Мусыхаф, бет 393

  1. وَمَا أُوتِيتُمْ مِنْ شَيْءٍ فَمَتَاعُ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَزِينَتُهَا ۚ وَمَا عِنْدَ اللَّهِ خَيْرٌ وَأَبْقَىٰ ۚ أَفَلَا تَعْقِلُونَ

    Сендерге берілген нәрсе, Дүние тіршілігінің буйымы, зейнеті гана. Ал Алланың қасындагы нәрсе хайырлы да тұрақты. Енді де ойламайсыңдар ма?

    28:60
  2. أَفَمَنْ وَعَدْنَاهُ وَعْدًا حَسَنًا فَهُوَ لَاقِيهِ كَمَنْ مَتَّعْنَاهُ مَتَاعَ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا ثُمَّ هُوَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ مِنَ الْمُحْضَرِينَ

    Ал енді өзіне жақсы уәде беріп, соган қауышатын біреу; өзін дүние тіршілігінде пайдаландырып, сосын қиямет күні жазага әзірленетін кісілер тәрізді ме?

    28:61
  3. وَيَوْمَ يُنَادِيهِمْ فَيَقُولُ أَيْنَ شُرَكَائِيَ الَّذِينَ كُنْتُمْ تَزْعُمُونَ

    (Алла Т.) ол күні, оларға: "Сендердің Маған серік деп үйғарғандарың қайда?",- деп, дабыстайды.

    28:62
  4. قَالَ الَّذِينَ حَقَّ عَلَيْهِمُ الْقَوْلُ رَبَّنَا هَٰؤُلَاءِ الَّذِينَ أَغْوَيْنَا أَغْوَيْنَاهُمْ كَمَا غَوَيْنَا ۖ تَبَرَّأْنَا إِلَيْكَ ۖ مَا كَانُوا إِيَّانَا يَعْبُدُونَ

    Өздеріне сөз келгендер: "Раббымыз! Бұлар, біз адастырғандар; оларды өзіміз адасқандай адастырдық. Олардан безіп, Саған келдік. Олар негізінен бізге табынбайтын еді" дейді.

    28:63
  5. وَقِيلَ ادْعُوا شُرَكَاءَكُمْ فَدَعَوْهُمْ فَلَمْ يَسْتَجِيبُوا لَهُمْ وَرَأَوُا الْعَذَابَ ۚ لَوْ أَنَّهُمْ كَانُوا يَهْتَدُونَ

    Ал оларға: "Қосқан ортақтарыңды шақырыңдар" делінеді. Сонда олар шақырады. Олар жауап бермейді. Олар тозақты көреді. (Қап!) Олар тура жолда болған болса еді.

    28:64
  6. وَيَوْمَ يُنَادِيهِمْ فَيَقُولُ مَاذَا أَجَبْتُمُ الْمُرْسَلِينَ

    (Алла Т.) ол күні, оларға: "Елшілерімізге не жауап бердіңдер?",- деп, дабыстайды.

    28:65
  7. فَعَمِيَتْ عَلَيْهِمُ الْأَنْبَاءُ يَوْمَئِذٍ فَهُمْ لَا يَتَسَاءَلُونَ

    Сол күні Оларға хабарлар естілмейді де (өзара да) сұраспайды.

    28:66
  8. فَأَمَّا مَنْ تَابَ وَآمَنَ وَعَمِلَ صَالِحًا فَعَسَىٰ أَنْ يَكُونَ مِنَ الْمُفْلِحِينَ

    Ал енді кім тәубе етіп, иман келтіріп ізгі іс істесе, қүтылушылардан болуы үміт етіледі.

    28:67
  9. وَرَبُّكَ يَخْلُقُ مَا يَشَاءُ وَيَخْتَارُ ۗ مَا كَانَ لَهُمُ الْخِيَرَةُ ۚ سُبْحَانَ اللَّهِ وَتَعَالَىٰ عَمَّا يُشْرِكُونَ

    Раббың қалағанын жаратады да сүрыптайды. Оларда ерік болмайды. Алла (Т.) олардың қосқан серіктерінен пәк, өте жоғары.

    28:68
  10. وَرَبُّكَ يَعْلَمُ مَا تُكِنُّ صُدُورُهُمْ وَمَا يُعْلِنُونَ

    Раббың олардың көңілдеріндегі жасырған нәрселерін де көрнеу істеген нәрселерін де біледі.

    28:69
  11. وَهُوَ اللَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۖ لَهُ الْحَمْدُ فِي الْأُولَىٰ وَالْآخِرَةِ ۖ وَلَهُ الْحُكْمُ وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ

    Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Дүние, ахиретте барлық мақтау Оған лайық. Үкім Оған тән. Және Сол жаққа қайтарыласыңдар.

    28:70

Аударма: Халифа Алтай