Мусыхаф, бет 386

  1. وَنُمَكِّنَ لَهُمْ فِي الْأَرْضِ وَنُرِيَ فِرْعَوْنَ وَهَامَانَ وَجُنُودَهُمَا مِنْهُمْ مَا كَانُوا يَحْذَرُونَ

    Оларды жерге (Мысырға) орналастыруды; Перғауын, Һаман және екеуінің әскерлеріне, бұлардың қорыққан нәрселерін көрсетуді қаладық.

    28:6
  2. وَأَوْحَيْنَا إِلَىٰ أُمِّ مُوسَىٰ أَنْ أَرْضِعِيهِ ۖ فَإِذَا خِفْتِ عَلَيْهِ فَأَلْقِيهِ فِي الْيَمِّ وَلَا تَخَافِي وَلَا تَحْزَنِي ۖ إِنَّا رَادُّوهُ إِلَيْكِ وَجَاعِلُوهُ مِنَ الْمُرْسَلِينَ

    Мұсаның анасына: "Оны еміз де оған бір нәрсе болады деп қорықсаң, онда оны дарияға салып жібер. Қорықпа да ктйіибе! Расында оны саған қайтарамыз да оны пайғамбарлардан қыламыз" деп, қөкейіне салдық.

    28:7
  3. فَالْتَقَطَهُ آلُ فِرْعَوْنَ لِيَكُونَ لَهُمْ عَدُوًّا وَحَزَنًا ۗ إِنَّ فِرْعَوْنَ وَهَامَانَ وَجُنُودَهُمَا كَانُوا خَاطِئِينَ

    Сонда Перғауынның семьясы өздеріне қастас әрі қайғы болатын баланы тауып алды. Расында Перғауынмен Һаман әрі әскерлері қателесті.

    28:8
  4. وَقَالَتِ امْرَأَتُ فِرْعَوْنَ قُرَّتُ عَيْنٍ لِي وَلَكَ ۖ لَا تَقْتُلُوهُ عَسَىٰ أَنْ يَنْفَعَنَا أَوْ نَتَّخِذَهُ وَلَدًا وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ

    Перғауынның әйелі: "Менің де сенің де көз қарашығымыз, оны өлтірмеңдер! Бәлкім бізге пайдасы тиер; немесе бала қып аламыз" деді. Өйткені олар, сезбеді.

    28:9
  5. وَأَصْبَحَ فُؤَادُ أُمِّ مُوسَىٰ فَارِغًا ۖ إِنْ كَادَتْ لَتُبْدِي بِهِ لَوْلَا أَنْ رَبَطْنَا عَلَىٰ قَلْبِهَا لِتَكُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ

    Мұсаның анасы бос ойларға батып, таң атырды. Егер жтрегін сенушілерден болуга бекемдемесек, оны білдіріп ала жаздады.

    28:10
  6. وَقَالَتْ لِأُخْتِهِ قُصِّيهِ ۖ فَبَصُرَتْ بِهِ عَنْ جُنُبٍ وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ

    Анасы, Мұсаның әпекесіне: "Оның соңына түс" деді. Ол, олар сезбеген жақтан оны көздеді.

    28:11
  7. وَحَرَّمْنَا عَلَيْهِ الْمَرَاضِعَ مِنْ قَبْلُ فَقَالَتْ هَلْ أَدُلُّكُمْ عَلَىٰ أَهْلِ بَيْتٍ يَكْفُلُونَهُ لَكُمْ وَهُمْ لَهُ نَاصِحُونَ

    Бұрын емізушілерді оган арам еттік. (Бала бөтен омырауды ембей қойды.) Сонда оның әпекесі, Оларға: "Сендерге, оны сендер үшін бағатын, оган қамқор бір тйдің ішін көрсетейін бе?",-деді.

    28:12
  8. فَرَدَدْنَاهُ إِلَىٰ أُمِّهِ كَيْ تَقَرَّ عَيْنُهَا وَلَا تَحْزَنَ وَلِتَعْلَمَ أَنَّ وَعْدَ اللَّهِ حَقٌّ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ

    Сөйтіп оны, анасына көзайым болып, ктйінбеуі, сондай-ақ Алланың уәдесінің хақ екендігін білу үшін қайтардық. Бірақ олардың көбі білмейді.

    28:13

Аударма: Халифа Алтай