Мусыхаф, бет 65
-
إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا لَنْ تُغْنِيَ عَنْهُمْ أَمْوَالُهُمْ وَلَا أَوْلَادُهُمْ مِنَ اللَّهِ شَيْئًا ۖ وَأُولَٰئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ ۚ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Негізінен қарсы болғандардың малдары, балалары Алладан ешбір нәрсені қорғамайды. Міне солар тозақтық, олар онда мәңгі қалады.
3:116 -
مَثَلُ مَا يُنْفِقُونَ فِي هَٰذِهِ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا كَمَثَلِ رِيحٍ فِيهَا صِرٌّ أَصَابَتْ حَرْثَ قَوْمٍ ظَلَمُوا أَنْفُسَهُمْ فَأَهْلَكَتْهُ ۚ وَمَا ظَلَمَهُمُ اللَّهُ وَلَٰكِنْ أَنْفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ
Олардың бұл дүние тіршілігінде қылған хайырларының мысалы: Өздеріне зұлымдық істеген елдің егініне тиіп жоқ еткен суық боран тәрізді. Оларға Алла зұлымдық етпеді, бірақ олар өздеріне зұлымдық етті.
3:117 -
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَتَّخِذُوا بِطَانَةً مِنْ دُونِكُمْ لَا يَأْلُونَكُمْ خَبَالًا وَدُّوا مَا عَنِتُّمْ قَدْ بَدَتِ الْبَغْضَاءُ مِنْ أَفْوَاهِهِمْ وَمَا تُخْفِي صُدُورُهُمْ أَكْبَرُ ۚ قَدْ بَيَّنَّا لَكُمُ الْآيَاتِ ۖ إِنْ كُنْتُمْ تَعْقِلُونَ
Әй мүміндер! Өздеріңнен өзгелерді сырдас тұтпаңдар. Олар сендерге қастандықтан тартынбайды. Сондай-ақ олар күйзелулеріңді қалайды. Олардың кектері ауызынан-ақ көрініп тұр. Әрі олардың жүректерінде жасырғандары тағы үлкен. Егер түсінетін болсаңдар, әрине сендерге аяттарымызды баян еттік.
3:118 -
هَا أَنْتُمْ أُولَاءِ تُحِبُّونَهُمْ وَلَا يُحِبُّونَكُمْ وَتُؤْمِنُونَ بِالْكِتَابِ كُلِّهِ وَإِذَا لَقُوكُمْ قَالُوا آمَنَّا وَإِذَا خَلَوْا عَضُّوا عَلَيْكُمُ الْأَنَامِلَ مِنَ الْغَيْظِ ۚ قُلْ مُوتُوا بِغَيْظِكُمْ ۗ إِنَّ اللَّهَ عَلِيمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ
Я, сендер оларды жақсы көрсеңдер де, олар сендерді жақсы көрмейді. Сондай-ақ сендер Кітаптың бәріне сенесіңдер. Қашан олар сендерге кездессе: “Иман келтірдік” деп, ал қашан олар оңашалана қалса, сендерге деген ызаларының зардабынан саусақтарын шайнар. (Мұхаммед Ғ.С.): “Ызаланған бойда өліп кетіңдер!” де. Шәксіз Алла көкіректегілерді толық біледі.
3:119 -
إِنْ تَمْسَسْكُمْ حَسَنَةٌ تَسُؤْهُمْ وَإِنْ تُصِبْكُمْ سَيِّئَةٌ يَفْرَحُوا بِهَا ۖ وَإِنْ تَصْبِرُوا وَتَتَّقُوا لَا يَضُرُّكُمْ كَيْدُهُمْ شَيْئًا ۗ إِنَّ اللَّهَ بِمَا يَعْمَلُونَ مُحِيطٌ
Егер сендерге бір игілік жетсе, оған олар хош болады. Егер сабыр етсеңдер, сақтық істесеңдер, олардың сығандықтары сендерге ешбір зиян қылмайды. Күдіксіз Алла (Т.) олардың не істегендерін толық біледі.
3:120 -
وَإِذْ غَدَوْتَ مِنْ أَهْلِكَ تُبَوِّئُ الْمُؤْمِنِينَ مَقَاعِدَ لِلْقِتَالِ ۗ وَاللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
(Мұхаммед Ғ.С. Ұхыт соғысы кезінде) үйіңнен ерте шығып, мүминдерді соғыс үшін орындарға орналастыруда едің. Алла әр нәрсені естіп, білуші.
3:121
Аударма: Халифа Алтай