Сүре 2 әл-Бақара (Сиыр)
-
الَّذِينَ آتَيْنَاهُمُ الْكِتَابَ يَتْلُونَهُ حَقَّ تِلَاوَتِهِ أُولَٰئِكَ يُؤْمِنُونَ بِهِ ۗ وَمَنْ يَكْفُرْ بِهِ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْخَاسِرُونَ
Біз өздеріне Кітап бергендер, оны шынайы оқиды, міне солар иман келтіргендер. (Бұлар Ғабдолла Сәлем Ұлы және Хабаштықтар.) Кім Кітапқа қарсы келсе, сонда олар зиян етушілер.
2:121 -
يَا بَنِي إِسْرَائِيلَ اذْكُرُوا نِعْمَتِيَ الَّتِي أَنْعَمْتُ عَلَيْكُمْ وَأَنِّي فَضَّلْتُكُمْ عَلَى الْعَالَمِينَ
Әй Израил ұрпақтары! Сендерге берген нығметімді және сендерді әлемге үстем қылғанымды еске алыңдар.
2:122 -
وَاتَّقُوا يَوْمًا لَا تَجْزِي نَفْسٌ عَنْ نَفْسٍ شَيْئًا وَلَا يُقْبَلُ مِنْهَا عَدْلٌ وَلَا تَنْفَعُهَا شَفَاعَةٌ وَلَا هُمْ يُنْصَرُونَ
Және сондай күннен қорқыңдар. Ол күнде біреу үшін біреу күймейді де ешкімге болысу пайда бермейді. Сондай-ақ олар, ешкімнен көмек көре алмайды.
2:123 -
وَإِذِ ابْتَلَىٰ إِبْرَاهِيمَ رَبُّهُ بِكَلِمَاتٍ فَأَتَمَّهُنَّ ۖ قَالَ إِنِّي جَاعِلُكَ لِلنَّاسِ إِمَامًا ۖ قَالَ وَمِنْ ذُرِّيَّتِي ۖ قَالَ لَا يَنَالُ عَهْدِي الظَّالِمِينَ
Сол уақытты еске ал! Ыбырайым (Ғ.С.) ды Раббы сөздермен сынады. Сонда ол, оларды толық орындады. Алла: «Әрине сені адамдарға басшы қыламын.» деді. Ол: «Ұрпақтарымнан да өте көр!»,- деді. Алла: «(Ұрпақтарыңнан) залымдар сертіме жете алмайды» деді. (Бұл сынау сөздер туралы тәпсілерде түрлі баяндар бар.)
2:124 -
وَإِذْ جَعَلْنَا الْبَيْتَ مَثَابَةً لِلنَّاسِ وَأَمْنًا وَاتَّخِذُوا مِنْ مَقَامِ إِبْرَاهِيمَ مُصَلًّى ۖ وَعَهِدْنَا إِلَىٰ إِبْرَاهِيمَ وَإِسْمَاعِيلَ أَنْ طَهِّرَا بَيْتِيَ لِلطَّائِفِينَ وَالْعَاكِفِينَ وَالرُّكَّعِ السُّجُودِ
Сол уақытта үйді (Қағбаны) адам баласы үшін орталық әрі бейбітшілік орны етіп жасадық. Ыбырайым (Ғ.С.) ның орнынан намаз орны қылып алыңдар. Және Ыбырайым, Ысмайыл (Ғ.С.) екеуінен: «Үйімді (Қағбаны) тауап етушілер, ғибадатқа отырушылар және рүкүғ, сәжде қылушылар үшін тап-таза ұстаңдар» деп, уәде алғанбыз.
2:125 -
وَإِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ رَبِّ اجْعَلْ هَٰذَا بَلَدًا آمِنًا وَارْزُقْ أَهْلَهُ مِنَ الثَّمَرَاتِ مَنْ آمَنَ مِنْهُمْ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ ۖ قَالَ وَمَنْ كَفَرَ فَأُمَتِّعُهُ قَلِيلًا ثُمَّ أَضْطَرُّهُ إِلَىٰ عَذَابِ النَّارِ ۖ وَبِئْسَ الْمَصِيرُ
Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.): «Раббым! Бұны бір тыныш қала қыла көр! және оның тұрғындарынан кім Аллаға, ахирет күніне иман келтірсе, әр түрлі өнімдермен ризықтандыр» деп, жалбарынды. (Раббы): «Кім қарсы болса, оны да аз (күнгі дүниеде) пайдаландырамын, сонан соң оны (ахиретте) от азабына зорлаймын. Ол, барар орынның жаманы» деді.
