Мусыхаф, бет 74

  1. لَقَدْ سَمِعَ اللَّهُ قَوْلَ الَّذِينَ قَالُوا إِنَّ اللَّهَ فَقِيرٌ وَنَحْنُ أَغْنِيَاءُ ۘ سَنَكْتُبُ مَا قَالُوا وَقَتْلَهُمُ الْأَنْبِيَاءَ بِغَيْرِ حَقٍّ وَنَقُولُ ذُوقُوا عَذَابَ الْحَرِيقِ

    Әрине олардың: «Алла кедей, біз баймыз» деген сөздерін Алла естіді. Олардың айтқандарын және жазықсыз пайғамбарларды өлтіргендерін жазамыз да, оларға: «Күйдіруші азапты татыңдар!»,- дейміз.

    3:181
  2. ذَٰلِكَ بِمَا قَدَّمَتْ أَيْدِيكُمْ وَأَنَّ اللَّهَ لَيْسَ بِظَلَّامٍ لِلْعَبِيدِ

    Бұл қолекі істегендеріңнің сазайы. Шәксіз Алла, құлдарына зұлымдық қылушы емес.

    3:182
  3. الَّذِينَ قَالُوا إِنَّ اللَّهَ عَهِدَ إِلَيْنَا أَلَّا نُؤْمِنَ لِرَسُولٍ حَتَّىٰ يَأْتِيَنَا بِقُرْبَانٍ تَأْكُلُهُ النَّارُ ۗ قُلْ قَدْ جَاءَكُمْ رُسُلٌ مِنْ قَبْلِي بِالْبَيِّنَاتِ وَبِالَّذِي قُلْتُمْ فَلِمَ قَتَلْتُمُوهُمْ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ

    Сондай: «Расында Алла (Т.) бізге от жеп кететін бір құрбан келтірмейінше, ешбір пайғамбарға иман келтірмеуімізге серт берген» дегендерге (Мұхаммед Ғ.С.): «Сендерге менен бұрынғы пайғамбарлар ашық дәлелдерді сондай-ақ айтқандарыңды келтірген еді. Егер сөздерің рас болса, оларды неге өлтірдіңдер?»,- деп айт.

    3:183
  4. فَإِنْ كَذَّبُوكَ فَقَدْ كُذِّبَ رُسُلٌ مِنْ قَبْلِكَ جَاءُوا بِالْبَيِّنَاتِ وَالزُّبُرِ وَالْكِتَابِ الْمُنِيرِ

    (Мұхаммед Ғ.С.) егер олар сені мойындамаса, сенен бұрыңғы ашық дәлелдер, нұсқалар және түрлі кітап келтірген пайғамбарларды да мойындамаған еді.

    3:184
  5. كُلُّ نَفْسٍ ذَائِقَةُ الْمَوْتِ ۗ وَإِنَّمَا تُوَفَّوْنَ أُجُورَكُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۖ فَمَنْ زُحْزِحَ عَنِ النَّارِ وَأُدْخِلَ الْجَنَّةَ فَقَدْ فَازَ ۗ وَمَا الْحَيَاةُ الدُّنْيَا إِلَّا مَتَاعُ الْغُرُورِ

    Әркім өлім татады. Шын мәнінде қиямет күні ақыларың толық төленеді. Сонда кім оттан құтқарылып ұжмаққа кіргізілсе, рас құтылды. Негізінде дүние тіршілігі алданыштың ғана нәрсесі.

    3:185
  6. لَتُبْلَوُنَّ فِي أَمْوَالِكُمْ وَأَنْفُسِكُمْ وَلَتَسْمَعُنَّ مِنَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ مِنْ قَبْلِكُمْ وَمِنَ الَّذِينَ أَشْرَكُوا أَذًى كَثِيرًا ۚ وَإِنْ تَصْبِرُوا وَتَتَّقُوا فَإِنَّ ذَٰلِكَ مِنْ عَزْمِ الْأُمُورِ

    Малдарың және жандарың жайында әрине сыналасыңдар; сондай-ақ сендерден бұрыңғы кітап берілгендерден және мүшріктерден де көптеген ренш естисеңдер. Егер сабыр етсеңдер әрі сақсынсаңдар; шәксіз бұл маңызды істер.

    3:186

Аударма: Халифа Алтай