Мусыхаф, бет 64

  1. وَلِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۚ وَإِلَى اللَّهِ تُرْجَعُ الْأُمُورُ

    Көктердегі және жердегі нәрселер Алланың иелігінде және барлық істер Аллаға қайтарылады.

    3:109
  2. كُنْتُمْ خَيْرَ أُمَّةٍ أُخْرِجَتْ لِلنَّاسِ تَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَتَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنْكَرِ وَتُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ ۗ وَلَوْ آمَنَ أَهْلُ الْكِتَابِ لَكَانَ خَيْرًا لَهُمْ ۚ مِنْهُمُ الْمُؤْمِنُونَ وَأَكْثَرُهُمُ الْفَاسِقُونَ

    Сендер адам баласы үшін игілікті әмір етіп, қарсылықтан тыятын сондай-ақ Аллаға сенетін хайырлы бір үүме болып, шығарылдыңдар. Ал егер кітап иелері иман келтірсе еді, әлбетте олар үшін жақсы болар еді. Олардан иман келтіргендер де бар. Олардың көбірегі бұзақылар.

    3:110
  3. لَنْ يَضُرُّوكُمْ إِلَّا أَذًى ۖ وَإِنْ يُقَاتِلُوكُمْ يُوَلُّوكُمُ الْأَدْبَارَ ثُمَّ لَا يُنْصَرُونَ

    Олар сендерге реніштен басқа зиян бере алмайды. Ал егер сендермен соғысса, сырт айналып қашады. Сонсоң оларға жәрдем етілмейді.

    3:111
  4. ضُرِبَتْ عَلَيْهِمُ الذِّلَّةُ أَيْنَ مَا ثُقِفُوا إِلَّا بِحَبْلٍ مِنَ اللَّهِ وَحَبْلٍ مِنَ النَّاسِ وَبَاءُوا بِغَضَبٍ مِنَ اللَّهِ وَضُرِبَتْ عَلَيْهِمُ الْمَسْكَنَةُ ۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ كَانُوا يَكْفُرُونَ بِآيَاتِ اللَّهِ وَيَقْتُلُونَ الْأَنْبِيَاءَ بِغَيْرِ حَقٍّ ۚ ذَٰلِكَ بِمَا عَصَوْا وَكَانُوا يَعْتَدُونَ

    Қайда болса да оларға қорлық соққысы тиген. Бірақ Алладан қорғау және адамдардан келісім болса басқа. Әрі олар Алланың ашуына ұшырап, кедейшіліктің де соққысын жеді. Осы олардың Алланың аяттарына қарсы келулері, жазықсыз пайғамбарларды өлтәрулері себепті. Сондай-ақ олардың қылмысты болып шектен шығуларының салдарынан.

    3:112
  5. لَيْسُوا سَوَاءً ۗ مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ أُمَّةٌ قَائِمَةٌ يَتْلُونَ آيَاتِ اللَّهِ آنَاءَ اللَّيْلِ وَهُمْ يَسْجُدُونَ

    Кітап иелерінің бәрі бірдей емес. Олардың түн мезгілінде тіке тұрып, Алланың аяттарын оқып, сәжде ететін бір тобы бар. (Сәлам ұлы Ғабдұлла сияқты.)

    3:113
  6. يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ وَيَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنْكَرِ وَيُسَارِعُونَ فِي الْخَيْرَاتِ وَأُولَٰئِكَ مِنَ الصَّالِحِينَ

    Олар Аллаға, ахирет күніне сенеді де дұрысқа қосып, бұрыстан тосады. Сондай-ақ хайырлы істерде жарысады. Міне солар ізгілер.

    3:114
  7. وَمَا يَفْعَلُوا مِنْ خَيْرٍ فَلَنْ يُكْفَرُوهُ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِالْمُتَّقِينَ

    Олар хайырдан не істесе де тойтарылмайды. (Зая кетпейді) Алла (Т.) тақуаларды толық біледі.

    3:115

Аударма: Халифа Алтай