Сүре 46 әл-Ахқаф (Құм төбелер)

  1. حم

    Ұғымын Алла (Т.) біледі.

    46:1
  2. تَنْزِيلُ الْكِتَابِ مِنَ اللَّهِ الْعَزِيزِ الْحَكِيمِ

    Бұл Кітап тым үстем, хикмет иесі Алла тарапынан түсірілді.

    46:2
  3. مَا خَلَقْنَا السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا إِلَّا بِالْحَقِّ وَأَجَلٍ مُسَمًّى ۚ وَالَّذِينَ كَفَرُوا عَمَّا أُنْذِرُوا مُعْرِضُونَ

    Көктер мен жерді ері екі арасындағыларды шындық бойынша, бір мерзім белгілеп қана жараттық. Ал сондай қарсы болгандар, ескертілген нәрседен жалтаруда.

    46:3
  4. قُلْ أَرَأَيْتُمْ مَا تَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ أَرُونِي مَاذَا خَلَقُوا مِنَ الْأَرْضِ أَمْ لَهُمْ شِرْكٌ فِي السَّمَاوَاتِ ۖ ائْتُونِي بِكِتَابٍ مِنْ قَبْلِ هَٰذَا أَوْ أَثَارَةٍ مِنْ عِلْمٍ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) оларга: "Алладан өзге шоқынған нәрселеріңді көрдіңдер ме? Олар жер жүзінде не жаратты, маған көрсетіңдерші. Немесе олардың көктерде ортақтыгы бар ма? Егер шыншыл болсаңдар, маған бүдан бүрынғы бір кітап яки ғылми деректер келтіріңдер" де.

    46:4
  5. وَمَنْ أَضَلُّ مِمَّنْ يَدْعُو مِنْ دُونِ اللَّهِ مَنْ لَا يَسْتَجِيبُ لَهُ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ وَهُمْ عَنْ دُعَائِهِمْ غَافِلُونَ

    Алладан өзге қияметке дейін өзіне жауап бере алмайтын біреуге табынғаннан кім залымырақ? Әрине табынғандары олардың жалбаруларынан хабарсыз.

    46:5
  6. وَإِذَا حُشِرَ النَّاسُ كَانُوا لَهُمْ أَعْدَاءً وَكَانُوا بِعِبَادَتِهِمْ كَافِرِينَ

    Адамдар жиналған кезде, оларға табынғандары дүшпан болып, олардың өздеріне қглшылық қылғандықтарына қарсы шыгады. (19-С. 80-81-А.)

    46:6
  7. وَإِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ آيَاتُنَا بَيِّنَاتٍ قَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا لِلْحَقِّ لَمَّا جَاءَهُمْ هَٰذَا سِحْرٌ مُبِينٌ

    Оларға ап-ашық аяттарымыз оқылған кезде, сондай өздеріне келген шындыққа қарсы болғандар: "Мынау ашық бір сиқыр" дейді.

    46:7
  8. أَمْ يَقُولُونَ افْتَرَاهُ ۖ قُلْ إِنِ افْتَرَيْتُهُ فَلَا تَمْلِكُونَ لِي مِنَ اللَّهِ شَيْئًا ۖ هُوَ أَعْلَمُ بِمَا تُفِيضُونَ فِيهِ ۖ كَفَىٰ بِهِ شَهِيدًا بَيْنِي وَبَيْنَكُمْ ۖ وَهُوَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ

    Немесе олар: "Оны өзі жасады" дей ме? (Мгхаммед Ғ.С.): "Мтбада өзім жасаған болсам, сонда мені Алладан еш қорғай алмайсыңдар. Алла, ол жөнде не көкігендеріңді жақсы біледі. Сондай-ақ Ол, мені мен сендердің арамызға куәлікте жетіп асады. Және Ол, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді" де.

