Мусыхаф, бет 57
-
رَبَّنَا آمَنَّا بِمَا أَنْزَلْتَ وَاتَّبَعْنَا الرَّسُولَ فَاكْتُبْنَا مَعَ الشَّاهِدِينَ
«Раббымыз! Түсіргеніңе иман келтіріп, Пайғамбарға ердік; енді бізді куә болушылар мен бірге жаз»
3:53 -
وَمَكَرُوا وَمَكَرَ اللَّهُ ۖ وَاللَّهُ خَيْرُ الْمَاكِرِينَ
Олар айлакерлік істеді, Алла да амалын тапты. Алла тәсілшілердің жақсысы. (Яһудилер Ғиса (Ғ.С.) ны өлтіру үшін айлакерлік жасады. Алла (Т.) амалын тауып, олардың біреуін Ғиса (Ғ.С.) ға ұқсатты. Олар соны өлтірді. )
3:54 -
إِذْ قَالَ اللَّهُ يَا عِيسَىٰ إِنِّي مُتَوَفِّيكَ وَرَافِعُكَ إِلَيَّ وَمُطَهِّرُكَ مِنَ الَّذِينَ كَفَرُوا وَجَاعِلُ الَّذِينَ اتَّبَعُوكَ فَوْقَ الَّذِينَ كَفَرُوا إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ ۖ ثُمَّ إِلَيَّ مَرْجِعُكُمْ فَأَحْكُمُ بَيْنَكُمْ فِيمَا كُنْتُمْ فِيهِ تَخْتَلِفُونَ
Сол уақытта Алла: «Әй Ғиса! Сені Мен алушымын! Сондай-ақ өз тарапыма көтерушімін әрі қарсы болғандардан тазартушымын да саған ілескендерді қияметке дейін қарсы болғандарға үстем қыламын. Сонсоң қайтар жерлерің Мен жақ! Сонда таласқан нәрселеріңе үкім беремін» деді.
3:55 -
فَأَمَّا الَّذِينَ كَفَرُوا فَأُعَذِّبُهُمْ عَذَابًا شَدِيدًا فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ وَمَا لَهُمْ مِنْ نَاصِرِينَ
«Ал енді сондай қарсы елгендерді, дүниеде де ахиретте де өздерін қатты азаппен қинаймын әрі олар үшін ешбір жәрдемші болмайды»
3:56 -
وَأَمَّا الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ فَيُوَفِّيهِمْ أُجُورَهُمْ ۗ وَاللَّهُ لَا يُحِبُّ الظَّالِمِينَ
Және сонадй иман келтіріп, ізгі іс істегендер, сондай олардың сыйлықтары толық беріледі. Алла залымдарды жақсы көрмейді.
3:57 -
ذَٰلِكَ نَتْلُوهُ عَلَيْكَ مِنَ الْآيَاتِ وَالذِّكْرِ الْحَكِيمِ
(Мұхаммед Ғ.С.) міне осыны саған аяттардан, хикметті насихаттардан оқимыз.
3:58 -
إِنَّ مَثَلَ عِيسَىٰ عِنْدَ اللَّهِ كَمَثَلِ آدَمَ ۖ خَلَقَهُ مِنْ تُرَابٍ ثُمَّ قَالَ لَهُ كُنْ فَيَكُونُ
Шын мәнінде Алла қасында Ғиса (Ғ.С.) ның жағдайы: Өзін топырақтан жаратып, сонсоң «бол» дегенде бола қалған Адам (Ғ.С.) ның жағдайы сияқты.
3:59 -
الْحَقُّ مِنْ رَبِّكَ فَلَا تَكُنْ مِنَ الْمُمْتَرِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңнан бір хақиқат. Енді күдіктенушілерден болма.
3:60 -
فَمَنْ حَاجَّكَ فِيهِ مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَكَ مِنَ الْعِلْمِ فَقُلْ تَعَالَوْا نَدْعُ أَبْنَاءَنَا وَأَبْنَاءَكُمْ وَنِسَاءَنَا وَنِسَاءَكُمْ وَأَنْفُسَنَا وَأَنْفُسَكُمْ ثُمَّ نَبْتَهِلْ فَنَجْعَلْ لَعْنَتَ اللَّهِ عَلَى الْكَاذِبِينَ
Ал Ғиса ( Ғ.С.) жайында саған мәлімет келгеннен кейін өзіңнен кім таласса да оларға: «Келіңдер! Балаларымызды, балаларыңды, әйелдерімізді, әйелдеріңді, өздерімізді және өздеріңді шақырып алайық. Сонсоң Алланың лағынеті өтірікшілерге болсын! Деп қарғасайық» де.
3:61
Аударма: Халифа Алтай