Мусыхаф, бет 58
-
إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ الْقَصَصُ الْحَقُّ ۚ وَمَا مِنْ إِلَٰهٍ إِلَّا اللَّهُ ۚ وَإِنَّ اللَّهَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
(Нажыраннан келген дін басшыларына: «Егер Ғиса (Ғ.С.) жайындағы сенімдерің рас болса, бала- шағаларымызбен жиналып, Алланың лағынеті өтірікшілерге болсын!»,- деп, (Мұхаммед Ғ.С.) Фатыма, Хасан, Хұсайынды ертіп шыққан екен.) Расында осы (Ғиса Ғ.С.ға байланысты) қиссалар әлбетте шындық. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Шын мәніде Ол Алла, аса үстем, тым кемеңгер. (Бұл Христиандардың үш элементтік сенімдеріне тойтарыс.)
3:62 -
فَإِنْ تَوَلَّوْا فَإِنَّ اللَّهَ عَلِيمٌ بِالْمُفْسِدِينَ
Егер олар (Алланы бірлеуден) бет бұрса, Алла бұзақыларды біледі.
3:63 -
قُلْ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ تَعَالَوْا إِلَىٰ كَلِمَةٍ سَوَاءٍ بَيْنَنَا وَبَيْنَكُمْ أَلَّا نَعْبُدَ إِلَّا اللَّهَ وَلَا نُشْرِكَ بِهِ شَيْئًا وَلَا يَتَّخِذَ بَعْضُنَا بَعْضًا أَرْبَابًا مِنْ دُونِ اللَّهِ ۚ فَإِنْ تَوَلَّوْا فَقُولُوا اشْهَدُوا بِأَنَّا مُسْلِمُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) : «Әй Кітап иелері! Біздің арамызбен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Алладан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық» деп айт. Егер олар жүз бұрса: «Куә болыңдар, шіксіз біз Мұсылман болдық» деңдер.
3:64 -
يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لِمَ تُحَاجُّونَ فِي إِبْرَاهِيمَ وَمَا أُنْزِلَتِ التَّوْرَاةُ وَالْإِنْجِيلُ إِلَّا مِنْ بَعْدِهِ ۚ أَفَلَا تَعْقِلُونَ
Әй Кітап иелері! Ыбырайым (Ғ.С.) жайында не үшін таласасыңдар? Негізінен Інжіл де тәурат та одан кейін түсірілген. Ойламайсыңдар ма?
3:65 -
هَا أَنْتُمْ هَٰؤُلَاءِ حَاجَجْتُمْ فِيمَا لَكُمْ بِهِ عِلْمٌ فَلِمَ تُحَاجُّونَ فِيمَا لَيْسَ لَكُمْ بِهِ عِلْمٌ ۚ وَاللَّهُ يَعْلَمُ وَأَنْتُمْ لَا تَعْلَمُونَ
Ал сендер мәліметтерің болған нәрсеге таластыңдар ғой. Білмеген нәрселеріңе неге таласасыңдар? Алла біледі, сендер білмейсіңдер.
3:66 -
مَا كَانَ إِبْرَاهِيمُ يَهُودِيًّا وَلَا نَصْرَانِيًّا وَلَٰكِنْ كَانَ حَنِيفًا مُسْلِمًا وَمَا كَانَ مِنَ الْمُشْرِكِينَ
Ыбырайым (Ғ.С.) Яһуди де, Христиан да емес еді, нағыз Мұсылман еді. Ортақ қосушылардан емес еді.
3:67 -
إِنَّ أَوْلَى النَّاسِ بِإِبْرَاهِيمَ لَلَّذِينَ اتَّبَعُوهُ وَهَٰذَا النَّبِيُّ وَالَّذِينَ آمَنُوا ۗ وَاللَّهُ وَلِيُّ الْمُؤْمِنِينَ
Расында адамдардың Ыбырайым (Ғ.С.) ға ең жақындары; оған ергендер мен осы Пайғамбар (Мұхаммед Ғ.С.) және де мүміндер. Алла мүміндердің иесі.
3:68 -
وَدَّتْ طَائِفَةٌ مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ لَوْ يُضِلُّونَكُمْ وَمَا يُضِلُّونَ إِلَّا أَنْفُسَهُمْ وَمَا يَشْعُرُونَ
Кітап иелерінің бір тобы, сендерді адастыруды қалады. Олар, өздерін ғана адастырады. Бірақ олар аңғармайды.
3:69 -
يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لِمَ تَكْفُرُونَ بِآيَاتِ اللَّهِ وَأَنْتُمْ تَشْهَدُونَ
Әй Кітап иелері! Өздерің көріп, біле тұра, Алланың аяттарына не үшін қарсы келесіңдер?
3:70
Аударма: Халифа Алтай