    46:8
  9. قُلْ مَا كُنْتُ بِدْعًا مِنَ الرُّسُلِ وَمَا أَدْرِي مَا يُفْعَلُ بِي وَلَا بِكُمْ ۖ إِنْ أَتَّبِعُ إِلَّا مَا يُوحَىٰ إِلَيَّ وَمَا أَنَا إِلَّا نَذِيرٌ مُبِينٌ

    (Мұхаммед Ғ.С.) оларга: "Мен елшілердің тұңғышы емеспін. Сондай-ақ маған әрі сендерге не істелетінін де білмеймін. Өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін. Және ашық бір ескертуші ғанамын" де.

    46:9
  10. قُلْ أَرَأَيْتُمْ إِنْ كَانَ مِنْ عِنْدِ اللَّهِ وَكَفَرْتُمْ بِهِ وَشَهِدَ شَاهِدٌ مِنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ عَلَىٰ مِثْلِهِ فَآمَنَ وَاسْتَكْبَرْتُمْ ۖ إِنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Көрдіңдер ме? Егер де Құран Алланың қасынан болып, сендер оған қарсы болсаңдар; сондай-ақ Израил үрпақтарынан бір куә, осы сияқты (Тәурат) ға қуә болып, кейін иман келтірсе де сендер менмесісеңдер, күдіксіз Алла залым елді тура жолға салмайды."

    46:10
  11. وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا لِلَّذِينَ آمَنُوا لَوْ كَانَ خَيْرًا مَا سَبَقُونَا إِلَيْهِ ۚ وَإِذْ لَمْ يَهْتَدُوا بِهِ فَسَيَقُولُونَ هَٰذَا إِفْكٌ قَدِيمٌ

    Сондай қарсы келгендер, иман келтіргендер үшін: "Егер (бүл дінде) игілік болса еді, олар бізден озбас еді. (Алдымен біз Мүсылман болар едік.)" деді. Онымен де тура жол таппағандықтан: "Бүл көне бір өтірік" деседі.

    46:11
  12. وَمِنْ قَبْلِهِ كِتَابُ مُوسَىٰ إِمَامًا وَرَحْمَةً ۚ وَهَٰذَا كِتَابٌ مُصَدِّقٌ لِسَانًا عَرَبِيًّا لِيُنْذِرَ الَّذِينَ ظَلَمُوا وَبُشْرَىٰ لِلْمُحْسِنِينَ

    Құраннан бүрын жолбасшы әрі игілік түрінде Мүса (Ғ.С.) ның кітабы бар еді. Міне осы Құран зүлымдық қылгандарға ескерту, жақсылық істеушілерді қуанту үшін арап тіліндегі растаушы бір Кітап.

    46:12
  13. إِنَّ الَّذِينَ قَالُوا رَبُّنَا اللَّهُ ثُمَّ اسْتَقَامُوا فَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ

    Күдіксіз сондай: "Раббымыз Алла" деп, сосын түп-тура кеткендер, оларға; хауіп-қатер жоқ. Әрі олар күйінбейді.

    46:13
  14. أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ الْجَنَّةِ خَالِدِينَ فِيهَا جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ

    Міне осылар жаннаттық. Ғамалдарының бодауы түрінде онда мәңгі қалады.

    46:14
  15. وَوَصَّيْنَا الْإِنْسَانَ بِوَالِدَيْهِ إِحْسَانًا ۖ حَمَلَتْهُ أُمُّهُ كُرْهًا وَوَضَعَتْهُ كُرْهًا ۖ وَحَمْلُهُ وَفِصَالُهُ ثَلَاثُونَ شَهْرًا ۚ حَتَّىٰ إِذَا بَلَغَ أَشُدَّهُ وَبَلَغَ أَرْبَعِينَ سَنَةً قَالَ رَبِّ أَوْزِعْنِي أَنْ أَشْكُرَ نِعْمَتَكَ الَّتِي أَنْعَمْتَ عَلَيَّ وَعَلَىٰ وَالِدَيَّ وَأَنْ أَعْمَلَ صَالِحًا تَرْضَاهُ وَأَصْلِحْ لِي فِي ذُرِّيَّتِي ۖ إِنِّي تُبْتُ إِلَيْكَ وَإِنِّي مِنَ الْمُسْلِمِينَ

    Адам баласына, әке-шешесіне жақсылық істеуді нүсқадық. Өйткені шешесі оны зорға көтеріп, әреқ босанады. Сондай-ақ оған жүкті болу, (сүттен) айыру отыз ай. Ақыр ол, ержетіп, қырық жасқа үласқан кезде: "Раббым! Өзіме әке-шешеме берген ныгметтеріңе шүкірлік етуімді, өзің разы болатын түзу ғамал істеуімді маган нәсіп ете көр! Менің үрпақтарымды да түзелт. Шын мәнінде, мен тәубе қылдым. Әрине мен бой үсынушыларданмын" деді.

