Сүре 2 әл-Бақара (Сиыр)

  1. وَإِذْ قُلْتُمْ يَا مُوسَىٰ لَنْ نَصْبِرَ عَلَىٰ طَعَامٍ وَاحِدٍ فَادْعُ لَنَا رَبَّكَ يُخْرِجْ لَنَا مِمَّا تُنْبِتُ الْأَرْضُ مِنْ بَقْلِهَا وَقِثَّائِهَا وَفُومِهَا وَعَدَسِهَا وَبَصَلِهَا ۖ قَالَ أَتَسْتَبْدِلُونَ الَّذِي هُوَ أَدْنَىٰ بِالَّذِي هُوَ خَيْرٌ ۚ اهْبِطُوا مِصْرًا فَإِنَّ لَكُمْ مَا سَأَلْتُمْ ۗ وَضُرِبَتْ عَلَيْهِمُ الذِّلَّةُ وَالْمَسْكَنَةُ وَبَاءُوا بِغَضَبٍ مِنَ اللَّهِ ۗ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ كَانُوا يَكْفُرُونَ بِآيَاتِ اللَّهِ وَيَقْتُلُونَ النَّبِيِّينَ بِغَيْرِ الْحَقِّ ۗ ذَٰلِكَ بِمَا عَصَوْا وَكَانُوا يَعْتَدُونَ

    Сол уақытта естеріңе алыңдар! “Әй Мұса! Бір-ақ түрлі тамаққа (Мәнна, Салуаға) сабыр ете алмаймыз. Біз үшін Раббыңа жалбарын, бізге жерден өсетін, көк өнісінен қиярынан, бидайынан, бұршағынан және сарымсағынан шығарсын” дедіңдер. Мұса (Ғ.С.): “Сондай ол сапалы нәрсені, бұл сапасыз нәрселерге ауыстырмақшысыңдар ма? Бір қалаға түсіңдер, онда әрине қалағандарың бар” деді. (Сондықтан) оларға қорлық, жоқшылық жүктеліп, Алла (Т.) ның ашуына ұшырады. Бұл олардың, Алланың аяттарына қарсы келулері және жазықсыз пайғамбарларды өлтірулері сондай-ақ өстіп қарсы келіп, шектен шығулары себепті.

    2:61
  2. إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَالَّذِينَ هَادُوا وَالنَّصَارَىٰ وَالصَّابِئِينَ مَنْ آمَنَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ وَعَمِلَ صَالِحًا فَلَهُمْ أَجْرُهُمْ عِنْدَ رَبِّهِمْ وَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ

    Расында сондай иман келтіргендер, Яһудилер, Христиандар және Сабилар болып, кім Аллаға, ақырет күніне сенсе, Раббыларының қасында сыйлық бар. Оларға қорқыныш жоқ. Әрі олар қайғырмайды.

    2:62
  3. وَإِذْ أَخَذْنَا مِيثَاقَكُمْ وَرَفَعْنَا فَوْقَكُمُ الطُّورَ خُذُوا مَا آتَيْنَاكُمْ بِقُوَّةٍ وَاذْكُرُوا مَا فِيهِ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ

    Сол уақытта сендерден (Тәуратты қабылдауға) уәде алған едік. Үстеріңе Тұр тауын көтеріп тұрып: “Сендерге берілген (Тәуратты) мықты ұстап, ондағы әмірлерімді елеп, ескеріңдер әрине сақтанған боласыңдар” деген едік.

    2:63
  4. ثُمَّ تَوَلَّيْتُمْ مِنْ بَعْدِ ذَٰلِكَ ۖ فَلَوْلَا فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُ لَكُنْتُمْ مِنَ الْخَاسِرِينَ

    Оның артынан тағы қайталаған едіңдер. Сонда сендерге Алланың кеңшілігі, мейірімі болмаса, әлбетте зиянға ұшыраушылардан болар едіңдер.

    2:64
  5. وَلَقَدْ عَلِمْتُمُ الَّذِينَ اعْتَدَوْا مِنْكُمْ فِي السَّبْتِ فَقُلْنَا لَهُمْ كُونُوا قِرَدَةً خَاسِئِينَ

    Расында сендерден сенбі күні шектен шыққандарды білесіңдер, сонда оларға: “Маймыл болып, қор болыңдар” деген едік.

    2:65
  6. فَجَعَلْنَاهَا نَكَالًا لِمَا بَيْنَ يَدَيْهَا وَمَا خَلْفَهَا وَمَوْعِظَةً لِلْمُتَّقِينَ

    Сонда ол жазаны, ілгері-кейінгілерге үлгі әрі сақтанушыларға насихат қылдық.

