Сүре 2 әл-Бақара (Сиыр), аят 41
-
وَآمِنُوا بِمَا أَنْزَلْتُ مُصَدِّقًا لِمَا مَعَكُمْ وَلَا تَكُونُوا أَوَّلَ كَافِرٍ بِهِ ۖ وَلَا تَشْتَرُوا بِآيَاتِي ثَمَنًا قَلِيلًا وَإِيَّايَ فَاتَّقُونِ
Жандарыңдағы Тәуратты растаушы Мен түсірген Құранға сеніңдер. Сондай-ақ оған алғаш қарсы келушілерден болмаңдар. Және де аяттарымды аз ғана бағаға айырбастамаңдар (дүниелік үшін бұрмаламаңдар) да Менен ғана қорқыңдар.
2:41
Аударма: Халифа Алтай