2:126 -
وَإِذْ يَرْفَعُ إِبْرَاهِيمُ الْقَوَاعِدَ مِنَ الْبَيْتِ وَإِسْمَاعِيلُ رَبَّنَا تَقَبَّلْ مِنَّا ۖ إِنَّكَ أَنْتَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Сол уақта Ыбырайым мен Ысмайыл (Ғ.С.) үйдің (Қағбаның) ірге тасын көтере: «Бізден қабыл айла, күдіксіз Сен тілекті тым естуші, толық білушісің.»
2:127 -
رَبَّنَا وَاجْعَلْنَا مُسْلِمَيْنِ لَكَ وَمِنْ ذُرِّيَّتِنَا أُمَّةً مُسْلِمَةً لَكَ وَأَرِنَا مَنَاسِكَنَا وَتُبْ عَلَيْنَا ۖ إِنَّكَ أَنْتَ التَّوَّابُ الرَّحِيمُ
«Раббымыз, екеумізді де өзіңе бой ұсынушы қыл, ұрпақтарымыздан да өзіңе бой ұсынушы бір үммет қыла көр, әрі бізге хаж ғамалдарымызды көрсетіп, тәубелерімізді қабыл айла, әлбетте Сен өзің тәубені қабыл етуші, ерекше мейрімдісің!»
2:128 -
رَبَّنَا وَابْعَثْ فِيهِمْ رَسُولًا مِنْهُمْ يَتْلُو عَلَيْهِمْ آيَاتِكَ وَيُعَلِّمُهُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَيُزَكِّيهِمْ ۚ إِنَّكَ أَنْتَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
«Раббымыз ұрпағымыздың ішіне өздерінен, оларға аяттарыңды оқитын, Кітапты әрі үкімдерін үйретіп, оларды тазартатын бір елші жібергейсің, күдіксіз Сен өзің ғана аса үстем, өте данасың» (деп жалбарынды. Ыбырайым Ғ.С. ның тілегі бойынша Мұхаммед Ғ.С. елші болып келді.
2:129 -
وَمَنْ يَرْغَبُ عَنْ مِلَّةِ إِبْرَاهِيمَ إِلَّا مَنْ سَفِهَ نَفْسَهُ ۚ وَلَقَدِ اصْطَفَيْنَاهُ فِي الدُّنْيَا ۖ وَإِنَّهُ فِي الْآخِرَةِ لَمِنَ الصَّالِحِينَ
Өзін білмеген ақылсыздан басқа кім Ыбырайым (Ғ.С.) ның жолынан бет бұрады? Расында оны дүниеде таңдадық әрі күдіксіз ол, ахиретте де игілерден болады.
2:130 -
إِذْ قَالَ لَهُ رَبُّهُ أَسْلِمْ ۖ قَالَ أَسْلَمْتُ لِرَبِّ الْعَالَمِينَ
Бір кезде Раббы оған: «Бой ұсын!»,- деді. Ол: «үкіл әлемнің Раббына бой ұсындым» деді.
2:131 -
وَوَصَّىٰ بِهَا إِبْرَاهِيمُ بَنِيهِ وَيَعْقُوبُ يَا بَنِيَّ إِنَّ اللَّهَ اصْطَفَىٰ لَكُمُ الدِّينَ فَلَا تَمُوتُنَّ إِلَّا وَأَنْتُمْ مُسْلِمُونَ
Ыбырайым (Ғ.С.) бұны ұлдарына өсиет етті және Яғқұп (Ғ.С.) да: «Әй ұлдарым! Әрине Алла сендер үшін осы дінді ұнатты, сондықтан сендер нағыз Мұсылман болып өліңдер» деді.
2:132 -
أَمْ كُنْتُمْ شُهَدَاءَ إِذْ حَضَرَ يَعْقُوبَ الْمَوْتُ إِذْ قَالَ لِبَنِيهِ مَا تَعْبُدُونَ مِنْ بَعْدِي قَالُوا نَعْبُدُ إِلَٰهَكَ وَإِلَٰهَ آبَائِكَ إِبْرَاهِيمَ وَإِسْمَاعِيلَ وَإِسْحَاقَ إِلَٰهًا وَاحِدًا وَنَحْنُ لَهُ مُسْلِمُونَ
Яғқұп (Ғ.С.) қа өлім келген сәтте, балаларына: «Неменеге құлшылық қыласыңдар?»,- дегенде, барма едіңдер? Сонда олар: «Сенің Тәңіріңе, аталарыңның Тәңіріңе: Ысмайыл, Ысхақтың бір- ақ Тәңіріңе құлшылық қыламыз. Сондай-ақ Соған бой ұсынамыз» деген еді.