    2:66
  7. وَإِذْ قَالَ مُوسَىٰ لِقَوْمِهِ إِنَّ اللَّهَ يَأْمُرُكُمْ أَنْ تَذْبَحُوا بَقَرَةً ۖ قَالُوا أَتَتَّخِذُنَا هُزُوًا ۖ قَالَ أَعُوذُ بِاللَّهِ أَنْ أَكُونَ مِنَ الْجَاهِلِينَ

    Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) қаумына: “Алла, бір сиыр бауыздауларыңды бұйырды” деді. Олар: “Бізді келемеж қыласың ба?”,-деді. Мұса (Ғ.С.): “Надандардан болудан Аллаға сиынамын” деді.

    2:67
  8. قَالُوا ادْعُ لَنَا رَبَّكَ يُبَيِّنْ لَنَا مَا هِيَ ۚ قَالَ إِنَّهُ يَقُولُ إِنَّهَا بَقَرَةٌ لَا فَارِضٌ وَلَا بِكْرٌ عَوَانٌ بَيْنَ ذَٰلِكَ ۖ فَافْعَلُوا مَا تُؤْمَرُونَ

    Олар: “Раббыңа біз үшін жалбарыншы, бізге оның не екенін білдірсін” деді. (Мұса Ғ.С.): “Алла, ол сиыр кәрі де емес, жас та емес, соның арасында” дейді. “Ал енді бұйрылғанды орындаңдар” деді.

    2:68
  9. قَالُوا ادْعُ لَنَا رَبَّكَ يُبَيِّنْ لَنَا مَا لَوْنُهَا ۚ قَالَ إِنَّهُ يَقُولُ إِنَّهَا بَقَرَةٌ صَفْرَاءُ فَاقِعٌ لَوْنُهَا تَسُرُّ النَّاظِرِينَ

    Олар: “Раббыңа біз үшін жалбарыншы, бізге оның түсін білдірсін” десті. (Мұса Ғ.С.): “Алла, ол сап-сары сиыр, оның өңі көрушілерді сүйіндіреді дейді” деді.

    2:69
  10. قَالُوا ادْعُ لَنَا رَبَّكَ يُبَيِّنْ لَنَا مَا هِيَ إِنَّ الْبَقَرَ تَشَابَهَ عَلَيْنَا وَإِنَّا إِنْ شَاءَ اللَّهُ لَمُهْتَدُونَ

    Олар тағы: «Раббыңа біз үшін жалбарыншы, о немене? Бізге білдірсін. Өйткені бізге (басқа сиырға) ұқсас келді. Әрине Алла қаласа тура жолда боламыз» десті.

    2:70
  11. قَالَ إِنَّهُ يَقُولُ إِنَّهَا بَقَرَةٌ لَا ذَلُولٌ تُثِيرُ الْأَرْضَ وَلَا تَسْقِي الْحَرْثَ مُسَلَّمَةٌ لَا شِيَةَ فِيهَا ۚ قَالُوا الْآنَ جِئْتَ بِالْحَقِّ ۚ فَذَبَحُوهَا وَمَا كَادُوا يَفْعَلُونَ

    (Мұса Ғ.С.) расында Алла: «Ол сиыр қорлық көрмеген, жер жыртпаған, дін аман онда дақ жоқ дейді» деді. Олар: «Міне, әзір шындықты келтірдің» десті. Сонда олар, істегілері келмесе де оны бауыздады. (Қайта- қайта сұрақ қойып жүріп әрең орындады.)

    2:71
  12. وَإِذْ قَتَلْتُمْ نَفْسًا فَادَّارَأْتُمْ فِيهَا ۖ وَاللَّهُ مُخْرِجٌ مَا كُنْتُمْ تَكْتُمُونَ

    Сол уақытта біреуді өлтірдіңдер де сол жөнде таластыңдар. Алла жасырғандарыңды ортаға шығарды.

    2:72
  13. فَقُلْنَا اضْرِبُوهُ بِبَعْضِهَا ۚ كَذَٰلِكَ يُحْيِي اللَّهُ الْمَوْتَىٰ وَيُرِيكُمْ آيَاتِهِ لَعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ

    Сөйтіп өлікті оның кейбір мүшесімен қағындар дедік. Алла осылайша, өлікті тірілтіп сендерге белгілерін көрсетеді. Әрине ойланарсыңдар.

