Сүре 15 әл-Хижр (Хиджр)

  1. فَلَمَّا جَاءَ آلَ لُوطٍ الْمُرْسَلُونَ

    Елшілер, Лұт семьясына келгенде:

    15:61
  2. قَالَ إِنَّكُمْ قَوْمٌ مُنْكَرُونَ

    “Сөзсіз сендер бөгде кісілерсіңдер” деді. (Лұт Ғ.С. оларға)

    15:62
  3. قَالُوا بَلْ جِئْنَاكَ بِمَا كَانُوا فِيهِ يَمْتَرُونَ

    (Елшілер): “Жоқ біз олардың күманданған азабын алып келдік” деді.

    15:63
  4. وَأَتَيْنَاكَ بِالْحَقِّ وَإِنَّا لَصَادِقُونَ

    “Біз саған нақты шындықты кетірдік. Әрине шын айтамыз”

    15:64
  5. فَأَسْرِ بِأَهْلِكَ بِقِطْعٍ مِنَ اللَّيْلِ وَاتَّبِعْ أَدْبَارَهُمْ وَلَا يَلْتَفِتْ مِنْكُمْ أَحَدٌ وَامْضُوا حَيْثُ تُؤْمَرُونَ

    “Дереу кештің бір бөлімінде түн қатып, үй-ішіңді алып жөнел. Өзің, олардың артында жүр. Сендерден ешкім артына қарамасын. Бұйырылған жерге жете беріңдер”

    15:65
  6. وَقَضَيْنَا إِلَيْهِ ذَٰلِكَ الْأَمْرَ أَنَّ دَابِرَ هَٰؤُلَاءِ مَقْطُوعٌ مُصْبِحِينَ

    (Лұт Ғ.С. ға): “Күдіксіз олардың соңы таңменен жоғалады” деген бұйрықты білдірдік.

    15:66
  7. وَجَاءَ أَهْلُ الْمَدِينَةِ يَسْتَبْشِرُونَ

    Қаланың халқы (арсыздық істеу үшін) қуанысып жетті.

    15:67
  8. قَالَ إِنَّ هَٰؤُلَاءِ ضَيْفِي فَلَا تَفْضَحُونِ

    (Лұт Ғ.С.): “Рас бұлар, менің қонағым. Мені қорламаңдар” деді.

    15:68
  9. وَاتَّقُوا اللَّهَ وَلَا تُخْزُونِ

    “Алладан қорқыңдар. Мені ренжітпеңдер…”

    15:69
  10. قَالُوا أَوَلَمْ نَنْهَكَ عَنِ الْعَالَمِينَ

    (Олар): “Біз сені елді қорғаудан тыймап па едік?”, - деді.

    15:70
  11. قَالَ هَٰؤُلَاءِ بَنَاتِي إِنْ كُنْتُمْ فَاعِلِينَ

    (Лұт Ғ.С.): “Егер айтқанымды істейтін болсаңдар, мыналар қыздарым” деді.

    15:71
  12. لَعَمْرُكَ إِنَّهُمْ لَفِي سَكْرَتِهِمْ يَعْمَهُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) Өміріңе серт! Олар, расында мастықтарында дел-сал еді.

    15:72
  13. فَأَخَذَتْهُمُ الصَّيْحَةُ مُشْرِقِينَ

    Сонда оларды күн шыға ащы дауыс алды.

    15:73
  14. فَجَعَلْنَا عَالِيَهَا سَافِلَهَا وَأَمْطَرْنَا عَلَيْهِمْ حِجَارَةً مِنْ سِجِّيلٍ

    Оны, асты-үсті қып, үстеріне қатқан қиыршықтан тас жаудырдық.

    15:74
  15. إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِلْمُتَوَسِّمِينَ

    Күдіксіз осыда, қырағылар үшін әлбетте өнегелер бар.

    15:75
  16. وَإِنَّهَا لَبِسَبِيلٍ مُقِيمٍ

    Өйткені, ол жер, жол үсітнде еді.

    15:76
  17. إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً لِلْمُؤْمِنِينَ

    Күдіксіз осыда мүміндер үшін ғыбрат бар.

    15:77
  18. وَإِنْ كَانَ أَصْحَابُ الْأَيْكَةِ لَظَالِمِينَ

    (Шұғайып Ғ.С. ның елі) Әйкеліктер де залым болған еді.

    15:78
  19. فَانْتَقَمْنَا مِنْهُمْ وَإِنَّهُمَا لَبِإِمَامٍ مُبِينٍ

    Оларды да жазаландырдық. (Садұм, Әйке) екеуі де даңғыл жол үстінде.

    15:79
  20. وَلَقَدْ كَذَّبَ أَصْحَابُ الْحِجْرِ الْمُرْسَلِينَ

    Әлбетте (Саліћ елі) Хыжырлықтар да пайғамбарларды жасынға шығарған еді.

    15:80

Аударма: Халифа Алтай