Сүре 15 әл-Хижр (Хиджр)

  1. وَآتَيْنَاهُمْ آيَاتِنَا فَكَانُوا عَنْهَا مُعْرِضِينَ

    Оларға мұғжизаларымызды келтірдік. Алайда, олар, одан бет бұрған еді.

    15:81
  2. وَكَانُوا يَنْحِتُونَ مِنَ الْجِبَالِ بُيُوتًا آمِنِينَ

    Олар, таулардан берік үйлер үңгіп алатын еді.

    15:82
  3. فَأَخَذَتْهُمُ الصَّيْحَةُ مُصْبِحِينَ

    Сонда оларды да таңменен ащы дауыс қолға алды.

    15:83
  4. فَمَا أَغْنَىٰ عَنْهُمْ مَا كَانُوا يَكْسِبُونَ

    Олардың істеген еңбектерінің (мықты үйлерінің) өздеріне бір пайдасы болмады.

    15:84
  5. وَمَا خَلَقْنَا السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا إِلَّا بِالْحَقِّ ۗ وَإِنَّ السَّاعَةَ لَآتِيَةٌ ۖ فَاصْفَحِ الصَّفْحَ الْجَمِيلَ

    Көктер мен жерді әрі екеуінің арасындағы нәрселерді бір шындық бойынша жараттық. Сөзсіз қиямет келеді. Сондықтан көркем, жұмсақ сыңай байқат.

    15:85
  6. إِنَّ رَبَّكَ هُوَ الْخَلَّاقُ الْعَلِيمُ

    Шынында Раббың, Ол толық жаратушы, аса білуші.

    15:86
  7. وَلَقَدْ آتَيْنَاكَ سَبْعًا مِنَ الْمَثَانِي وَالْقُرْآنَ الْعَظِيمَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) әлбетте біз саған қайталанып оқылатын жеті аятты (Фатиха сүресін) және ұлы Құранды бердік.

    15:87
  8. لَا تَمُدَّنَّ عَيْنَيْكَ إِلَىٰ مَا مَتَّعْنَا بِهِ أَزْوَاجًا مِنْهُمْ وَلَا تَحْزَنْ عَلَيْهِمْ وَاخْفِضْ جَنَاحَكَ لِلْمُؤْمِنِينَ

    Кәпірлердің кейбіреулеріне, біз пайдаландырған нәрселерге көз сүзбе. Оларға қамықпа. Мұсылмандарға қанатыңды жай.

    15:88
  9. وَقُلْ إِنِّي أَنَا النَّذِيرُ الْمُبِينُ

    “Шын мәнінде мен сендерге ашық ескертушімін” де.

    15:89
  10. كَمَا أَنْزَلْنَا عَلَى الْمُقْتَسِمِينَ

    Сөйтіп, бөлушілерге де Кітап түсірген едік. (Кітап иелері немесе Меккеліктер. Б.Ж.М.К.Р.Т.Х.Ж-Қ.)

    15:90
  11. الَّذِينَ جَعَلُوا الْقُرْآنَ عِضِينَ

    Олар, Құранды бөлшектегендер. (Інжіл, Тәуратқа сәйкеспейді және өлең, сиқыр, бақсылық, ертегі т.б. деп тоғыз саққа жүгірткендер.)

    15:91
  12. فَوَرَبِّكَ لَنَسْأَلَنَّهُمْ أَجْمَعِينَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңа серт, әлбетте оларды түгел сұраққа тартамыз;

    15:92
  13. عَمَّا كَانُوا يَعْمَلُونَ

    Олардың қылған қылықтарынан.

    15:93
  14. فَاصْدَعْ بِمَا تُؤْمَرُ وَأَعْرِضْ عَنِ الْمُشْرِكِينَ

    саған берілген бұйрықты ашық ұқтыр да шерік қатушылардан бет бұр.

    15:94
  15. إِنَّا كَفَيْنَاكَ الْمُسْتَهْزِئِينَ

    Рас сені мазақтаушыларға қарсы Біз жетіп асамыз.

    15:95
  16. الَّذِينَ يَجْعَلُونَ مَعَ اللَّهِ إِلَٰهًا آخَرَ ۚ فَسَوْفَ يَعْلَمُونَ

    Алламен бірге басқа тәңір қылып алғандар, әлі-ақ біледі.

    15:96
  17. وَلَقَدْ نَعْلَمُ أَنَّكَ يَضِيقُ صَدْرُكَ بِمَا يَقُولُونَ

    Расында олардың айтқандарына көңліңнің тарайғанын білеміз.

    15:97
  18. فَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ وَكُنْ مِنَ السَّاجِدِينَ

    Енді Раббыңды пәктеп, дәріптеп сәжде етушілерден бол.

    15:98
  19. وَاعْبُدْ رَبَّكَ حَتَّىٰ يَأْتِيَكَ الْيَقِينُ

    Раббыңа, саған өлім келгенге дейін құлшылық қыл.

    15:99

Аударма: Халифа Алтай