Мусыхаф, бет 544

  1. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا نَاجَيْتُمُ الرَّسُولَ فَقَدِّمُوا بَيْنَ يَدَيْ نَجْوَاكُمْ صَدَقَةً ۚ ذَٰلِكَ خَيْرٌ لَكُمْ وَأَطْهَرُ ۚ فَإِنْ لَمْ تَجِدُوا فَإِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ

    Әй иман келтіргендер! Пайғамбар (Ғ.С.) мен оңаша сөйлескен кезде, оңаша кеқесудің алдында садақа беріңдер. БҮЛ сендер үшін хайырлы әрі кіршіксіз болады. Егер оны таппасаңдар, шәксіз Алла (Т.) тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.

    58:12
  2. أَأَشْفَقْتُمْ أَنْ تُقَدِّمُوا بَيْنَ يَدَيْ نَجْوَاكُمْ صَدَقَاتٍ ۚ فَإِذْ لَمْ تَفْعَلُوا وَتَابَ اللَّهُ عَلَيْكُمْ فَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ وَأَطِيعُوا اللَّهَ وَرَسُولَهُ ۚ وَاللَّهُ خَبِيرٌ بِمَا تَعْمَلُونَ

    Пайғамбар (Ғ.С.) мен оңаша сөйлесуден бүрын садақа беруден тартындыңдар ма? Оны істемесеңдер де Алла, сендерді кешірім етті. Ал енді намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер. Сондай-ақ Аллаға, Елшісіне бағыныңдар. Алла (Т.) істегендеріңнен толық хабар алушы.

    58:13
  3. أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ تَوَلَّوْا قَوْمًا غَضِبَ اللَّهُ عَلَيْهِمْ مَا هُمْ مِنْكُمْ وَلَا مِنْهُمْ وَيَحْلِفُونَ عَلَى الْكَذِبِ وَهُمْ يَعْلَمُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) өздеріне Алла ашуланған қауымды дос түтқандарды көрмедің бе? Негізінде олар, сендерден де олардан да емес. Сондай-ақ олар біле түра өтірікке ант ішеді.

    58:14
  4. أَعَدَّ اللَّهُ لَهُمْ عَذَابًا شَدِيدًا ۖ إِنَّهُمْ سَاءَ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ

    Алла, оларга қатты азап әзірледі. Олардың істегендері нендей жаман.

    58:15
  5. اتَّخَذُوا أَيْمَانَهُمْ جُنَّةً فَصَدُّوا عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ فَلَهُمْ عَذَابٌ مُهِينٌ

    Олар анттарын қалқан қылып алып, Алланың жолынан тосады. Сондықтан олар үшін қорлаушы азап бар.

    58:16
  6. لَنْ تُغْنِيَ عَنْهُمْ أَمْوَالُهُمْ وَلَا أَوْلَادُهُمْ مِنَ اللَّهِ شَيْئًا ۚ أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ

    Олардың малдары да балалары да Алладан келген нәрсеге еш төтеп бере алмайды. Міне солар, тозақтық. Олар онда мәңгі қалады.

    58:17
  7. يَوْمَ يَبْعَثُهُمُ اللَّهُ جَمِيعًا فَيَحْلِفُونَ لَهُ كَمَا يَحْلِفُونَ لَكُمْ ۖ وَيَحْسَبُونَ أَنَّهُمْ عَلَىٰ شَيْءٍ ۚ أَلَا إِنَّهُمْ هُمُ الْكَاذِبُونَ

    Қиямет күні Алла, оларды, түтас тірілтіп жинағанда, сендерге ант ішкендей Оған да ант ішеді. Расында олар оны пайдалы деп ойлайды. Байқаңдар! Шын мәнінде олар, өтірікші.

    58:18
  8. اسْتَحْوَذَ عَلَيْهِمُ الشَّيْطَانُ فَأَنْسَاهُمْ ذِكْرَ اللَّهِ ۚ أُولَٰئِكَ حِزْبُ الشَّيْطَانِ ۚ أَلَا إِنَّ حِزْبَ الشَّيْطَانِ هُمُ الْخَاسِرُونَ

    Оларға шайтан үстем келіп, өздеріне Алланы еске алуды үмыттырды. Олар шайтанның тобы. Байқандар! Расында шайтанның жамагаты солар; зиян тартушылар.

    58:19
  9. إِنَّ الَّذِينَ يُحَادُّونَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ أُولَٰئِكَ فِي الْأَذَلِّينَ

    Сөзсіз, Аллаға, Елшісіне қарсы келгендер, солар; қорлардың қатарында болады.

    58:20
  10. كَتَبَ اللَّهُ لَأَغْلِبَنَّ أَنَا وَرُسُلِي ۚ إِنَّ اللَّهَ قَوِيٌّ عَزِيزٌ

    Алла (Т.): "Әлбетте Мен және елшілерім жеңіске иеміз" деп, жазған. Шүбәсыз Алла; тым күшті, аса үстем.

    58:21

Аударма: Халифа Алтай