Мусыхаф, бет 392

  1. وَلَقَدْ وَصَّلْنَا لَهُمُ الْقَوْلَ لَعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ

    Расында оларға түсінулері үшін сөзімізді жалғастырдық.

    28:51
  2. الَّذِينَ آتَيْنَاهُمُ الْكِتَابَ مِنْ قَبْلِهِ هُمْ بِهِ يُؤْمِنُونَ

    Бұрын өздеріне кітап бергендеріміз, Құранға сенеді. (5-С. 83-А.)

    28:52
  3. وَإِذَا يُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ قَالُوا آمَنَّا بِهِ إِنَّهُ الْحَقُّ مِنْ رَبِّنَا إِنَّا كُنَّا مِنْ قَبْلِهِ مُسْلِمِينَ

    Оларға Құран оқылғанда: "Біз бұган сендік. Рас ол, Раббымыз тарапынан түсірілген хақ сөз. Негізінде бұрыннан-ақ бой ұсынған едік" деді. (Бұлар Якуди, Христиандардан Мтсылман болғандар. Б.Ж.М.К.)

    28:53
  4. أُولَٰئِكَ يُؤْتَوْنَ أَجْرَهُمْ مَرَّتَيْنِ بِمَا صَبَرُوا وَيَدْرَءُونَ بِالْحَسَنَةِ السَّيِّئَةَ وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ يُنْفِقُونَ

    Міне сОларға сабыр еткендіктері себепті сыйлықтары екі есе беріледі. (Екі кітапқа да иман келтіргендіктері үшін. Б.Ж.М.К.Р.) Және олар жамандықты жақсылықпен жойып, өздеріне берген несібемізден тиісті орынға жүмсайды.

    28:54
  5. وَإِذَا سَمِعُوا اللَّغْوَ أَعْرَضُوا عَنْهُ وَقَالُوا لَنَا أَعْمَالُنَا وَلَكُمْ أَعْمَالُكُمْ سَلَامٌ عَلَيْكُمْ لَا نَبْتَغِي الْجَاهِلِينَ

    Қашан олар бос сөз естісе, одан бет бұрып: "Біздің ісіміз өзімізге, сендердің істерің өздеріңе тән. Сендерге сәлеи. (Қош енді.) Надандарды қаламаймыз" дейді.

    28:55
  6. إِنَّكَ لَا تَهْدِي مَنْ أَحْبَبْتَ وَلَٰكِنَّ اللَّهَ يَهْدِي مَنْ يَشَاءُ ۚ وَهُوَ أَعْلَمُ بِالْمُهْتَدِينَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) расында жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Алла кімді қаласа, оны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол, тура жол табатындарды жақсы біледі. (Бұл аят Мұхаммед Ғ.С ның әкесімен туысқан Әбу Таліпқа байланысты. Ж.М.К.Р.Х.)

    28:56
  7. وَقَالُوا إِنْ نَتَّبِعِ الْهُدَىٰ مَعَكَ نُتَخَطَّفْ مِنْ أَرْضِنَا ۚ أَوَلَمْ نُمَكِّنْ لَهُمْ حَرَمًا آمِنًا يُجْبَىٰ إِلَيْهِ ثَمَرَاتُ كُلِّ شَيْءٍ رِزْقًا مِنْ لَدُنَّا وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ

    (Қүрайш тобы): "Егер сенмен бірге тура жолға түссек, жерімізден дереу шығарыламыз" деді. Оларды өз жанымыздан, әр нәрсенің өнімдері несібе түрінде шогырланатын, қастерлі де бейбіт бір жерге (Меккеге) орналастырмадық па? Бірақ олардың көбі түсінбейді.

    28:57
  8. وَكَمْ أَهْلَكْنَا مِنْ قَرْيَةٍ بَطِرَتْ مَعِيشَتَهَا ۖ فَتِلْكَ مَسَاكِنُهُمْ لَمْ تُسْكَنْ مِنْ بَعْدِهِمْ إِلَّا قَلِيلًا ۖ وَكُنَّا نَحْنُ الْوَارِثِينَ

    Қаншалаған тіршілігіне мас болған кенттерді типыл қылдық. Міне олардан кейін өте аз отырылған қоныстары; Ақыр Біз мұрагер болдық.

    28:58
  9. وَمَا كَانَ رَبُّكَ مُهْلِكَ الْقُرَىٰ حَتَّىٰ يَبْعَثَ فِي أُمِّهَا رَسُولًا يَتْلُو عَلَيْهِمْ آيَاتِنَا ۚ وَمَا كُنَّا مُهْلِكِي الْقُرَىٰ إِلَّا وَأَهْلُهَا ظَالِمُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) Раббың кенттердің орталығына, оларға аяттарымызды оқитын бір елші жібермейінше жоқ етуші емес. Халқы залыи болған кентті ғана жоқ етеміз.

    28:59

Аударма: Халифа Алтай