Мусыхаф, бет 588
-
كَلَّا إِنَّ كِتَابَ الْفُجَّارِ لَفِي سِجِّينٍ
Олай емес. Негізінен бұзықтардың дәптері төменгі орында болады.
83:7 -
وَمَا أَدْرَاكَ مَا سِجِّينٌ
Төменгі орынның не екенін қайдан білесің?
83:8 -
كِتَابٌ مَرْقُومٌ
Ол жазулы бір кітап.
83:9 -
وَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِلْمُكَذِّبِينَ
Ол күні,жасынға шығарушыларға нендей өкініш!
83:10 -
الَّذِينَ يُكَذِّبُونَ بِيَوْمِ الدِّينِ
Олар,сондай қиямет күнін өтіріксінгендер.
83:11 -
وَمَا يُكَذِّبُ بِهِ إِلَّا كُلُّ مُعْتَدٍ أَثِيمٍ
Оны,шектен шыққан,күнәкар өтіріксінеді.
83:12 -
إِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِ آيَاتُنَا قَالَ أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ
Қашан оған аяттарымыз оқылса: ''Бұрынғылардың ертегісі'' деді.
83:13 -
كَلَّا ۖ بَلْ ۜ رَانَ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ مَا كَانُوا يَكْسِبُونَ
Жоқ,бәкім олардың жүректерін істеген қылықтарының таты басты.
83:14 -
كَلَّا إِنَّهُمْ عَنْ رَبِّهِمْ يَوْمَئِذٍ لَمَحْجُوبُونَ
Жоқ,олай емес. Негізінде олар ол күні Раббыларының дидарыннан махрұм қалады.
83:15 -
ثُمَّ إِنَّهُمْ لَصَالُو الْجَحِيمِ
Сосын олар,әлбетте тозаққа кіреді.
83:16 -
ثُمَّ يُقَالُ هَٰذَا الَّذِي كُنْتُمْ بِهِ تُكَذِّبُونَ
Сосын: ''Міне сендердің өтірік дегендерің осы!'', -деліндеді.
83:17 -
كَلَّا إِنَّ كِتَابَ الْأَبْرَارِ لَفِي عِلِّيِّينَ
Жоқ, олай емес. Негізінен ізгілердің дәптері әрине жоғарғы орында болады.
83:18 -
وَمَا أَدْرَاكَ مَا عِلِّيُّونَ
Жоғарғы орынның не екенін қайдан білесің?
83:19 -
كِتَابٌ مَرْقُومٌ
Ол жазулы бір кітап.
83:20 -
يَشْهَدُهُ الْمُقَرَّبُونَ
Оны,Аллаға жақын періштелер бақылайды.
83:21 -
إِنَّ الْأَبْرَارَ لَفِي نَعِيمٍ
Негізінен ізгілер,әрине нығымет ішінде болады.
83:22 -
عَلَى الْأَرَائِكِ يَنْظُرُونَ
Олар диувандардың үстінде (Алланың нығыметтеріне) қарайды.
83:23 -
تَعْرِفُ فِي وُجُوهِهِمْ نَضْرَةَ النَّعِيمِ
Олардың бақытқа бөленгендіктерін шырайларынан таныйсың.
83:24 -
يُسْقَوْنَ مِنْ رَحِيقٍ مَخْتُومٍ
Олар,мөрленген ішімдіктен сусындатылады.
83:25 -
خِتَامُهُ مِسْكٌ ۚ وَفِي ذَٰلِكَ فَلْيَتَنَافَسِ الْمُتَنَافِسُونَ
Оның сарқыны жұпар аңқиды.Жарысушылар,осыған жарыссын.
83:26 -
وَمِزَاجُهُ مِنْ تَسْنِيمٍ
Оның қоры, Тәсним бастауынан.
83:27 -
عَيْنًا يَشْرَبُ بِهَا الْمُقَرَّبُونَ
Ол бастаудан Аллаға жақын болғандар ішеді.
83:28 -
إِنَّ الَّذِينَ أَجْرَمُوا كَانُوا مِنَ الَّذِينَ آمَنُوا يَضْحَكُونَ
Расында күнәкарлар,иман келтіргендерге күлетін еді.
83:29 -
وَإِذَا مَرُّوا بِهِمْ يَتَغَامَزُونَ
Олар жандарынан өткенде,ымдасатын еді.
83:30 -
وَإِذَا انْقَلَبُوا إِلَىٰ أَهْلِهِمُ انْقَلَبُوا فَكِهِينَ
Олар үйлеріне қайтып барған кезде,күңкілдесетін еді.
83:31 -
وَإِذَا رَأَوْهُمْ قَالُوا إِنَّ هَٰؤُلَاءِ لَضَالُّونَ
Қашан олар Мұсылмандарды көрсе : «Сөз жоқ, адасқандар » дейтін еді.
83:32 -
وَمَا أُرْسِلُوا عَلَيْهِمْ حَافِظِينَ
Олар,Мұсылмандарға бақылаушы етіліп жіберілмеді.
83:33 -
فَالْيَوْمَ الَّذِينَ آمَنُوا مِنَ الْكُفَّارِ يَضْحَكُونَ
Ал енді бүгін мүміндер.кәпірлерге күледі.
83:34
Аударма: Халифа Алтай