اغْفِرْ وَارْحَمْ وَأَنْتَ خَيْرُ الرَّاحِمِينَ

    (Мұхаммед Ғ.С.): "Раббым! Жарылқа, мәрхамет ет! Сен мәрхамет етушілердің ең жақсырағысың" де.

    23:118

Аударма: Халифа Алтай