Мусыхаф, бет 73
-
فَانْقَلَبُوا بِنِعْمَةٍ مِنَ اللَّهِ وَفَضْلٍ لَمْ يَمْسَسْهُمْ سُوءٌ وَاتَّبَعُوا رِضْوَانَ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ ذُو فَضْلٍ عَظِيمٍ
(Ұхыт соғысының келер жылы Мекке кәпірлері Мединеге келіп: «Соғысуға жиналып жатыр» деген хабарды алған Мұсылмандардың жігері қайнап, жолға шыққанда, жау қорқып, қайтып келіп, Мұсылмандар аман- есен пайдаланып қайтады.) Сондықтан олар Алланың нығметі және кеңшілігімен бір сәтсіздікке ұшырамай Алланың ризалығына бөленіп, қайта оралды. Алла (Т.) зор кеңшілік иесі.
3:174 -
إِنَّمَا ذَٰلِكُمُ الشَّيْطَانُ يُخَوِّفُ أَوْلِيَاءَهُ فَلَا تَخَافُوهُمْ وَخَافُونِ إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ
Негізінен шайтан өз достарын қорқытады. Сондықтан олардан қорықпаңдар да Менен қорқыңдар, егер мүмін болсаңдар.
3:175 -
وَلَا يَحْزُنْكَ الَّذِينَ يُسَارِعُونَ فِي الْكُفْرِ ۚ إِنَّهُمْ لَنْ يَضُرُّوا اللَّهَ شَيْئًا ۗ يُرِيدُ اللَّهُ أَلَّا يَجْعَلَ لَهُمْ حَظًّا فِي الْآخِرَةِ ۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ عَظِيمٌ
(Мұхаммед Ғ.С.) олардың қарсылыққа жарысулары сені кейітпесін. Өйткені, олар Аллаға әсте зиян келтіре алмайды. Алла оларға ахиретте бір несібе бермеуді қалайды. Сондай-ақ олар үшін зор қинау бар.
3:176 -
إِنَّ الَّذِينَ اشْتَرَوُا الْكُفْرَ بِالْإِيمَانِ لَنْ يَضُرُّوا اللَّهَ شَيْئًا وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Негізінен сондай иманның орнына қарсылықты айырбастағандар, олар да Аллаға ешбір зиян бере алмайды және олар үшін күйзелтуші азап бар.
3:177 -
وَلَا يَحْسَبَنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا أَنَّمَا نُمْلِي لَهُمْ خَيْرٌ لِأَنْفُسِهِمْ ۚ إِنَّمَا نُمْلِي لَهُمْ لِيَزْدَادُوا إِثْمًا ۚ وَلَهُمْ عَذَابٌ مُهِينٌ
Ал және сондай қарсы болғандар, негізінен оларға мұрса беруімізді, өздерінң хайырлы деп әсте ойламасын. Шын мәнінде күнәларын арттырсын деп қана орай береміз. Сондай-ақ олар үшін қорлаушы қинау бар.
3:178 -
مَا كَانَ اللَّهُ لِيَذَرَ الْمُؤْمِنِينَ عَلَىٰ مَا أَنْتُمْ عَلَيْهِ حَتَّىٰ يَمِيزَ الْخَبِيثَ مِنَ الطَّيِّبِ ۗ وَمَا كَانَ اللَّهُ لِيُطْلِعَكُمْ عَلَى الْغَيْبِ وَلَٰكِنَّ اللَّهَ يَجْتَبِي مِنْ رُسُلِهِ مَنْ يَشَاءُ ۖ فَآمِنُوا بِاللَّهِ وَرُسُلِهِ ۚ وَإِنْ تُؤْمِنُوا وَتَتَّقُوا فَلَكُمْ أَجْرٌ عَظِيمٌ
Алла, мүміндерді осы сендер болған күйде, жақсыдан жаманды айырмай қоюшы емес. Әрі сендерге көместі де білдірмейді. Бірақ елшілерінен қалағанын таңдап, соған білдіреді. Ендеше, Аллаға, елшілеріне иман келтірңдер егер иман келтіріп, тақуа болсаңдар, Сонда сендер үшін зор сыйлық бар.
3:179 -
وَلَا يَحْسَبَنَّ الَّذِينَ يَبْخَلُونَ بِمَا آتَاهُمُ اللَّهُ مِنْ فَضْلِهِ هُوَ خَيْرًا لَهُمْ ۖ بَلْ هُوَ شَرٌّ لَهُمْ ۖ سَيُطَوَّقُونَ مَا بَخِلُوا بِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۗ وَلِلَّهِ مِيرَاثُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۗ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرٌ
Алланың кеңшілігінен өздеріне берген нәрселеріне сараңдық істегендер, олардың сараңдық қылған нәрселері, қиямет күні өздерінің мойындарына оралады. Сондай-ақ көктер мен жердің мирасы Алланікі. Әрі Алла олардың не істегендерін толық біледі.
3:180
Аударма: Халифа Алтай