Сүре 39 əз-Зүмәр (Бұқара)
-
أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّهَ أَنْزَلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَسَلَكَهُ يَنَابِيعَ فِي الْأَرْضِ ثُمَّ يُخْرِجُ بِهِ زَرْعًا مُخْتَلِفًا أَلْوَانُهُ ثُمَّ يَهِيجُ فَتَرَاهُ مُصْفَرًّا ثُمَّ يَجْعَلُهُ حُطَامًا ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَذِكْرَىٰ لِأُولِي الْأَلْبَابِ
Көрмейсің бе? Алла көктен жаңбыр жаудырып, оны жер жүзіндегі қайнарларға салды. Сосын ол арқылы түрлі-түсті егіндер шығарды. Сосын қуқыл тартып, оның саргайғанын көресің. Сосын оны қоқымга айналдырады. Бүнда ақыл иелеріне үгіт бар.
39:21 -
أَفَمَنْ شَرَحَ اللَّهُ صَدْرَهُ لِلْإِسْلَامِ فَهُوَ عَلَىٰ نُورٍ مِنْ رَبِّهِ ۚ فَوَيْلٌ لِلْقَاسِيَةِ قُلُوبُهُمْ مِنْ ذِكْرِ اللَّهِ ۚ أُولَٰئِكَ فِي ضَلَالٍ مُبِينٍ
Алла (Т.) әлде кімнің көкірегін Ислам тшін ашса, сонда ол, Раббы тарапынан нұр үстінде емес пе? Жүректері Алланы еске алудан қатайғандар қүрысын! Міне олар, ашық адасуда.
39:22 -
اللَّهُ نَزَّلَ أَحْسَنَ الْحَدِيثِ كِتَابًا مُتَشَابِهًا مَثَانِيَ تَقْشَعِرُّ مِنْهُ جُلُودُ الَّذِينَ يَخْشَوْنَ رَبَّهُمْ ثُمَّ تَلِينُ جُلُودُهُمْ وَقُلُوبُهُمْ إِلَىٰ ذِكْرِ اللَّهِ ۚ ذَٰلِكَ هُدَى اللَّهِ يَهْدِي بِهِ مَنْ يَشَاءُ ۚ وَمَنْ يُضْلِلِ اللَّهُ فَمَا لَهُ مِنْ هَادٍ
Алла (Т.); аяттары бір-біріне тқсас қайталанып отыратын, сөздің ең көркемін Кітап ттрінде түсірді. Одан Алладан қорыққандардың ттктері трпиеді. Сосын олардың терілері, жүректері Алланың зікіріне жүмсайды. Бұл (Қтран) Алланың тура жолы. Онымен кікді қаласа, тура жолға салады. Алла әлде кіиді адастырса, сонда оган тура жол көрсетуші болмайды.
39:23 -
أَفَمَنْ يَتَّقِي بِوَجْهِهِ سُوءَ الْعَذَابِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۚ وَقِيلَ لِلظَّالِمِينَ ذُوقُوا مَا كُنْتُمْ تَكْسِبُونَ
Қиямет күні, жтзін жаиан азаптан қоруға тырысқан кісі қандай?... Залымдарға: "Істегендеріңнің жазасын татыңдар" делінеді
39:24 -
كَذَّبَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ فَأَتَاهُمُ الْعَذَابُ مِنْ حَيْثُ لَا يَشْعُرُونَ
Олардан бүрынғылар да жасынға шығарған. Сонда оларга кттпеген жерден апат келген.
39:25 -
فَأَذَاقَهُمُ اللَّهُ الْخِزْيَ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا ۖ وَلَعَذَابُ الْآخِرَةِ أَكْبَرُ ۚ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ
Егер олар білген болса, Алла оларға дтние тіршілігінің қорлығын тарттырган. Әрине ахирет азабы тағы зор.
39:26 -
وَلَقَدْ ضَرَبْنَا لِلنَّاسِ فِي هَٰذَا الْقُرْآنِ مِنْ كُلِّ مَثَلٍ لَعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ
Расында Біз Бұл Қүранды адам баласына әр ттрлі мысалды, олар тгіт алу тшін келтірдік.
39:27 -
قُرْآنًا عَرَبِيًّا غَيْرَ ذِي عِوَجٍ لَعَلَّهُمْ يَتَّقُونَ
БҮЛ мүлтіксіз бір арапша Қүран. Әрине олар сақсынар.
39:28 -
ضَرَبَ اللَّهُ مَثَلًا رَجُلًا فِيهِ شُرَكَاءُ مُتَشَاكِسُونَ وَرَجُلًا سَلَمًا لِرَجُلٍ هَلْ يَسْتَوِيَانِ مَثَلًا ۚ الْحَمْدُ لِلَّهِ ۚ بَلْ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Алла бір мысал берді: Өзара шығыса алмаган ортақтардың меншігіндегі біреумен бір адамның меншігіндегі біреу; мысалда, екеуі тең бе? Барлық мақтау Аллага лайық. Бірақ олардың көбі түсінбейді.
