Мусыхаф, бет 525

  1. أَمْ تَأْمُرُهُمْ أَحْلَامُهُمْ بِهَٰذَا ۚ أَمْ هُمْ قَوْمٌ طَاغُونَ

    Немесе оларға бүны ақылдары әмір ете ме? Не олар азғын бір ел ме?

    52:32
  2. أَمْ يَقُولُونَ تَقَوَّلَهُ ۚ بَلْ لَا يُؤْمِنُونَ

    Я, болмаса олар: "Кұранды өзі жасап алды" дей ме? Жоқ, олар иман келтірмейді.

    52:33
  3. فَلْيَأْتُوا بِحَدِيثٍ مِثْلِهِ إِنْ كَانُوا صَادِقِينَ

    Ендеше, егер олар шыншыл болса, Құран сияқты бір сөз келтірсін. (2-С.23-А., Ю.С. 38-А., 11-С. 13-А.)

    52:34
  4. أَمْ خُلِقُوا مِنْ غَيْرِ شَيْءٍ أَمْ هُمُ الْخَالِقُونَ

    Немесе олар еш нәрсесіз (өзінен-өзі) жаратылды ма? Не жаратушы өздері ме?

    52:35
  5. أَمْ خَلَقُوا السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ ۚ بَلْ لَا يُوقِنُونَ

    Яки олар, көктер мен жерді жаратты ма? Жоқ, олар нанбайды.

    52:36
  6. أَمْ عِنْدَهُمْ خَزَائِنُ رَبِّكَ أَمْ هُمُ الْمُصَيْطِرُونَ

    Немесе Раббыңның қазыналары олардың қасында ма? Я, олар игеруші ме?

    52:37
  7. أَمْ لَهُمْ سُلَّمٌ يَسْتَمِعُونَ فِيهِ ۖ فَلْيَأْتِ مُسْتَمِعُهُمْ بِسُلْطَانٍ مُبِينٍ

    Немесе, олардың шыгып тыңдайтын сатылары бар ма? Онда олардың тыңдаушылары ашық бір дәлел келтірсінші!

    52:38
  8. أَمْ لَهُ الْبَنَاتُ وَلَكُمُ الْبَنُونَ

    Немесе қыздар Алланікі де үлдар сендердікі ме?

    52:39
  9. أَمْ تَسْأَلُهُمْ أَجْرًا فَهُمْ مِنْ مَغْرَمٍ مُثْقَلُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) не сен олардан ақы тілеп сондықтан олар ауыр борышқа жығылды ма?

    52:40
  10. أَمْ عِنْدَهُمُ الْغَيْبُ فَهُمْ يَكْتُبُونَ

    Немесе олардың қасында ғайыптың мәліметі бар да олар соны жаза ма?

    52:41
  11. أَمْ يُرِيدُونَ كَيْدًا ۖ فَالَّذِينَ كَفَرُوا هُمُ الْمَكِيدُونَ

    Не болмаса, олардың бір әдіс қылгылары келе ме? Сонда қарсы болғандардың өздері түзаққа түседі.

    52:42
  12. أَمْ لَهُمْ إِلَٰهٌ غَيْرُ اللَّهِ ۚ سُبْحَانَ اللَّهِ عَمَّا يُشْرِكُونَ

    Әлде олардың Алладан басқа тәңірі бар ма? Алла олардың қосқан теңеулерінен пәк.

    52:43
  13. وَإِنْ يَرَوْا كِسْفًا مِنَ السَّمَاءِ سَاقِطًا يَقُولُوا سَحَابٌ مَرْكُومٌ

    Олар аспаннан түсіп келе жатқан бір кесек көрсе де: "Шоғырланған бұлт" дейді.

    52:44
  14. فَذَرْهُمْ حَتَّىٰ يُلَاقُوا يَوْمَهُمُ الَّذِي فِيهِ يُصْعَقُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) енді оларды жоқ болатын күндеріне жолыққандарына дейін қойып қой.

    52:45
  15. يَوْمَ لَا يُغْنِي عَنْهُمْ كَيْدُهُمْ شَيْئًا وَلَا هُمْ يُنْصَرُونَ

    Ол күні оларға әдістері ешбір пайда бермейді әрі оларға көмек те етілмейді.

    52:46
  16. وَإِنَّ لِلَّذِينَ ظَلَمُوا عَذَابًا دُونَ ذَٰلِكَ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ

    Шүбәсыз ондай залымдарға одан өзге де азап бар. Бірақ олардың көбі түсінбейді.

    52:47
  17. وَاصْبِرْ لِحُكْمِ رَبِّكَ فَإِنَّكَ بِأَعْيُنِنَا ۖ وَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ حِينَ تَقُومُ

    (Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның үкіміне сабыр ет. Өйткені сен көз алдымыздасың. Орныңнан түрған шақта, Раббыңды мақтай дәріпте.

    52:48
  18. وَمِنَ اللَّيْلِ فَسَبِّحْهُ وَإِدْبَارَ النُّجُومِ

    Түннің бір бөлімінде және жүлдыздар батар кезде де дәріпте. (Құптан және таң намазын оқы. М.Ж)

    52:49

Аударма: Халифа Алтай