Мусыхаф, бет 385
-
مَنْ جَاءَ بِالْحَسَنَةِ فَلَهُ خَيْرٌ مِنْهَا وَهُمْ مِنْ فَزَعٍ يَوْمَئِذٍ آمِنُونَ
Кім бір жақсылық келтірсе, оған одан жақсы сыйлық бар. Әрі олар қиямет күнінің қорқынышынан аман болады.
27:89 -
وَمَنْ جَاءَ بِالسَّيِّئَةِ فَكُبَّتْ وُجُوهُهُمْ فِي النَّارِ هَلْ تُجْزَوْنَ إِلَّا مَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
Ал кім бір жамандық келтірсе, олар тозаққа етбетінен тасталады да: "Жә, сендер істеген істеріңнің ғана сазайын тартасыңдар" (делінеді.)
27:90 -
إِنَّمَا أُمِرْتُ أَنْ أَعْبُدَ رَبَّ هَٰذِهِ الْبَلْدَةِ الَّذِي حَرَّمَهَا وَلَهُ كُلُّ شَيْءٍ ۖ وَأُمِرْتُ أَنْ أَكُونَ مِنَ الْمُسْلِمِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.): "Шын мәнінде мен әр нәрсенің иесі, осы қүрметті қаланың Раббына құлшылық қылуға сондай-ақ Мұсылмандардан болуға бұйырылдым." (де.)
27:91 -
وَأَنْ أَتْلُوَ الْقُرْآنَ ۖ فَمَنِ اهْتَدَىٰ فَإِنَّمَا يَهْتَدِي لِنَفْسِهِ ۖ وَمَنْ ضَلَّ فَقُلْ إِنَّمَا أَنَا مِنَ الْمُنْذِرِينَ
"Және де Құран оқуға бұйырылдым" Енді кім тура жолда болса, рас ол өзі үшін тура жолда болады. Ал және кім адасса: "Шынында мен ескертушілерден ғанамын" де.
27:92 -
وَقُلِ الْحَمْدُ لِلَّهِ سَيُرِيكُمْ آيَاتِهِ فَتَعْرِفُونَهَا ۚ وَمَا رَبُّكَ بِغَافِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ
"Барлық мақтау Аллаға лайық. Ол, сендерге белгілерін көрсетеді. Сонда оларды таныйсыңдар. Сондай-ақ Раббың істеген істеріңнен хабарсыз емес" де.
27:93 -
طسم
Ұғымын Алла біледі.
28:1 -
تِلْكَ آيَاتُ الْكِتَابِ الْمُبِينِ
Бұл ашық баян етуші Кітаптың аяттары.
28:2 -
نَتْلُو عَلَيْكَ مِنْ نَبَإِ مُوسَىٰ وَفِرْعَوْنَ بِالْحَقِّ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) саган Мұса (Ғ.С.) мен Перғауынның қиссасын сенетін ел үшін дүрыс оқимыз.
28:3 -
إِنَّ فِرْعَوْنَ عَلَا فِي الْأَرْضِ وَجَعَلَ أَهْلَهَا شِيَعًا يَسْتَضْعِفُ طَائِفَةً مِنْهُمْ يُذَبِّحُ أَبْنَاءَهُمْ وَيَسْتَحْيِي نِسَاءَهُمْ ۚ إِنَّهُ كَانَ مِنَ الْمُفْسِدِينَ
Рас Перғауын ол жерде зорекер болып, елін топтарға бөлді. Олардың бір тобын езіп, үлдарын бауыздап, әйелдерін тірі қоятын еді. Өйткені ол, бұзақылардан еді.
28:4 -
وَنُرِيدُ أَنْ نَمُنَّ عَلَى الَّذِينَ اسْتُضْعِفُوا فِي الْأَرْضِ وَنَجْعَلَهُمْ أَئِمَّةً وَنَجْعَلَهُمُ الْوَارِثِينَ
Ол жердегі езілгендерге қамқорлық істеуді, оларды бастық жасап, өздерін мұрагер қылуды қалаймыз:
28:5
Аударма: Халифа Алтай