Мусыхаф, бет 522
-
قَالَ فَمَا خَطْبُكُمْ أَيُّهَا الْمُرْسَلُونَ
(Ыбырайым Ғ.С.): "Әй елшілер! Бүйымтайларың не?",- деді.
51:31 -
قَالُوا إِنَّا أُرْسِلْنَا إِلَىٰ قَوْمٍ مُجْرِمِينَ
"Шынында біз қылмысты бір елге жіберілдік."
51:32 -
لِنُرْسِلَ عَلَيْهِمْ حِجَارَةً مِنْ طِينٍ
"Оларга балшықтан пісірілген тас жаудыру үшін!"
51:33 -
مُسَوَّمَةً عِنْدَ رَبِّكَ لِلْمُسْرِفِينَ
"Раббық тарапынан, шектен шығушылар тшін белгіленген" (деді.)
51:34 -
فَأَخْرَجْنَا مَنْ كَانَ فِيهَا مِنَ الْمُؤْمِنِينَ
Ол жерден мүміндерді шығардық.
51:35 -
فَمَا وَجَدْنَا فِيهَا غَيْرَ بَيْتٍ مِنَ الْمُسْلِمِينَ
Дегенмен ол жерде Мтсылманнан бір үйден басқа таппадық. (Лүт Ғ.С. мен екі қызы. Ж.) (29-С. 30-А.)
51:36 -
وَتَرَكْنَا فِيهَا آيَةً لِلَّذِينَ يَخَافُونَ الْعَذَابَ الْأَلِيمَ
Ол арада күйзелтуші азаптан қорқушылар үшін бір ғибрат қалдырдық.
51:37 -
وَفِي مُوسَىٰ إِذْ أَرْسَلْنَاهُ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ بِسُلْطَانٍ مُبِينٍ
Мүсада да (ғибрат) бар. Оны ашық мүғжизалармен жіберген уақытта:
51:38 -
فَتَوَلَّىٰ بِرُكْنِهِ وَقَالَ سَاحِرٌ أَوْ مَجْنُونٌ
Пергауын сыбайластарымен теріс айналып: "Жады немесе жынды" деді.
51:39 -
فَأَخَذْنَاهُ وَجُنُودَهُ فَنَبَذْنَاهُمْ فِي الْيَمِّ وَهُوَ مُلِيمٌ
Сондықтан оны әрі ләшкерлерін қолга алып, оны өзіне сөгіс бергөн түрде теңізге тастадық.
51:40 -
وَفِي عَادٍ إِذْ أَرْسَلْنَا عَلَيْهِمُ الرِّيحَ الْعَقِيمَ
Ғад елінде де (ғибрат) бар. Сол уақытта оларга зиянды қатты дауыл жібердік;
51:41 -
مَا تَذَرُ مِنْ شَيْءٍ أَتَتْ عَلَيْهِ إِلَّا جَعَلَتْهُ كَالرَّمِيمِ
Ол, тиген нәрсесін мүлде шіріген сүйектей етіп тастайды.
51:42 -
وَفِي ثَمُودَ إِذْ قِيلَ لَهُمْ تَمَتَّعُوا حَتَّىٰ حِينٍ
Сәмүд елінде де (ғибрат) бар. Сол уақытта оларға: "Бір мерзімге дейін пайдалана түрыңдар" делінді.
51:43 -
فَعَتَوْا عَنْ أَمْرِ رَبِّهِمْ فَأَخَذَتْهُمُ الصَّاعِقَةُ وَهُمْ يَنْظُرُونَ
Сонда олар , Раббыларының әміріне қарсы келді. Сондықтан олар, қарап түрганда нажағай түсті.
51:44 -
فَمَا اسْتَطَاعُوا مِنْ قِيَامٍ وَمَا كَانُوا مُنْتَصِرِينَ
Сонда олардың түруга да шамалары келмеді әрі жәрдем де көрмеді.
51:45 -
وَقَوْمَ نُوحٍ مِنْ قَبْلُ ۖ إِنَّهُمْ كَانُوا قَوْمًا فَاسِقِينَ
Бүрын Нүх (Ғ.С.) елін жоқ еттік. Өйткені олар, бүзақы ел еді.
51:46 -
وَالسَّمَاءَ بَنَيْنَاهَا بِأَيْدٍ وَإِنَّا لَمُوسِعُونَ
Аспанды қүдыретімізбен жасадық. Шын мәнінде күшіміз жетеді.
51:47 -
وَالْأَرْضَ فَرَشْنَاهَا فَنِعْمَ الْمَاهِدُونَ
Сондай-ақ жерді төседік. Недеген жақсы төсеушіміз.
51:48 -
وَمِنْ كُلِّ شَيْءٍ خَلَقْنَا زَوْجَيْنِ لَعَلَّكُمْ تَذَكَّرُونَ
Түсінулерің үшін әр нәрсені пар-парымен жараттық. (36-С. 36-А.)
51:49 -
فَفِرُّوا إِلَى اللَّهِ ۖ إِنِّي لَكُمْ مِنْهُ نَذِيرٌ مُبِينٌ
(Мұхаммед Ғ.С. оларға): "Алла жаққа жүгіріңдер. Сөзсіз мен, Оның тарапынан сендерге ашық ескертушімін" (де.)
51:50 -
وَلَا تَجْعَلُوا مَعَ اللَّهِ إِلَٰهًا آخَرَ ۖ إِنِّي لَكُمْ مِنْهُ نَذِيرٌ مُبِينٌ
"Алламен бірге басқа тәңір қылмаңдар. Шын иәнінде сендерге ашық өскертушімін" (де.)
51:51
Аударма: Халифа Алтай