Сүре 2 әл-Бақара (Сиыр), аят 116
-
وَقَالُوا اتَّخَذَ اللَّهُ وَلَدًا ۗ سُبْحَانَهُ ۖ بَلْ لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ كُلٌّ لَهُ قَانِتُونَ
Олар: «Алла, бала иемденді» деді. Ол, баладан пәк. (Яһудилер: Ғұзайыр Ғ.С. ды, Христиандар: «Ғиса Ғ.С. ды, Араптар: Періштелерді Алланың баласы» деді. Дегенмен көктер мен жердегі нәрселер Оныкі. Олар, түгел Оған бой ұсынады.
2:116
Аударма: Халифа Алтай