    46:15
  16. أُولَٰئِكَ الَّذِينَ نَتَقَبَّلُ عَنْهُمْ أَحْسَنَ مَا عَمِلُوا وَنَتَجَاوَزُ عَنْ سَيِّئَاتِهِمْ فِي أَصْحَابِ الْجَنَّةِ ۖ وَعْدَ الصِّدْقِ الَّذِي كَانُوا يُوعَدُونَ

    Міне бүлар, Біз жақсы ғамалдарын қабыл етіп, жамандықтарын кешіретін жаннаттықтардың ішінде болады. БҮЛ, оларга етілген шынайы уәде.

    46:16
  17. وَالَّذِي قَالَ لِوَالِدَيْهِ أُفٍّ لَكُمَا أَتَعِدَانِنِي أَنْ أُخْرَجَ وَقَدْ خَلَتِ الْقُرُونُ مِنْ قَبْلِي وَهُمَا يَسْتَغِيثَانِ اللَّهَ وَيْلَكَ آمِنْ إِنَّ وَعْدَ اللَّهِ حَقٌّ فَيَقُولُ مَا هَٰذَا إِلَّا أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ

    Ал енді әлде кім, әке-шешесіне: "Түь! Екеуін де мені қайта тірілтіп, шығумен қорқытасыңдар ма? Расында менен бүрын қаншалаған нәсілдер өтіп кетті. (Олар тірілмеді)" деді. Әке-шешесі Аллаға жалбарынып: "Саған нендей өкініш! Иман келтір. Күдіксіз Алланың уәдесі хақ" дегенде, ол: "Бүл, бүрынғылардың гана ертегісі" деді.

    46:17
  18. أُولَٰئِكَ الَّذِينَ حَقَّ عَلَيْهِمُ الْقَوْلُ فِي أُمَمٍ قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلِهِمْ مِنَ الْجِنِّ وَالْإِنْسِ ۖ إِنَّهُمْ كَانُوا خَاسِرِينَ

    Міне осылар, бүрынғы өтіп кеткен, өздеріне делінген сөз бойынша азапқа душар болган жындар мен адамдар тобынан болады.

    46:18
  19. وَلِكُلٍّ دَرَجَاتٌ مِمَّا عَمِلُوا ۖ وَلِيُوَفِّيَهُمْ أَعْمَالَهُمْ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ

    Әркімнің ғамалы бойынша дәрежелері бар. Сондай-ақ өздеріне гамалдарының бодауы толық беріледі де оларға әділетсіздік етілмейді.

    46:19
  20. وَيَوْمَ يُعْرَضُ الَّذِينَ كَفَرُوا عَلَى النَّارِ أَذْهَبْتُمْ طَيِّبَاتِكُمْ فِي حَيَاتِكُمُ الدُّنْيَا وَاسْتَمْتَعْتُمْ بِهَا فَالْيَوْمَ تُجْزَوْنَ عَذَابَ الْهُونِ بِمَا كُنْتُمْ تَسْتَكْبِرُونَ فِي الْأَرْضِ بِغَيْرِ الْحَقِّ وَبِمَا كُنْتُمْ تَفْسُقُونَ

    Сондай қарсы болғандар, отқа төндірілген күні: "Дүние тіршілігінің қызығын көріп, одан пайдаландыңдар. Ал енді бүгін жер жүзінде орынсыз менменсіп, бүзақылық қылғандықтарың себепті қорлаушы азаппен жазаланасыңдар" (делінеді.)

    46:20

Аударма: Халифа Алтай