Мусыхаф, бет 576

  1. إِنَّهُ فَكَّرَ وَقَدَّرَ

    Өйткені ол, ойластырып, шамалады.

    74:18
  2. فَقُتِلَ كَيْفَ قَدَّرَ

    Сосын ол өлгір, қалай шамалады?

    74:19
  3. ثُمَّ قُتِلَ كَيْفَ قَدَّرَ

    Содан кейін ол жаны шыққыр, қайтып мөлшерледі?

    74:20
  4. ثُمَّ نَظَرَ

    Сосын ол, қарады.

    74:21
  5. ثُمَّ عَبَسَ وَبَسَرَ

    Содан кейін ол, қабағын шытып, томсарды.

    74:22
  6. ثُمَّ أَدْبَرَ وَاسْتَكْبَرَ

    Сосын ол, теріс айналып паңданды.

    74:23
  7. فَقَالَ إِنْ هَٰذَا إِلَّا سِحْرٌ يُؤْثَرُ

    Сонда ол: "Бүл, үйретіліп келе жатқан бір сиқыр" деді.

    74:24
  8. إِنْ هَٰذَا إِلَّا قَوْلُ الْبَشَرِ

    "Бұл, адамның ғана сөзі."

    74:25
  9. سَأُصْلِيهِ سَقَرَ

    Оны жағатын тозаққа саламын.

    74:26
  10. وَمَا أَدْرَاكَ مَا سَقَرُ

    Ол тозақтың не екенін қайдан білдің?

    74:27
  11. لَا تُبْقِي وَلَا تَذَرُ

    Кейін қалдырмайды да шала тастамайды.

    74:28
  12. لَوَّاحَةٌ لِلْبَشَرِ

    Ол, адам терісін өртеп кетеді.

    74:29
  13. عَلَيْهَا تِسْعَةَ عَشَرَ

    Оған он тоғыз (періште) қарайды.

    74:30
  14. وَمَا جَعَلْنَا أَصْحَابَ النَّارِ إِلَّا مَلَائِكَةً ۙ وَمَا جَعَلْنَا عِدَّتَهُمْ إِلَّا فِتْنَةً لِلَّذِينَ كَفَرُوا لِيَسْتَيْقِنَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ وَيَزْدَادَ الَّذِينَ آمَنُوا إِيمَانًا ۙ وَلَا يَرْتَابَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ وَالْمُؤْمِنُونَ ۙ وَلِيَقُولَ الَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ مَرَضٌ وَالْكَافِرُونَ مَاذَا أَرَادَ اللَّهُ بِهَٰذَا مَثَلًا ۚ كَذَٰلِكَ يُضِلُّ اللَّهُ مَنْ يَشَاءُ وَيَهْدِي مَنْ يَشَاءُ ۚ وَمَا يَعْلَمُ جُنُودَ رَبِّكَ إِلَّا هُوَ ۚ وَمَا هِيَ إِلَّا ذِكْرَىٰ لِلْبَشَرِ

    Тозақтың күзетшілерін періштелерден ғана қылдық. Сондай-ақ олардың сандарын қарсы келушілерге анық бір сынау қылдық... Өздеріне кітап берілгендер, сенсін. (Олардың кітаптарында да он тоғыз жазылған. Б.Ж.М.) Әрі иман келтіргендердің сенімдері арта түссін. Кітап иелерімен мүміндер күмәнданбасын. Сондай-ақ жүректерінде дерті болғандар мен қарсы болғандар: "Алла, бүл мысалмен нені қалайды?",- десін. Осылайша Алла, қалағанын адастырып және кімді қаласа, тура жолға салады. Раббың жасақтарының санын өзі гана біледі. БҮЛ адамдар үшін бір насихат.

    74:31
  15. كَلَّا وَالْقَمَرِ

    Жоқ олай емес. Айға серт,

    74:32
  16. وَاللَّيْلِ إِذْ أَدْبَرَ

    Қайтқан сәтте, түнге серт,

    74:33
  17. وَالصُّبْحِ إِذَا أَسْفَرَ

    Ағарған сәтте, таңға серт.

    74:34
  18. إِنَّهَا لَإِحْدَى الْكُبَرِ

    Шын мәнінде ол тозақ, әрине ірі уақиғаның бірі.

    74:35
  19. نَذِيرًا لِلْبَشَرِ

    Адамдар үшін ескерту.

    74:36
  20. لِمَنْ شَاءَ مِنْكُمْ أَنْ يَتَقَدَّمَ أَوْ يَتَأَخَّرَ

    Сендерден ілгері кетуді немесе кейін қалуды қалаган біреулер үшін ескерту.

    74:37
  21. كُلُّ نَفْسٍ بِمَا كَسَبَتْ رَهِينَةٌ

    Әркім істеген ісінің орнына үсталады. (52-С.21-А.)

    74:38
  22. إِلَّا أَصْحَابَ الْيَمِينِ

    Бірақ ғамал дәптері оңынан берілгендер басқа. (56-С. 27-А.)

    74:39
  23. فِي جَنَّاتٍ يَتَسَاءَلُونَ

    Олар жаннаттарда сүрасады!

    74:40
  24. عَنِ الْمُجْرِمِينَ

    Қылмыстылардан;

    74:41
  25. مَا سَلَكَكُمْ فِي سَقَرَ

    "Сендерді тозаққа кіргізген не нәрсе?"

    74:42
  26. قَالُوا لَمْ نَكُ مِنَ الْمُصَلِّينَ

    Олар: "Біз намаз оқушылардан емес едік."

    74:43
  27. وَلَمْ نَكُ نُطْعِمُ الْمِسْكِينَ

    "Әрі міскінді тамақтандырмайтын едік."

    74:44
  28. وَكُنَّا نَخُوضُ مَعَ الْخَائِضِينَ

    "Бүзықтыққа кірісушілермен бірге кірісіп жүрген едік."

    74:45
  29. وَكُنَّا نُكَذِّبُ بِيَوْمِ الدِّينِ

    "Қиямет күнін өтірік деген едік."

    74:46
  30. حَتَّىٰ أَتَانَا الْيَقِينُ

    "Өзімізге өлім келгенге дейін (жалғаса берді" дейді.)

    74:47

Аударма: Халифа Алтай