39:29 -
إِنَّكَ مَيِّتٌ وَإِنَّهُمْ مَيِّتُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) шынында сен де өлесің. Олар да өледі.
39:30 -
ثُمَّ إِنَّكُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عِنْدَ رَبِّكُمْ تَخْتَصِمُونَ
Сосын сендер, қиямет күнінде Раббыларыңның хтзырында дауласасыңдар.
39:31 -
فَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنْ كَذَبَ عَلَى اللَّهِ وَكَذَّبَ بِالصِّدْقِ إِذْ جَاءَهُ ۚ أَلَيْسَ فِي جَهَنَّمَ مَثْوًى لِلْكَافِرِينَ
Ал енді Аллаға өтірік айтқан, сондай-ақ өзіне шындық келген кезде, оны жасынға шыгарган біреуден залымырақ кім бар? Қарсы келушілерге тозақта орын бар емес пе?
39:32 -
وَالَّذِي جَاءَ بِالصِّدْقِ وَصَدَّقَ بِهِ ۙ أُولَٰئِكَ هُمُ الْمُتَّقُونَ
Сондай шындықты әкелген және оны мойындаған міне солар; тақуалар.
39:33 -
لَهُمْ مَا يَشَاءُونَ عِنْدَ رَبِّهِمْ ۚ ذَٰلِكَ جَزَاءُ الْمُحْسِنِينَ
Оларға Раббыларының қасында қалағандары бар. Жақсылық істеу ші л ерд ің сыйлықтары осы.
39:34 -
لِيُكَفِّرَ اللَّهُ عَنْهُمْ أَسْوَأَ الَّذِي عَمِلُوا وَيَجْزِيَهُمْ أَجْرَهُمْ بِأَحْسَنِ الَّذِي كَانُوا يَعْمَلُونَ
Өйткені Алла (Т.) олардың істеген істерінің жаманын жояды да оларды істеген істерінің ең жақсысымен сыйлайды.
39:35 -
أَلَيْسَ اللَّهُ بِكَافٍ عَبْدَهُ ۖ وَيُخَوِّفُونَكَ بِالَّذِينَ مِنْ دُونِهِ ۚ وَمَنْ يُضْلِلِ اللَّهُ فَمَا لَهُ مِنْ هَادٍ
Алла қүлына жеткілікті емес пе? (Мұхаммед Ғ.С.) олар сені Алладан өзгелермен қорқытады. Кімді Алла адастырса, оған тура жол көрсетуші жоқ.
39:36 -
وَمَنْ يَهْدِ اللَّهُ فَمَا لَهُ مِنْ مُضِلٍّ ۗ أَلَيْسَ اللَّهُ بِعَزِيزٍ ذِي انْتِقَامٍ
Ал кімді Алла тура жолға салса, сонда оны адастырушы жоқ. Алла (Т.) өте үстем, өш алу ктшіне ие емес пе?
39:37 -
وَلَئِنْ سَأَلْتَهُمْ مَنْ خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ لَيَقُولُنَّ اللَّهُ ۚ قُلْ أَفَرَأَيْتُمْ مَا تَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ إِنْ أَرَادَنِيَ اللَّهُ بِضُرٍّ هَلْ هُنَّ كَاشِفَاتُ ضُرِّهِ أَوْ أَرَادَنِي بِرَحْمَةٍ هَلْ هُنَّ مُمْسِكَاتُ رَحْمَتِهِ ۚ قُلْ حَسْبِيَ اللَّهُ ۖ عَلَيْهِ يَتَوَكَّلُ الْمُتَوَكِّلُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) расында олардан: "Көктерді жерді кім жаратты" деп сүрасаң, әрине олар: "Алла" дейді. "Көрдіңдер ме? Егер Алла маган бір зиян беруді қаласа, Алладан өзге шоқынғандарың Оның апатын айықтыра ала ма? Немесе Алла маған бір игілік қаласа, олар Оның игілігін тоса ала ма?",- де. "Алла маған жетеді. Тәуекел етушілөр Оган тәуекел етсін" де.
39:38 -
قُلْ يَا قَوْمِ اعْمَلُوا عَلَىٰ مَكَانَتِكُمْ إِنِّي عَامِلٌ ۖ فَسَوْفَ تَعْلَمُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.): "Әй елім! Өз орындарыңда істей беріңдер. Әрине мен де істеймін. Жақында білесіңдер" де.
39:39 -
مَنْ يَأْتِيهِ عَذَابٌ يُخْزِيهِ وَيَحِلُّ عَلَيْهِ عَذَابٌ مُقِيمٌ
"Қорлаушы азап кімге келеді? Үстіне түрақты азап түсетін кім? (Жақында білесіңдер" де.)
39:40
Аударма: Халифа Алтай