2:133 -
تِلْكَ أُمَّةٌ قَدْ خَلَتْ ۖ لَهَا مَا كَسَبَتْ وَلَكُمْ مَا كَسَبْتُمْ ۖ وَلَا تُسْأَلُونَ عَمَّا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Міне солар бір үммет еді, өтіп кетті. Олардың еңбектері өздеріне, сендердің еңбектерің өздеріңе, сендер олардың істегендерінен сұралмайсыңдар. (Сондай-ақ бұл қылықтарыңмен олардан пайдалана алмайсыңдар)
2:134 -
وَقَالُوا كُونُوا هُودًا أَوْ نَصَارَىٰ تَهْتَدُوا ۗ قُلْ بَلْ مِلَّةَ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفًا ۖ وَمَا كَانَ مِنَ الْمُشْرِكِينَ
Олар: «Яһуди немесе Христиан болыңдар, тура жолда боласыңдар» деді. (Мұхаммед Ғ.С.) олай емес, Ыбырайым (Ғ.С.) ның тұп- тура жолындамыз, ол ортақ қосушылардан емес еді »де.
2:135 -
قُولُوا آمَنَّا بِاللَّهِ وَمَا أُنْزِلَ إِلَيْنَا وَمَا أُنْزِلَ إِلَىٰ إِبْرَاهِيمَ وَإِسْمَاعِيلَ وَإِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ وَالْأَسْبَاطِ وَمَا أُوتِيَ مُوسَىٰ وَعِيسَىٰ وَمَا أُوتِيَ النَّبِيُّونَ مِنْ رَبِّهِمْ لَا نُفَرِّقُ بَيْنَ أَحَدٍ مِنْهُمْ وَنَحْنُ لَهُ مُسْلِمُونَ
Және оларға: «Біз Аллаға, бізге түсірілген Құранға әрі Ыбырайым, Ысмайыл, ысхақ, Яғқұп (Ғ.С.) тарға, ұрпақтарына тағы Мұса, Ғиса (Ғ.С.) ға берілген нәрселерге сондай-ақ Раббылары тарапынан өзге пайғамбарларға берілген нәрселерге иман келтіріп әрі олардың араларын айырмаймыз. (бәріне де сенеміз) және біздер Ол Аллаға ғана бой ұсынушымыз» деңдер.
2:136 -
فَإِنْ آمَنُوا بِمِثْلِ مَا آمَنْتُمْ بِهِ فَقَدِ اهْتَدَوْا ۖ وَإِنْ تَوَلَّوْا فَإِنَّمَا هُمْ فِي شِقَاقٍ ۖ فَسَيَكْفِيكَهُمُ اللَّهُ ۚ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Сонда олар, егер сендер сенген сияқты сенсе, онда рас тура жол табар еді. Ал егер олар бет бұрса, сонда олар, мүлде жолдан шыққан болады. Сонда да алла сені олардан қорғауға жетіп асады. Ол Алла, (Т.) естуші, әр нәрсені білуші. (Христиандар, туған балаларын бір сары суға шомылдырып «тазарды» дейді. Алланың жаратқан өңі жақсы. Жасама түс не керек?
2:137 -
صِبْغَةَ اللَّهِ ۖ وَمَنْ أَحْسَنُ مِنَ اللَّهِ صِبْغَةً ۖ وَنَحْنُ لَهُ عَابِدُونَ
Өң Алланыкі, Өн (беру) де Алладан кім артық? Сондықтан біз Оған құлшылық қыламыз.
2:138 -
قُلْ أَتُحَاجُّونَنَا فِي اللَّهِ وَهُوَ رَبُّنَا وَرَبُّكُمْ وَلَنَا أَعْمَالُنَا وَلَكُمْ أَعْمَالُكُمْ وَنَحْنُ لَهُ مُخْلِصُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «біздің де сендердің де Раббыларың Алла жайында бізбен таласасыңдар ма? Біздің істегеніміз бізге, сендердің істегендерің, сендерге тән. Біз Аллаға нағыз ықыластымыз» де.
2:139 -
أَمْ تَقُولُونَ إِنَّ إِبْرَاهِيمَ وَإِسْمَاعِيلَ وَإِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ وَالْأَسْبَاطَ كَانُوا هُودًا أَوْ نَصَارَىٰ ۗ قُلْ أَأَنْتُمْ أَعْلَمُ أَمِ اللَّهُ ۗ وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنْ كَتَمَ شَهَادَةً عِنْدَهُ مِنَ اللَّهِ ۗ وَمَا اللَّهُ بِغَافِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ
Немесе сендер: «Ыбырайым, Ысмайыл, Ысқақ, Яғқұп және ұрпақтары: Яһуди не Христиан еді» дейсіңдер ме? (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Сендер жақсы білесіңдер ме? Алла жақсы біле ме?»,- де. Жанындағы Алланың куәлігін (Алла білдіргенді) жасырғаннан кім залымырақ? Сондай-ақ Алла (Т.) істегендеріңнен ғапыл емес.
2:140
Аударма: Халифа Алтай