Мусыхаф, бет 446

  1. وَالصَّافَّاتِ صَفًّا

    Сап-сап тұрушы (періштелерге) серт,

    37:1
  2. فَالزَّاجِرَاتِ زَجْرًا

    Айдаған сайын айдаушы (періштелерге) серт,

    37:2
  3. فَالتَّالِيَاتِ ذِكْرًا

    Үгіт оқупш (періштелерге) серт. (Алладан басқамен ант ету дүрыс емес. Бірақ, Алла тарапынан басқага ант етілуі; ант еткен нәрселерде; ант етілген нәрселерге куәлік бар деген үғымды береді. Т-Қ)

    37:3
  4. إِنَّ إِلَٰهَكُمْ لَوَاحِدٌ

    Тәңірлерің біреу.

    37:4
  5. رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا وَرَبُّ الْمَشَارِقِ

    Көктер мен жердің әрі араларындағылардың және шығыс жақтардың Раббы. (70-С. 40-А.)

    37:5
  6. إِنَّا زَيَّنَّا السَّمَاءَ الدُّنْيَا بِزِينَةٍ الْكَوَاكِبِ

    Рас дүние көгін жүлдыздармен безедік.

    37:6
  7. وَحِفْظًا مِنْ كُلِّ شَيْطَانٍ مَارِدٍ

    Бүкіл шектен шыққан шайтаннан қорғадық.

    37:7
  8. لَا يَسَّمَّعُونَ إِلَى الْمَلَإِ الْأَعْلَىٰ وَيُقْذَفُونَ مِنْ كُلِّ جَانِبٍ

    Олар, жоғаргы әлемді тыңдай алмайды. Олар, әр тараптан атылады.

    37:8
  9. دُحُورًا ۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ وَاصِبٌ

    Қуылган түрде олар үшін үдайы азап бар.

    37:9
  10. إِلَّا مَنْ خَطِفَ الْخَطْفَةَ فَأَتْبَعَهُ شِهَابٌ ثَاقِبٌ

    Алайда әлде біреу бір сөз үрлайтын болса, оны өткір бір жалын қуалайды.

    37:10
  11. فَاسْتَفْتِهِمْ أَهُمْ أَشَدُّ خَلْقًا أَمْ مَنْ خَلَقْنَا ۚ إِنَّا خَلَقْنَاهُمْ مِنْ طِينٍ لَازِبٍ

    Енді олардан сүра: "Оларды жарату қиын ба? Басқа жаратқандарымыз қиын ба? Шын мәнінде оларды (адам баласын) бір жабысқақ балшыктан жараттық.

    37:11
  12. بَلْ عَجِبْتَ وَيَسْخَرُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) Әрине (Бүл жаратылысқа) таңырқадың, олар мазақтайды.

    37:12
  13. وَإِذَا ذُكِّرُوا لَا يَذْكُرُونَ

    Қашан оларға ескертілсе де олар ескермейді.

    37:13
  14. وَإِذَا رَأَوْا آيَةً يَسْتَسْخِرُونَ

    Бір мүгжиза көрсе, олар тәлкек қылады.

    37:14
  15. وَقَالُوا إِنْ هَٰذَا إِلَّا سِحْرٌ مُبِينٌ

    "Бүл мүлде ашық жады" деседі.

    37:15
  16. أَإِذَا مِتْنَا وَكُنَّا تُرَابًا وَعِظَامًا أَإِنَّا لَمَبْعُوثُونَ

    "Біз өліп топырақ және сүйектер болган кезде, рас тірілтілеміз бе?"

    37:16
  17. أَوَآبَاؤُنَا الْأَوَّلُونَ

    "Әуелгі аталарымыз да ма?",- дер.

    37:17
  18. قُلْ نَعَمْ وَأَنْتُمْ دَاخِرُونَ

    "Әрине сендер кор боп •гірілесіңдер" де.

    37:18
  19. فَإِنَّمَا هِيَ زَجْرَةٌ وَاحِدَةٌ فَإِذَا هُمْ يَنْظُرُونَ

    Шын мәнінде ол бір үрейлі дауыс. Сонда олар қарап қалады.

    37:19
  20. وَقَالُوا يَا وَيْلَنَا هَٰذَا يَوْمُ الدِّينِ

    "Әттеген-ай! Бұл есеп күні екен ғой!",- деседі.

    37:20
  21. هَٰذَا يَوْمُ الْفَصْلِ الَّذِي كُنْتُمْ بِهِ تُكَذِّبُونَ

    "Бүл сендер жасынга шығарған билік күні!"

    37:21
  22. احْشُرُوا الَّذِينَ ظَلَمُوا وَأَزْوَاجَهُمْ وَمَا كَانُوا يَعْبُدُونَ

    "Жинаңдар! Ол залымдардьі да сыбайластарын да олардың табынғандарын да:"

    37:22
  23. مِنْ دُونِ اللَّهِ فَاهْدُوهُمْ إِلَىٰ صِرَاطِ الْجَحِيمِ

    "Алладан өзге. Оларға тозақтың жолын көрсетіңдер;"

    37:23
  24. وَقِفُوهُمْ ۖ إِنَّهُمْ مَسْئُولُونَ

    "Оларды тоқтатықдар. Өйткені олар сүраққа тартылады" (делінеді.)

    37:24

Аударма: Халифа Алтай