Мусыхаф, бет 66

  1. إِذْ هَمَّتْ طَائِفَتَانِ مِنْكُمْ أَنْ تَفْشَلَا وَاللَّهُ وَلِيُّهُمَا ۗ وَعَلَى اللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُؤْمِنُونَ

    (Ұхыт соғысында мұнафықтар майданнан қасақана қайтып кеткендіктен, оң-сол екі қанаттағы топқа да қобалжу кірді.) Сол уақытта сендерден екі топ, уайымдап үрейленді. Сондай-ақ Алла (Т.) ол екеуінің жәрдемшісі еді. Мүміндер, Аллаға тәуекел етсін.

    3:122
  2. وَلَقَدْ نَصَرَكُمُ اللَّهُ بِبَدْرٍ وَأَنْتُمْ أَذِلَّةٌ ۖ فَاتَّقُوا اللَّهَ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ

    Әрине Алла сендерге Бәдірде де жәрдем етті. Онда сендер тағы нашар едіңдер. Алладан қорқыңдар, әлбетте шүкір еткен боласыңдар.

    3:123
  3. إِذْ تَقُولُ لِلْمُؤْمِنِينَ أَلَنْ يَكْفِيَكُمْ أَنْ يُمِدَّكُمْ رَبُّكُمْ بِثَلَاثَةِ آلَافٍ مِنَ الْمَلَائِكَةِ مُنْزَلِينَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта (Бәдірде) мүміндерге: «Раббыларың сендерге періштелерден үш мың түсіріп жәрдем етсе, жетпей ме?»,- деуде едің.

    3:124
  4. بَلَىٰ ۚ إِنْ تَصْبِرُوا وَتَتَّقُوا وَيَأْتُوكُمْ مِنْ فَوْرِهِمْ هَٰذَا يُمْدِدْكُمْ رَبُّكُمْ بِخَمْسَةِ آلَافٍ مِنَ الْمَلَائِكَةِ مُسَوِّمِينَ

    Әрине егер сабыр етсеңдер, сақсынсаңдар сондай-ақ жау дереу осы араға жетіп келетін болса, Раббыларың сендерге бес мың белгілеулі періштелермен жәрдем етеді.

    3:125
  5. وَمَا جَعَلَهُ اللَّهُ إِلَّا بُشْرَىٰ لَكُمْ وَلِتَطْمَئِنَّ قُلُوبُكُمْ بِهِ ۗ وَمَا النَّصْرُ إِلَّا مِنْ عِنْدِ اللَّهِ الْعَزِيزِ الْحَكِيمِ

    Алла (Т.) мұны сендер үшін қуаныш әрі онымен жүректерің орнықсын деп қана етеді. Нұсрат, өте үстем, хикмет иесі Алланың қасынан ғана болады.

    3:126
  6. لِيَقْطَعَ طَرَفًا مِنَ الَّذِينَ كَفَرُوا أَوْ يَكْبِتَهُمْ فَيَنْقَلِبُوا خَائِبِينَ

    Сондай-ақ кәпірлердің бір жағын қыру немесе абыржыту, олардың күдер үзіп қайтулары үшін.

    3:127
  7. لَيْسَ لَكَ مِنَ الْأَمْرِ شَيْءٌ أَوْ يَتُوبَ عَلَيْهِمْ أَوْ يُعَذِّبَهُمْ فَإِنَّهُمْ ظَالِمُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) ешбір іс сенің еркіңде емес. Алла немесе олардың тәубесін қабыл етеді әлде оларды қинайды. өйткені, олар залымдар.

    3:128
  8. وَلِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۚ يَغْفِرُ لِمَنْ يَشَاءُ وَيُعَذِّبُ مَنْ يَشَاءُ ۚ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ

    Көктер мен жердегілердің бәрі Аллаға тән. кімді қаласа, жарылқап, кімді қаласа, азап қылады. Сондай-ақ Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.

    3:129
  9. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَأْكُلُوا الرِّبَا أَضْعَافًا مُضَاعَفَةً ۖ وَاتَّقُوا اللَّهَ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ

    Әй мүміндер! Үсті- үстіне өсім жемендер, Алладан қорқыңдар. Әрине құтыласыңдар.

    3:130
  10. وَاتَّقُوا النَّارَ الَّتِي أُعِدَّتْ لِلْكَافِرِينَ

    Сондай-ақ қарсы болғандар үшін дайындалған оттан қорқыңдар.

    3:131
  11. وَأَطِيعُوا اللَّهَ وَالرَّسُولَ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ

    Әрі Аллаға және Елшісіне бой ұсыныңдар, әлбетте мәрхаметке бөлеңесіңдер.

    3:132

Аударма: Халифа Алтай