    2:73
  14. ثُمَّ قَسَتْ قُلُوبُكُمْ مِنْ بَعْدِ ذَٰلِكَ فَهِيَ كَالْحِجَارَةِ أَوْ أَشَدُّ قَسْوَةً ۚ وَإِنَّ مِنَ الْحِجَارَةِ لَمَا يَتَفَجَّرُ مِنْهُ الْأَنْهَارُ ۚ وَإِنَّ مِنْهَا لَمَا يَشَّقَّقُ فَيَخْرُجُ مِنْهُ الْمَاءُ ۚ وَإِنَّ مِنْهَا لَمَا يَهْبِطُ مِنْ خَشْيَةِ اللَّهِ ۗ وَمَا اللَّهُ بِغَافِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ

    Және содан кейін де жүректерің қатайып, тастай немесе тағы қаттырақ болды. Өйткені тастар жарылып, одан өзендер ағады. Әрі кей тастар қақ бөлініп, одан су шығады. Әрине кей тастар Алладан қорқып, құлайды. Алла істегендеріңнен ғапыл емес.

    2:74
  15. أَفَتَطْمَعُونَ أَنْ يُؤْمِنُوا لَكُمْ وَقَدْ كَانَ فَرِيقٌ مِنْهُمْ يَسْمَعُونَ كَلَامَ اللَّهِ ثُمَّ يُحَرِّفُونَهُ مِنْ بَعْدِ مَا عَقَلُوهُ وَهُمْ يَعْلَمُونَ

    (Мұсылмандар!) Олардың сендерге сенетіндіктерін үміт қыласыңдар ма? Әрине олардың Алланың сөзін (Тәуратты) тыңдайтын бір тобы бар еді. (Ғалымдары ) Олар оған түсініп болғаннан кейін (Мұғаммед Ғ.С. ның сипаттарын) біле тұра өзгертті.

    2:75
  16. وَإِذَا لَقُوا الَّذِينَ آمَنُوا قَالُوا آمَنَّا وَإِذَا خَلَا بَعْضُهُمْ إِلَىٰ بَعْضٍ قَالُوا أَتُحَدِّثُونَهُمْ بِمَا فَتَحَ اللَّهُ عَلَيْكُمْ لِيُحَاجُّوكُمْ بِهِ عِنْدَ رَبِّكُمْ ۚ أَفَلَا تَعْقِلُونَ

    Ал қашан олар мүміндерге кездессе: «Біз де иман келтірдік» деп, егер олар бір-бірімен жекелене қалса (бастықтары, адамдарына): «Алланың сендерге ашқан сырын, (Тәураттағы Мұғаммед Ғ.С. ның сипаттарын) Мұсылмандардың сендерге раббыларыңның қасында дәлелдеулері үшін оларға айтасыңдар ма? Түсінбейсіңдер ма?»,- дейді.

    2:76
  17. أَوَلَا يَعْلَمُونَ أَنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ مَا يُسِرُّونَ وَمَا يُعْلِنُونَ

    Олар білмей ме? Негізінде Алла (Т.) олардың қөрнеу, көмес істегендерін біледі.

    2:77
  18. وَمِنْهُمْ أُمِّيُّونَ لَا يَعْلَمُونَ الْكِتَابَ إِلَّا أَمَانِيَّ وَإِنْ هُمْ إِلَّا يَظُنُّونَ

    Олардың ішінде надандары да бар. Кітапты білмейді. Олар тек қана үйретіндіні және бос ойларды ғана ойлайды.

    2:78
  19. فَوَيْلٌ لِلَّذِينَ يَكْتُبُونَ الْكِتَابَ بِأَيْدِيهِمْ ثُمَّ يَقُولُونَ هَٰذَا مِنْ عِنْدِ اللَّهِ لِيَشْتَرُوا بِهِ ثَمَنًا قَلِيلًا ۖ فَوَيْلٌ لَهُمْ مِمَّا كَتَبَتْ أَيْدِيهِمْ وَوَيْلٌ لَهُمْ مِمَّا يَكْسِبُونَ

    Сондай Кітапты қолдарымен жазып, сонан соң аз ақшаға (дүниелікке) сату үшін: «Осы Алланың қасынан келгені» дегендерге нендей өкініш! Және олардың қол жазғандарына нендей өкініш! Сондай-ақ олардың табыстарына нендей өкініш!

    2:79
  20. وَقَالُوا لَنْ تَمَسَّنَا النَّارُ إِلَّا أَيَّامًا مَعْدُودَةً ۚ قُلْ أَتَّخَذْتُمْ عِنْدَ اللَّهِ عَهْدًا فَلَنْ يُخْلِفَ اللَّهُ عَهْدَهُ ۖ أَمْ تَقُولُونَ عَلَى اللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ

    Олар: «Бізді тозақ оты санаулы күндер ғана (ғазапта) ұстайды »дейді. (Мұғаммед Ғ.С.) оларға: «Алладан уәде алдыңдар ма? Алла уәдесін сірә бұзбайды. Немесе Аллаға білмегендеріңді айтасыңдар ма?»,- де.

    2:80

Аударма: Халифа Алтай