Мусыхаф, бет 543
-
أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۖ مَا يَكُونُ مِنْ نَجْوَىٰ ثَلَاثَةٍ إِلَّا هُوَ رَابِعُهُمْ وَلَا خَمْسَةٍ إِلَّا هُوَ سَادِسُهُمْ وَلَا أَدْنَىٰ مِنْ ذَٰلِكَ وَلَا أَكْثَرَ إِلَّا هُوَ مَعَهُمْ أَيْنَ مَا كَانُوا ۖ ثُمَّ يُنَبِّئُهُمْ بِمَا عَمِلُوا يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۚ إِنَّ اللَّهَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ
(Мұхаммед Ғ.С.) көрмедің бе? Шәксіз Алла (Т.) көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла. Тағы бглардан аз, я көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді. Штбәсіз Алла, әр нәрсені толық білуші. (Рауаят бойынша, Яьудилер мен мүнафықтар; сыбырласып, қас қағысып, көз қысысудан тыйым салынған бола тұрса да өршелене түсіп, тіпті сәлемнің өзін бүрмалаған. Ж.Б.М.Р.Т.)
58:7 -
أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ نُهُوا عَنِ النَّجْوَىٰ ثُمَّ يَعُودُونَ لِمَا نُهُوا عَنْهُ وَيَتَنَاجَوْنَ بِالْإِثْمِ وَالْعُدْوَانِ وَمَعْصِيَتِ الرَّسُولِ وَإِذَا جَاءُوكَ حَيَّوْكَ بِمَا لَمْ يُحَيِّكَ بِهِ اللَّهُ وَيَقُولُونَ فِي أَنْفُسِهِمْ لَوْلَا يُعَذِّبُنَا اللَّهُ بِمَا نَقُولُ ۚ حَسْبُهُمْ جَهَنَّمُ يَصْلَوْنَهَا ۖ فَبِئْسَ الْمَصِيرُ
Сондай сыбырдан тыйылғандардың тыйым салынған нәрселеріне қайта оралгандарын көрмедің бе? Олар күнәда, дүшпандық және Пайғамбарға қарсылықта сыбырласады. Әрі саған келген сәтте, өзіңе Алланың сәлемінен басқа сәлем береді. (Есендік тілемей өлім тілейді.) Сондай-ақ өздерінше: "Алла, бізді айтқан сөзімізбен азапқа душар қылмайды" дейді. Оларға кіретін тозақ жетіп асады. Ол нендей жаман орын.
58:8 -
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا تَنَاجَيْتُمْ فَلَا تَتَنَاجَوْا بِالْإِثْمِ وَالْعُدْوَانِ وَمَعْصِيَتِ الرَّسُولِ وَتَنَاجَوْا بِالْبِرِّ وَالتَّقْوَىٰ ۖ وَاتَّقُوا اللَّهَ الَّذِي إِلَيْهِ تُحْشَرُونَ
Әй мүміндер! Егер сыбырлассаңдар; күнә, дүшпандық және Пайғамбар (Ғ.С.) ға қарсылық жайында сыбырласпаңдар. Жақсылық, тақуалықта сыбырласыңдар. Сондай-ақ Алладан қорқыңдар. Өйткені Ол тарапқа жиналасыңдар.
58:9 -
إِنَّمَا النَّجْوَىٰ مِنَ الشَّيْطَانِ لِيَحْزُنَ الَّذِينَ آمَنُوا وَلَيْسَ بِضَارِّهِمْ شَيْئًا إِلَّا بِإِذْنِ اللَّهِ ۚ وَعَلَى اللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُؤْمِنُونَ
Шын мәнінде қүпия жиналыс мүміндерді кейіту үшін шайтан ісі. Алла қаламайынша ешбір зиян келтірмейді. Сондыктан мүміндер Аллаға тәуекел етсін.
58:10 -
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا قِيلَ لَكُمْ تَفَسَّحُوا فِي الْمَجَالِسِ فَافْسَحُوا يَفْسَحِ اللَّهُ لَكُمْ ۖ وَإِذَا قِيلَ انْشُزُوا فَانْشُزُوا يَرْفَعِ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا مِنْكُمْ وَالَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ دَرَجَاتٍ ۚ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرٌ
Әй иман келтіргендер! Сендерге жиналыста: "Орын беріңдер" делінсе, ашылыңдар. Алла да сендерге кеңшілік етеді. Ал және: "Тарқаңдар" делінсе, дереу тарқаңдар. Алла (Т.) сендерден сондай иман келтіргендердің, ғылым бергендердің дәрежелерін көтереді. Істегендеріңді толық біледі.
58:11
Аударма: Халифа Алтай