Мусыхаф, бет 526
-
وَالنَّجْمِ إِذَا هَوَىٰ
Батып бара жатқан жұлдыздарға серт.
53:1 -
مَا ضَلَّ صَاحِبُكُمْ وَمَا غَوَىٰ
Жолдастарың (Мұхаммед Ғ.С.) адаспады да ауытқымады.
53:2 -
وَمَا يَنْطِقُ عَنِ الْهَوَىٰ
Ол өз ойынан сөйлемейді.
53:3 -
إِنْ هُوَ إِلَّا وَحْيٌ يُوحَىٰ
Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана.
53:4 -
عَلَّمَهُ شَدِيدُ الْقُوَىٰ
Оған оны өте күшті (Жебрейіл Ғ.С.) үйретті.
53:5 -
ذُو مِرَّةٍ فَاسْتَوَىٰ
Ол қуат иесі (Жебрейіл өз бейнесінде) тура түрды. (Бүл көрініс Хыра тауында болган. Ж.Р.)
53:6 -
وَهُوَ بِالْأُفُقِ الْأَعْلَىٰ
Ол, жоғары көк жиекте еді.
53:7 -
ثُمَّ دَنَا فَتَدَلَّىٰ
Ол, жақындап төмендеді.
53:8 -
فَكَانَ قَابَ قَوْسَيْنِ أَوْ أَدْنَىٰ
Тіпті садақтың екі басындай әлде жақынырақ.
53:9 -
فَأَوْحَىٰ إِلَىٰ عَبْدِهِ مَا أَوْحَىٰ
Сонда Алла, қүлына уахи ететін нәрселерін көкейіне салды.
53:10 -
مَا كَذَبَ الْفُؤَادُ مَا رَأَىٰ
Оның көзінің көргенін көңлі жалганга шыгармады.
53:11 -
أَفَتُمَارُونَهُ عَلَىٰ مَا يَرَىٰ
Ал енді оның көрген нәрсесіне сендер таласасыңдар ма?
53:12 -
وَلَقَدْ رَآهُ نَزْلَةً أُخْرَىٰ
Расында ол, Жебрейілді екінші рет көрді.
53:13 -
عِنْدَ سِدْرَةِ الْمُنْتَهَىٰ
Түрақтау агашының жанында.
53:14 -
عِنْدَهَا جَنَّةُ الْمَأْوَىٰ
Оның қасында Мәуа жаннаты бар.
53:15 -
إِذْ يَغْشَى السِّدْرَةَ مَا يَغْشَىٰ
Сол уақытта ағашты қаптаған нәрсе қаптады.
53:16 -
مَا زَاغَ الْبَصَرُ وَمَا طَغَىٰ
(Мұхаммед Ғ.С.ның) көзі таймады да үстірт қарамады.
53:17 -
لَقَدْ رَأَىٰ مِنْ آيَاتِ رَبِّهِ الْكُبْرَىٰ
Расында ол, Раббының ірі белгілерін көрді.
53:18 -
أَفَرَأَيْتُمُ اللَّاتَ وَالْعُزَّىٰ
Лат пен Ғүззаны көрдіңдер ме?
53:19 -
وَمَنَاةَ الثَّالِثَةَ الْأُخْرَىٰ
Үшінші басқа Менатты?
53:20 -
أَلَكُمُ الذَّكَرُ وَلَهُ الْأُنْثَىٰ
Еркек сендердікі де үрғашы Алланікі ме?
53:21 -
تِلْكَ إِذًا قِسْمَةٌ ضِيزَىٰ
Онда бүл, орынсыз бір бөліс.
53:22 -
إِنْ هِيَ إِلَّا أَسْمَاءٌ سَمَّيْتُمُوهَا أَنْتُمْ وَآبَاؤُكُمْ مَا أَنْزَلَ اللَّهُ بِهَا مِنْ سُلْطَانٍ ۚ إِنْ يَتَّبِعُونَ إِلَّا الظَّنَّ وَمَا تَهْوَى الْأَنْفُسُ ۖ وَلَقَدْ جَاءَهُمْ مِنْ رَبِّهِمُ الْهُدَىٰ
БҮЛ, сендер және аталарың қойған қүр аттар ғана. Алла оларға байланысты бір дәлел түсірген жоқ. Олар ойларына көңілдері қалағанына ғана ереді. Расында оларға Раббыларынан туралық (Пайғамбар) келді.
53:23 -
أَمْ لِلْإِنْسَانِ مَا تَمَنَّىٰ
Немесе адамзатқа көксегені бола бере ме?
53:24 -
فَلِلَّهِ الْآخِرَةُ وَالْأُولَىٰ
Негізінде ахирет, дүние Алланың иелігінде.
53:25 -
وَكَمْ مِنْ مَلَكٍ فِي السَّمَاوَاتِ لَا تُغْنِي شَفَاعَتُهُمْ شَيْئًا إِلَّا مِنْ بَعْدِ أَنْ يَأْذَنَ اللَّهُ لِمَنْ يَشَاءُ وَيَرْضَىٰ
Көктерде қаншалаған періште бар. Алла қалап, разы болган кісісіне рүхсат бермейінше, олардың шапағаты еш нәрсеге жарамайды.
53:26
Аударма: Халифа Алтай