Мусыхаф, бет 464

  1. وَبَدَا لَهُمْ سَيِّئَاتُ مَا كَسَبُوا وَحَاقَ بِهِمْ مَا كَانُوا بِهِ يَسْتَهْزِئُونَ

    Оларга істеген жамандықтары мәлім болады. Әрі олардың ажыуалаган нәрселері өздерін баурап алады.

    39:48
  2. فَإِذَا مَسَّ الْإِنْسَانَ ضُرٌّ دَعَانَا ثُمَّ إِذَا خَوَّلْنَاهُ نِعْمَةً مِنَّا قَالَ إِنَّمَا أُوتِيتُهُ عَلَىٰ عِلْمٍ ۚ بَلْ هِيَ فِتْنَةٌ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ

    Адам баласына бір қиыншылық душар болса, Бізге жалбарадьі. Сосын оған жанымыздан бір игілік берген сәтте: "Бүл маган білгіштігіме ғана берілді" дейді. Жоқ олай емес, ол бір сынақ. Бірақ олардың көбі түсінбейді.

    39:49
  3. قَدْ قَالَهَا الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ فَمَا أَغْنَىٰ عَنْهُمْ مَا كَانُوا يَكْسِبُونَ

    Расында олардан бүрынғылар да соньі айтқан болатын. Бірақ олардың істегендері кәдеге жарамады.

    39:50
  4. فَأَصَابَهُمْ سَيِّئَاتُ مَا كَسَبُوا ۚ وَالَّذِينَ ظَلَمُوا مِنْ هَٰؤُلَاءِ سَيُصِيبُهُمْ سَيِّئَاتُ مَا كَسَبُوا وَمَا هُمْ بِمُعْجِزِينَ

    Сонықтан олардың кесірлері өздеріне тиеді. Сондай-ақ олардан залым болғандардың сүмдығы жедел өз бастарына жетеді. Олар Алланы осалдата алмайды.

    39:51
  5. أَوَلَمْ يَعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ يَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَنْ يَشَاءُ وَيَقْدِرُ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ

    Олар білмей ме? Расында Алла (Т.) кімді қаласа, оның несібесін кеңітеді де тарайтады. Сөз жоқ, осыларда сенген ел үшін өнегелер бар.

    39:52
  6. قُلْ يَا عِبَادِيَ الَّذِينَ أَسْرَفُوا عَلَىٰ أَنْفُسِهِمْ لَا تَقْنَطُوا مِنْ رَحْمَةِ اللَّهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ يَغْفِرُ الذُّنُوبَ جَمِيعًا ۚ إِنَّهُ هُوَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ

    (Мұхаммед Ғ.С.): "Әй өздеріне зиян қылған қүлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртүтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді" де.

    39:53
  7. وَأَنِيبُوا إِلَىٰ رَبِّكُمْ وَأَسْلِمُوا لَهُ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَأْتِيَكُمُ الْعَذَابُ ثُمَّ لَا تُنْصَرُونَ

    "Өздеріңе апат келуден бүрын Раббыларыңа қайтыңдар, Оган бой үсыныңдар. Кейін жәрдем көре алмайсыңдар."

    39:54
  8. وَاتَّبِعُوا أَحْسَنَ مَا أُنْزِلَ إِلَيْكُمْ مِنْ رَبِّكُمْ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَأْتِيَكُمُ الْعَذَابُ بَغْتَةً وَأَنْتُمْ لَا تَشْعُرُونَ

    "Сендерге > кенеттен, хабарсыз азап келуден бұрын өздеріңе түсірілген жақсы нәрсеге еріңдер!"

    39:55
  9. أَنْ تَقُولَ نَفْسٌ يَا حَسْرَتَا عَلَىٰ مَا فَرَّطْتُ فِي جَنْبِ اللَّهِ وَإِنْ كُنْتُ لَمِنَ السَّاخِرِينَ

    Біреудің: "Алла туралы кемшілік еткендігіме және мазақтаушылардан болғандығыма маған нендей өкініш" • дейтін (күнді еске алыңдар.)

    39:56

Аударма: Халифа Алтай